19.05.26

KazGASA-ға Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері келді

2026 жылғы 19 мамырда KazGASA-ға Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері — Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Sally Jane Axworthy және жаңадан тағайындалған сауда және инвестициялар жөніндегі директор Eva Shevchik келді.

Сапар аясында қонақтарға ХБК (KazGASA & KAU) кампусы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Делегация университет мұражайын, Ololo креативті хабын, мамандандырылған зертханалар мен оқу кеңістіктерін аралады. Сонымен қатар қонақтарға Charterhouse Almaty мектебінің құрылыс барысы таныстырылып, мектептің даму стратегиясы ұсынылды.

Елшілік өкілдеріне KazGASA қызметі, білім беру бағдарламалары, халықаралық бастамалар, университет инфрақұрылымы және сәулет, дизайн, құрылыс, инженерия және цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдері туралы ақпарат берілді.

Сапар барысында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, академиялық ортаны нығайтуға және практикаға бағытталған оқыту мен индустриямен өзара іс-қимылға негізделген заманауи білім беру кеңістіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу KazGASA-ның халықаралық байланыстарын нығайту, серіктестік қатынастарды дамыту және университетті халықаралық деңгейде ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы