2026 жылғы 21 мамырда KazGASA делегациясы ректор Бахтияр Сабденалиевтің жетекшілігімен Akademiialyq Adaldyq Ligasy Академиялық адалдық лигасы аясындағы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Maqsut Narikbayev University университетіне барды.
KazGASA делегациясының құрамына университет мектептерінің декандары мен әкімшілік бөлімшелерінің өкілдері кірді:
- Бахтияр Сабденалиев — KazGASA ректоры;
- Аяна Жуандыкова — HR-директор;
- Манас Хасенов — Сәулет мектебінің деканы;
- Оразалы Сейтказинов — Құрылыс мектебінің деканы;
- Турар Узакбаев — Дизайн мектебінің деканы;
- Алия Алдунгарова — Инженерия мектебінің деканы;
- Айсауле Айтбаева — Мансап орталығының жетекшісі.
Жұмыс сапары академиялық адалдық, білім сапасын басқару жүйесі, кадрлық әлеуетті дамыту және университеттің бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылы саласындағы үздік тәжірибелерді зерделеу мақсатында ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында KazGASA өкілдері университеттің кампусы мен білім беру инфрақұрылымымен танысып, сондай-ақ MNU басшылығы және академиялық қауымдастық өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулеріне қатысты.
Кездесу барысында академиялық адалдық қағидаларын білім беру және басқару үдерістеріне енгізу, білім сапасын ішкі бақылау тетіктері, алқалы басқару жүйесі және академиялық сапа комитеттерінің қызметі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар университеттердің жұмыс берушілермен өзара байланысын, студенттердің мансаптық траекторияларын дамыту, HR-стратегиялар мен академиялық ортадағы мықты корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Сапар барысында тараптар алдағы ынтымақтастық перспективаларын, бірлескен бастамаларды іске асыру және басқарушылық әрі білім беру тәжірибелерімен алмасу мәселелерін де талқылады.