19.03.26

KazGASA-да жасанды интеллект бойынша семинар өтті

2026 жылғы 19 наурызда KazGASA-да International Education Corporation және холдингтің білім беру ұйымдарының басшыларына арналған Freedom компаниясы ұйымдастырған жасанды интеллект бойынша семинар өтті. Іс-шараға IEC Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Әмірланұлы Құсайынов қатысты.

Семинар спикері – University of Unicorns ұйымының CEO-сы Жәнібек Серкулов. Үш сағаттық бағдарлама аясында ұйымдар қызметіне жасанды интеллектті енгізудің негізгі тәсілдері, сондай-ақ білім беру ортасын цифрлық трансформациялау перспективалары қарастырылды.

Семинардың негізгі тақырыптары:

  • AI-powered компанияға трансформациялану жолы: негізгі көрсеткіштер және AI-стратегияны қалыптастыру;
  • білім беру саласында жасанды интеллектті қолданудың практикалық кейстері.

Осындай іс-шаралар басқарушылық командалардың цифрлық құзыреттерін дамытуға және білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды