21.05.25

KazGASA-да студенттерді марапаттау рәсімі KazGASA Awards 2025 өтті

2025 жылғы 21 мамырда KazGASA оқу жылының қорытындысына арналған KazGASA Awards» салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара академиялық және оқу үдерісінен тыс өмірге белсене қатысқан студенттердің еңбегін мойындау дәстүріне айналды.

Салтанатты кешті ректор Имандосова Маргарита Булатовна ашып, студенттік бастамалар, көшбасшылық және әлеуметтік жауапкершіліктің қазіргі заманғы білім беру кеңістігінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Рәсім аясында академиялық жетістіктер мен жоғары оқу орнының қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысқан студенттерге түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды. Ең жарқын номинациялар  қатарында: Жылдың үздік жобасы, Жылдың жарқын бастамасы, Жылдың үздік ашылуы, сондай-ақ алғыс хаттар мен дипломдар болды.

KazGASA Awards — бұл тек жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар студенттердің жеке және кәсіби дамуына, академияның өміріне белсенді араласуына түрткі болатын маңызды мотивациялық бастама.

Мұндай іс-шаралар белсенді академиялық қауымдастықты қалыптастыруға, таланттарды қолдауға және оқу орнындағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

Читать еще
Түркиядағы Түркі дүниесінің XII Халықаралық симпозиумы
ALCOR BIMDAY 2025 IX Халықаралық конференциясы
KazGASA-да біліктілікті арттыру семинары өтті
KazGASA-да студенттерді марапаттау рәсімі KazGASA Awards 2025 өтті