23.10.25

KazGASA-да Қазақстан Республикасының күні аталып өтті

25 қазан — Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Республика күні. Бұл күн еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігінің, сондай-ақ оның қарқынды дамуының символына айналды. Республика күні — халқымыздың демократиялық және әділетті қоғам құруға деген ұмтылысының көрінісі.

Осы маңызды күнге орай KazGASA-да мерекелік іс-шара өтті. 23 қазан күні бас оқу корпусында Құрылыс мектебінің студенттері оқытушылар мен қонақтарды оркестрдің әуенімен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген құрметтің жарқын үлгісі болып, Республика күнінің тәуелсіздік пен ел бірлігінің нышаны ретіндегі маңыздылығын еске салды.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды