27.03.26

KazGASA-да дизайн саласында жасанды интеллектті қолдану бойынша воркшоп өтті

2026 жылғы 27 наурызда KazGASA-да Дизайн мектебінің студенттеріне арналған «Дизайнерлер мен комплектаторларға арналған AI-платформаны меңгеру. Дизайн саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында воркшоп өтті.

Іс-шара «Дизайндағы заманауи материалдар» пәні аясында Pinteriors дизайн-студиясының қатысуымен ұйымдастырылды.

Воркшоп спикері ретінде Pinteriors студиясының проджект-директоры Артур Упадышев сөз сөйледі. Кездесу барысында студенттер дизайн тәжірибесінде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерімен, соның ішінде концепциялар әзірлеу, материалдарды таңдау және жобаларды комплектілеу үшін арнайы AI-платформаларды пайдалану жолдарымен танысты.

Воркшоп студенттерге заманауи дизайн индустриясында сұранысқа ие практикалық білім мен дағдыларды игеруге, сондай-ақ кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолданудың нақты кейстерімен танысуға мүмкіндік берді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA мен Konya Technical University ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы