2025 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен KazGASA «Алматы қаласының тұрақты дамуы урбанистика тұрғысынан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мегаполистің тұрақты даму мәселелері талқыланған іс-шара KazGASA мен ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 20-дан астам жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу институттары және жобалау мекемелері қатысты.
Дөңгелек үстелде стратегиялық келешек қана емес, урбанистикалық бастамаларды жүзеге асырудың нақты тетіктері де қарастырылды. Олардың ішінде қала құрылысы, цифрландыру, экология, көлік және сейсмикалық қауіпсіздік бағыттары бар.
Тұрақты даму мәселелерін талқылау барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының форсайт-зерттеулері мен KazGASA-ның мәселелерді шешудегі әлеуеті, Алматыдағы ғылыми зерттеулердің жай-күйі, перспективалары мен мәселелерін айқындайтын аналитикалық материалдар ұсынылды. Сондай-ақ мегаполисте жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің практикалық маңызы мен олардың болашақтағы даму бағыттарына ерекше көңіл бөлінді.
Дөңгелек үстел нәтижесінде ғалымдар мен сарапшылар Алматы қаласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, мегаполис мүддесіне жүзеге асыруға арналған ғылыми негізделген шешімдер дайындады. Іс-шараның қорытындысында KazGASA мен ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат бірлескен жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.