16.05.25

«FabLab макет шеберханасы» Fablabs.io халықаралық желісіне қосылды

Хасенов Мирас Манасұлының жетекшілігімен Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) базасында жұмыс істейтін «FabLab макет шеберханасы» сандық өндіріс зертханаларының халықаралық қауымдастығы — Fablabs.io құрамына ресми түрде қосылды.

Fablabs.io — бүкіл әлемдегі цифрлық зертханаларды біріктіретін халықаралық платформа. Бұл қауымдастықтың басты мақсаты — инновациялық және технологиялық мәдениетті дамыту, білім беру мен ғылыми-зерттеу бастамаларын қолдау, сондай-ақ білім мен техникалық шешімдермен еркін алмасуға арналған ашық орта құру.

Fablabs.io жаһандық желісіне қосылу — бұл ашық технологиялық өзара іс-қимыл, білім алуға қолжетімділік және бірлескен креативті өндіріс философиясы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестік деген сөз. Аталған желіге мүше болу студенттер, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, бұл — халықаралық жобалар мен білім беру бағдарламаларына қатысу, цифрлық прототиптеу мен инновациялық өндіріс саласындағы әлемдік тәжірибеге қол жеткізу, сондай-ақ әртүрлі елдердің зертханалары мен университеттерімен серіктестік орнату мен бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндігі.

Читать еще
Түркиядағы Түркі дүниесінің XII Халықаралық симпозиумы
ALCOR BIMDAY 2025 IX Халықаралық конференциясы
KazGASA-да біліктілікті арттыру семинары өтті
KazGASA-да студенттерді марапаттау рәсімі KazGASA Awards 2025 өтті