26.06.25

Цифрлық дағдылар қазіргі еңбек нарығына қалай бейімделуге көмектеседі?

Бүгінгі еңбек нарығы жас мамандардан кәсіби біліммен қатар, цифрлық құзыреттілікті де талап етеді. KazGASA студенттердің цифрлық дайындығы алғашқы курстардан басталады: оқу бағдарламаларына IT-сауаттылық, BIM-технологиялар, жобалық менеджмент және аналитика бойынша модульдер енгізілген. 2025 жылы студенттер Coursera халықаралық платформасында «Баршаға арналған жасанды интеллект» курсын аяқтап, заманауи технологиялық үрдістер туралы түсінігін кеңейтті.

KazGASA-дағы ерекше бағыттардың бірі — DronLab дрондар зертханасы. Мұнда студенттер ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды үйреніп, оларды сәулеттік зерттеулерде, аэрофототүсірілім мен нысандарды бақылауда тиімді қолдануда. Бұл дағдылар қала құрылысы мен инженерия салаларында аса сұранысқа ие.

Студенттердің еңбек нарығына практикалық бейімделуін KazGASA-ның мансап және тәжірибе орталығы қамтамасыз етеді. Орталық цифрлық және soft skills бойынша тренингтер, жұмыс берушілермен кездесулер мен жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Читать еще
Әскери ант қабылдау рәсімі
Диплом табыстау рәсімі
ХБК және Aeres Group (Нидерланды) агробілім беру саласындағы 
KazGASA-да қалалық мобильділік бойынша воркшоп өтті