16.05.25

«Central Asia 2025» халықаралық миссиясы аясындағы еуропалық университеттер делегациясының сапары

2025 жылғы 16 мамырда KazGASA Ұлыбритания мен Еуропаның тоғыз жетекші университетінің делегациясы «Central Asia 2025» халықаралық академиялық миссия аясында сапармен келді. Іс-шара Cormack Consultancy Group пен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Делегация құрамына келесі жоғары оқу орындарының өкілдері кірді: Aston University (Ұлыбритания), Bangor University (Ұлыбритания), Robert Gordon University (Ұлыбритания), University of Hull (Ұлыбритания), University of Salford (Ұлыбритания), Birkbeck, University of London, Бернайс университеті (Хорватия), Ньютон университеті (Чехия), Көлік және байланыс институты (Латвия).

Сапар аясында KazGASA басшылығымен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында мамандарды бірлесіп даярлау, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру және халықаралық ғылыми жобалар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, докторантураны қолдау және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Cormack Consultancy Group компаниясының CEE+ директоры Гинтарас Степонавичюс PhD бағдарламаларын әзірлеу барысында шетелдік сарапшылардың қатысуының маңыздылығын атап өтіп, KazGASA-мен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Аталған сапар KazGASA-ның академиялық байланыстарын кеңейту жолындағы маңызды кезеңге айналып, оқу орнының еуропалық білім кеңістігіне интеграциялануына жаңа серпін берді.



Читать еще
Түркиядағы Түркі дүниесінің XII Халықаралық симпозиумы
ALCOR BIMDAY 2025 IX Халықаралық конференциясы
KazGASA-да біліктілікті арттыру семинары өтті
KazGASA-да студенттерді марапаттау рәсімі KazGASA Awards 2025 өтті