28.11.25

Бүгінгі сәулетші: қалыптасу жолы, тәжірибесі және кәсіби құндылықтары

2025 жылғы 28 қарашада «Атрикс-Строй» ЖШС-нің Бас Жобалаушы Сәулетшісі, шығармашылық байқаулардың дипломанты, АСҚИ–KazGASA сәулет факультетінің түлегі Сақабай Нүрбайұлының «Қазіргі жағдайдағы сәулетшінің қалыптасу мәселелері: шығармашылық тұжырымдамалар және жалпы даярлық» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріс KazGASA Сәулет мектебінің «Қала құрылысы және жобалау негіздері» кафедрасының «Қала құрылысы» секциясының шығармашылық және әдістемелік қызметін жандандыру мақсатында «Сәулеттік-қалақұрылыстық типология» пәні аясында ұйымдастырылды.

Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, қызу пікірталасқа ұласты. Әртүрлі типологиялық топтар мен кезеңдерге жататын жобалар мысалында болашақ мамандар үшін зор тәрбиелік маңызы бар сәулетшінің қалыптасуындағы маңызды қырлар көрсетілді Іс-шара жоғары оқу орнының 45 жылдығына арналды және Alma Mater-дің әртүрлі ұрпақтары арасындағы сабақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды