06.04.26

Алматыда Қазақстан мен Әзербайжан ректорларының II форумы өтті:KazGASA халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

2026 жылғы 6 сәуірде Алматы қаласында Innotech powered by Arizona State University кампусы базасында Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы аясындағы негізгі іс-шаралар өтті. Форум екі ел арасындағы академиялық әріптестікті дамытуға бағытталды.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевтың қатысуымен жетекші университеттердің басшылары мен салалық ведомстволар өкілдері арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

KazGASA үшін форум аясында халықаралық білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған құжаттың қол қойылуы ерекше маңызға ие болды.

Форум барысында KazGASA мен Әзербайжан сәулет-құрылыс университеті (ӘзСҚУ) арасында халықаралық қос дипломды магистрлік бағдарлама бойынша хаттамаға қол қойылды.

Келісім құрылыс материалдары инженериясы бағыты бойынша магистранттарды бірлесіп даярлауды көздейді және келесі бағдарламаларды қамтиды:
— «Өнеркәсіптік инженерия» мамандығы (ӘзСҚУ);
— «Құрылыс материалдарының инженериясы» білім беру бағдарламасы (KazGASA).

Қос дипломды бағдарлама KazGASA студенттері үшін халықаралық білім алу, академиялық ұтқырлықты кеңейту және озық білім беру мен ғылыми тәжірибеге қол жеткізу мүмкіндіктерін ашады.

Читать еще
KazGASA-ның бірінші курс студенттеріне қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді
KazGASA-да ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тағайындалды
«Türkiye-Kazakistan Gençlik Köprüsü: Young Architects Workshop» халықаралық жобасы
KazGASA Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде — 2026 көшбасшылар қатарынан орын алды