07.06.25

Әскери кафедра студенттерінің Әскери ант қабылдау рәсімі

2025 жылғы 7 маусымда KazGASA Әскери кафедраның 145 студенті салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Рәсімнің ресми бөлімінде ректор Имандосова Маргарита Булатовна, Әскери кафедра бастығы полковник Умбетов Дархан Каблашович және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Тузиков Владимир Владимирович құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты шара әскери рәсімдер мен дәстүрлерге сай өтті. Студенттер Отанға адалдық танытып, оның тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға дайын екендерін білдіріп, ант қабылдады. Салтанатты бөлімнен кейін үздік студенттердің ата-аналарына академия басшылығының атынан алғыс хаттар табысталды. Іс-шара жаңадан тағайындалған запастағы сержанттардың саптық шеруімен аяқталды.

Читать еще
KazGASA-да «SOS Алматы Балалар ауылы» ЖБМ-нан алғыс хаттар табысталды
KazGASA-ның 45 жылдығына арналған салтанатты марапаттау рәсімі
KazGASA студенті халықаралық бокс турнирінің жүлдегері атанды
ҚХР білім беру ұйымдары делегациясының KazGASA-ға сапары