2025 жылғы 17 шілдеде KazGASA-да алғаш рет әскери кафедрада оқуды аяқтап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің запастағы офицері атағын алған 120 студенттің Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл маңызды оқиға корпорация мен әскери кафедра тарихындағы елеулі кезеңге айналды.
Рәсім ректор Маргарита Булатовна Имандосованың қатысушыларға арнаған құттықтау сөзімен ашылды. Салтанат әскери дәстүрлерге сай өткізілді, студенттер Отанға адалдық антын қабылдап, ел мүддесін қорғауға дайын екендерін мақтанышпен растады.
Іс-шараның ерекше сәті — 25 жылдан кейін ашылатын уақыт капсуласының салынуы болды. Салтанатты бөлім соңында үздік студенттердің ата-аналарына KazGASA басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды. Рәсім жаңадан тағайындалған запастағы офицерлердің саптық шеруімен аяқталды.