16.10.26

Профессор-оқытушылар құрамы арасында Erasmus+ International Credit Mobility (KA171) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған конкурс

KazGASA 2026–2027 оқу жылының екінші семестрінде Sapienza University of Rome (Италия) университетінде оқытушылық қызмет бойынша академиялық ұтқырлықтан өту үшін профессор-оқытушылар құрамы арасында Erasmus+ International Credit Mobility (KA171) бағдарламасы аясында конкурс жариялайды.

 

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру кезеңі: 2027 жылғы ақпан – шілде.

Болу ұзақтығы: 10 күн.

 

Бөлінген орындар саны – 3:

— Сәулет мектебі (ША) – 1 орын;

— Дизайн мектебі (ШД) – 1 орын;

— Құрылыс мектебі (ШС) – 1 орын.

 

Қажетті құжаттар:

— Паспорттың көшірмесі;

— Ағылшын тіліндегі түйіндеме (CV);

— Мотивациялық хат;

— Оқытушылық қызметтің алдын ала бағдарламасы (Teaching Mobility Agreement);

— Ғылыми жарияланымдар тізімі;

— Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (бар болған жағдайда).

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 19 қазан.

 

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру орны: Халықаралық бөлім, № 400 кабинет.

 

Маңызды ақпарат

Ішкі конкурстық іріктеуден сәтті өту гранттың берілуіне немесе кандидатураның түпкілікті мақұлдануына кепілдік бермейді. Ішкі конкурс нәтижелері бойынша KazGASA іріктелген кандидаттарды Erasmus+ KA171 бағдарламасына қатысу үшін ұсынады.

 

Грант бөлу және кандидаттарды қабылдау туралы түпкілікті шешімді ұсынылған өтінімдерді қарау нәтижесінде Sapienza University of Rome университеті қабылдайды.

Читать еще
KazGASA-да «Есептеу шеберханасы: жаңа шешімдердің таныстырылымы» атты семинар өтті
KazGASA Құрылыс мектебінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері салынып жатқан ірімшік өндіру зауытының құрылыс алаңына барды.
Профессор-оқытушылар құрамы арасында Erasmus+ International Credit Mobility (KA171) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған конкурс
KazGASA-да «Ready Player One — 2026» ауқымды студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті