23.06.25

Global Talent Scholarship

KazGASA шетел азаматтарына арналған «Global Talent Scholarship» арнайы стипендиялық бағдарламасын іске қосады. 

Бағдарлама Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ дарынды талапкерлерге бірінші оқу жылына 15%, 25%, 50% жеңілдіктер ұсынады.

Стипендия келесі кезеңдерден тұратын конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады:

  • аттестатты бағалау;
  • академиялық эссе;
  • әңгімелесу;
  • шығармашылық емтихандар (Сәулет және Дизайн мектептеріне түсушілер үшін).
    Өтініштерді қабылдау мерзімі: 20 маусым – 5 тамыз

Конкурстық комиссия отырысынан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде нәтижелер ресми сайтта жарияланады.

Читать еще
KazGASA-да Хансель Бауманның қонақ дәрісі өтті
KazGASA-да «Жобалық графика» пәнінен ашық сабақ өтті
KazGASA және Бейжің құрылыс және сәулет университеті қос дипломдық бағдарламаларды іске қосу туралы келісімдерге қол қойды
KazGASA Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі жанындағы Қытай ғылыми алмасу орталығы ұсынған Қазақстан жоғары оқу орындарының ресми тізіліміне енді