KazGASA ЮНЕСКО кафедрасының қызметі аясында және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен KazGASA сәулет мектебінің оқытушылары мен докторанттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қаратау өңірінің көне ескерткіштерінің бірі — Кұлан (VI–XIII ғғ.) қалашығында далалық зерттеулер жүргізді.
Құлан қалашығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген және Ұлы Жібек жолының бірегей мәдени ландшафтының құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында сарай кешенін, сирек кездесетін қабырға суреттерін зерделеуге және сол дәуірдің сәндік-қолданбалы өнерінің жоғары деңгейін айқындауға ерекше назар аударылуда.
Атқарылған жұмыс түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, университеттің ғылыми әлеуетін нығайту және ЮНЕСКО кафедрасын дамытуға бағытталған.