ӨРЕЛІ ТҰЛҒАНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ

Опросник

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Новости

Июль

26

Календарь мероприятий

0 событий в месяц
Главная страница → СМИ О КАЗГАСА / ПУБЛИКАЦИИ → ӨРЕЛІ ТҰЛҒАНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ

ӨРЕЛІ ТҰЛҒАНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деген халық сөзінің астарына үңілетін болсақ, қаншама мән мен мағына жатқанын аңғаруға болады. Ақыл дариясына айналған халқымыз елі үшін күйген, елін сүйген, жүрегі қашанда елім деп соққан әр ер мерейін ұлықтауды, ардақты есімдерін ұмыттырмауды мақсат еткен.  Дәл осы ой, осы жолда олардың атқарған кемел істерін ел жадында мәңгі сақтау үшін бабаларымыз тапсырған аманат секілді көрінеді. Әсіресе, халықтың басына келген ауыр, қауіп-қатерлерге толы жылдарда өз қара басынан гөрі елінің болашағын көбірек ойлайтын  азаматтар зор құрметке бөленіп отырған. Осындай зор мәртебеге ие жандардың бірі – Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев. Еліміз тәуелсіздігін енді алғанда, аяққа тұрып, алға қарай нық қадам басуына өз септігін тигізе отырып, көптеген қызметтерге араласа жүріп, сондағы қыруар шаруаларды жемісті атқарған ардақты азаматтың, мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен қызмет жолына бір шолу жасап өтсек. Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев 1937 жылы шілде айының 1-ші жұлдызында  Алматыда  дүниеге келген. Саяси қызметкер, ғалым, қоғам қайраткері Асқар Алтынбекұлы 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген соң инженер-техник болып жұмыс істейді және  осы салада әр түрлі қызметтер атқарып, қарым-қабілетін көрсетіп, білімін шыңдай түседі. 1975 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдайды (инженер-құрылысшы). 1981 жылы Алматыдағы Жоғарғы партия мектебін бітіреді. 1961-1983 жылдары Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инженер, басшылық қызметтер атқарады. 1983 жылы Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы  болып тағайындалады. Осы қызмет жолында елеулі істер тындырып, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың зор құрметіне бөленеді. 1985 жылы 23 жылы желтоқсанда Қонаевтың ұсынысымен Гурьев облысы (Атырау) партия комитетінің  бірінші хатшысы ретінде іске кіріседі.

Еңбек жолын алғаш қарапайым инженерден бастап, одан Қазақстанның сәулет-құрылыс саласының биікті маманы ретінде еңбек етті, содан кейін тұрғын үй-құрылыс министріне дейін көтерілді. Осы кезеңдерде республиканың кейбір тұралап қалған кәсіпорын, инженерлік және сәулет-құрылыс мекемелерінің қайта жандануына игі ықпалын тигізді. Әсіресе сәулет-құрылыс саласын жаңа белеске көтерді.

  Асқар Алтынбекұлы әр жылдары Алматы қалалық  халық  депутаттары кеңесінің төрағасы, Қазақ ССР Мемлекеттік сәулет-құрылыс  мекемесінің  төрағасы, Қазақ ССР Жоғары кеңесі Президиумының мүшесі және Гурьев облысы обкомының бірінші хатшысы болып жемісті еңбек істеді. Осы жылдары Қазақстанның қалыптасып көркеюіне үлкен өшпес  із қалдырды. Әсіресе қалалық облыстық, Қазақ ССР және ССРО Жоғарғы кеңестерінің  депутаты қызметінде халықтың әл-ауқатын көтеруде  жақсы абыройлы жұмыс атқарды.

  Кейінгі кезеңдерде «Қазақстан Жібек жолы» компаниясында және «АВЕ» корпорациясында президент болып жемісті жұмыс істеді. Мұнда да Асқар Алтынбекұлы ерен еңбектің үлгісін көрсетті.  Республикаға сіңірген көп жылғы еңбегін жоғары бағалап Қазақстан үкіметі әр жылдары: «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Отан» ордендерімен және көптеген медальдармен марапаттады, сонымен қоса Қазақстанмен Ресей арасында мәдени байланыстарды дамытқан үлесі үшін Ресейдің  «Дружба» орденімен құрметтелінді.

Еңбек жолында инженерлік саладағы жетістіктері жоғары бағаланып Халықаралық  МИА және ЮНЕСКО лауреаты атанып, оның алтын медалімен марапатталынды.

Асқар Алтынбекұлы адамгершіліктің  асыл қасиеттерін бойына сіңірген, үлкен жүректі  ерен тұлға. Ол әрқашан құрылыс академиясын қамқорлыққа алып қолдап келді. Сол үшін де академия ұжымы және студенттер қауымы құрметпен қарап, ризалығын білдіреді.

Асқар Алтынбекұлының кісілік қасиеті, азаматтық тұлғасы жөнінде ой қозғағанда, оның қырықтан асқан шағында Алматы қалалық атқару комитетінің тізгінін ұстауын ерекше атауға  болар еді. Кеңестік заманда Алматы сияқты үлкен мегополис әрі білдей бір республиканың астанасын басқару екінің біріне сеніп тапсырылмайтын. Сол кездің өзінде әлемдік стандарттарға сай «Арасан» сауықтыру кешені жобасына инженерлік жағынан жетекшілік еткен Асқар Алтынбекұлының тамаша ұйымдастырушылық, ұтымды іскерлік қабілетін дер кезінде байқаған басшылық оны қалалық атқару комитетіне төраға етіп тағайындайды. Асқар ағаның басшылығымен «Орбита», «Тастақ», «Айнабұлақ», «Ақсай» секілді мөлтекаудандар бой көтерді, АХБК Мәдениет сарайы, Әуезов атындағы қазақ драма театры салынып, қолданысқа берілді. Осы жылдары қақаған қыста ТЭЦ-2 жылу орталығында орын алған аварияны дер кезінде тоқтатудағы Асқар Алтынбекұлының жанкештілік еңбегін біреу білсе, біреу білмес. Бірақ бір анығы, осы кезеңде оның тамаша іскерлігіне, ұйымдастыру қабілетіне, басқарып отырған саланың күрделі мәселелерін шебер шеше білетіндігіне айналасындағылардың көзі тағы жетті.  

Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев туралы толғаныс жазудағы тағы бір қиын дүние - басталған әңгімені аяқтау, яғни нүкте қою. Себебі айтулы азамат, білгір басшы, көрнекті ғалым, адал дос  туралы жақсы әңгіме қашан да бітпек емес.

Ұлы тұлға тек көрнекті ғалым, кемел басшы ғана емес, сонымен бірге аяулы әке ретінде өз шаңырағыңыздың  тірегі болып отырғаныңыз дүйім жұртқа белгілі. Раиса жеңгеміз бен ат жалын тартып мінген ұлдарыңыз арасындағы жарасым тапқан  парасатты өміріңіз келер ұрпаққа өнеге.

 

ХБК ректоры

Сихимбаев С.Д