Аңыз адам

Опросник

Вам нравится учеба в КазГАСА?
  • ДА!!
  • Нет=(
  • Затрудняюсь ответить
  • Я здесь не учусь

Голосовать результаты

Новости

25

Сен

25-09-2017

UIA-2017

Группа архитекторов – профессора Факультета Архитектуры КазГАСА - Исходжанова Г.Р. (декан ФА), Абдрасилова Г.С., Козбагарова Н.Ж., Туякаева А.К., в составе делегации от Союза Архитекторов Казахстана приняли участие в работе XXVI Всемирного Международного конгресса Архитекторов («UIA-2017 Seoul World ArchitectsCongress») 3-7 сентября 2017 г. в г. Сеуле (Южная Корея).

далее >>

25

Сен

В этом году исполняется 25 лет специальности Дизайн, которая, как Вы все знаете, впервые в Казахстане была открыта в КазГАСА в 1992 году.

далее >>

Сентябрь

26

Календарь мероприятий

0 событий в месяц

Аңыз адам

Тума талант, тарихи тұлға Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев 80 жаста. Аты аңызға айналған, талантты тарланбоз Асқар Алтынбекұлының  атақ-даңқы, елге сіңірген ерен еңбегі туралы айтылар жақсы сөз таусылмақ емес.

Бүгін, яғни 29 мамыр 2017ж. күні Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында қазақтың біртуар перзенті, ірі ғалымы, барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған білікті ұстаз, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың 80 жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция  шымылдығын  ҚазБСҚА  президенті  т.ғ.д, профессор Ә.А. Құсайнов мырза кіріспе құттықтау сөзбен ашып берді. Кіріспе құттықтау сөздерден кейін конференцияға шақырылған төмендегі баяндамашылар баяндама оқыды. Конференцияға Өзбекстан елінен профессор каф. СМиХ, ТАСИ т.ғ.д, Касимов Э.У., Сирия елінен Talal Awwad, Сингапурдан ph.d. K.C.Patrick Low, Мысыр елінен El-Sayed Negim, ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Бисенов К.А., Павлодар қаласынан С.Торайғыров ат. ПМУ, т.ғ.д., СҚФ деканы Кудерин М.К., т.ғ.д., профессор  Аруова Л.Б.,  Қызылорда қаласынан  Қорқыт ата ат. ҚМУ, т.ғ.к., ассоц. профессор Даужанов Н.Т., ҚазБСҚА акад.проф., с.ө.д., Глаудинов Б.А., сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары қатысты. Баяндамашылар  заманауи проблемаларға, сондай-ақ заманауи ғылымның өзекті мәселелерімен даму перспективаларына көбірек тоқталды. Адамгершілік пен абырой туын әр кез биік ұстаған, еліне еңбегі сіңген, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асқар Алтынбекұлының мерей тойы қарсаңында  мұндай тағылымы биік ғылыми-практикалық конференциялар еліміздегі барлық  жоғары оқу орындарында өтсе де артық болмас деп ойлаймын.

Өмір атты ұлы көште, әр адам өзінше із тастап, керуен тартады. Әуелі ата-ана, бала-шаға деп басталатын адами ғұмыр – ауылым, туған жерім, елім деп өрбіген азаматтық рухта жалғасын табады. Міне осындай өнегелі ғұмыр иесінің бірі, ұлтқа қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Құлыбаев Асқар Алтынбекұлының бойындағы табиғи тазалық пен ерен еңбекқорлықтың, терең ақыл мен кісілік келбеттің, адамгершілікпен ұштасып жатқан салиқалы сарабдалықтың тамыры тым тереңде.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы осынау тарихи тағдырлы жеңістеріңізді зор алғыс сезімімен жоғары бағалай отырып, Қазақстанның құрылыс саласына сіңірген еңбегіңіз  үшін және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбектеріңіз үшін марқаяды. Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз!

Ғибратты 80 жыл, ізгілікпен өткен 80 жыл, адалдықпен өткен 80 жыл, үлгі боларлық, үлгі етерлік 80 жыл. Ғылымға арналған бір ғұмыр.

Халық ауыз әдебиетінің інжу-маржанын жинаушы, тарихшы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атамыз "Адамның да ішінде адалы бар»,-деген екен. Міне, осы өнегелі сөз  халқына қалтқысыз қызмет еткен  сізге арналғандай.

Ойымның соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде Абай атамыздың сөзін қолдансам деймін. «Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарайды»,-демекші сіздің өмірге деген сүйіспеншілігіңіз  бізге, келер ұрпаққа үлгі өнеге.

 

80 жас туған күніңіз құтты болсын,

Өміріңіз шаттық пен нұрға толсын!

Қызықты күндеріңіз арайланып,

Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын!

 

 

 

 

 

ҚазБСҚА, ЖГДФ проф.асситенті

Бөрібай Бибігүл Іліпбекқызы