ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

шілде

26

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Бос қызметтер

Бос қызметтер

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

 

         ҚазБСҚА-ны «үздік» деген бағаға бітірген және төмендегі мамандықтар бойынша өндірісте еңбек өтілі бар магистранттар ішінен профессор-оқытушылар құрамының бос қызмет орнын басуға конкурс жариялайды:  ӨАҚТ;  ҚМжКӨ; АӨТ; Геодезия.

 

ҚазБСҚА жанындағы лицейге математика пәнінің оқытушысы. Қойылатын талаптар: жоғары білікті мамандар, тиісті бағыттар бойынша педагогтар, жалпы білім беретін мектептерде (5-11 сынып) еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, педагог қызметкердің біліктілік санатының (1, 2 санат) және ұсыныстардың болуы.

Орташа еңбекақысы: 129 492 теңгеден басталады, лауазымына және санатына, сондай-ақ оқыту тіліне байланысты. 

Әкімшіліктік лауазымдар (проректорлар, факультет декандары, ҚазБСҚА жанындағы колледж және лицей директорлары). Қойылатын талаптар: сәулет-құрылыс бағытының маманы болуы, ғылыми дәрежесі болуы, мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, әкімшіліктік жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы, оқу үдерісін, мемлекеттік тілді, электронды құжат айналымын білуі, қалалық тіркелімі болуы.

ДОжТД-КТО директоры. Қойлатын талаптар: АТ саласында жоғары техникалық білімі, АК тәжірибелі пайдаланушысы (MS Office, браузерлер, графикалық/дизайн бағдарламалары), Google Analitycs, Liveinternet, Яндекс сияқты SEO үшін ғаламтор-сервистерді білуі. Метрика және Moodle жүйесінде жұмыс істеу дағдысы, АК қызмет көрсетуі бойынша үздік білім және жұмыс істеу дағдысы, PHP, HTML, CSS, Javascript білуі, графикалық бағдарламалар қоржыны, шығармашылық тәсілдеме, стандартты емес ойлау, жоғары еңбек қабілеттілігі, мемлекеттік тілді, электронды құжат айналымын білуі, қалалық тіркелімінің болуы құпталады.

Еңбекақысының жылдық қоры: 2 575 519 теңгеден басталады

ДОжТД-КТО бас маманы. Қойлатын талаптар: АТ саласында жоғары техникалық білімі, АК тәжірибелі пайдаланушысы (MS Office, браузерлер, графикалық/дизайн бағдарламалары), Google Analitycs, Liveinternet, Яндекс сияқты SEO үшін ғаламтор-сервистерді білуі. Метрика және Moodle жүйесінде жұмыс істеу дағдысы, АК қызмет көрсетуі бойынша үздік білім және жұмыс істеу дағдысы, PHP, HTML, CSS, Javascript білуі, графикалық бағдарламалар қоржыны, қалалық тіркелімінің болуы құпталады.

Еңбекақысының жылдық қоры: 2 943 432 теңгеден басталады

ЖПБ бас энергетигі. Қойлатын талаптар: жоғары білім, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, мемлекеттік тілді, электронды құжат айналымын білуі, қалалық тіркелімінің болуы, ұқыптылық, жаман әдеттерінің болмауы.

Еңбекақысының жылдық қоры: 2 207 585 теңгеден басталады

ЖПБ сантехнигі. Қойлатын талаптар: орта-техникалық білімінің болуы, мамандығы бойынша еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы, жылу техникасы негіздерін білуі, ілмекті арматураны жөндей алуы, қалалық тіркелімінің болуы, ұқыптылық, жаман әдеттерінің болмауы.

Еңбекақысының жылдық қоры: 1 655 683 теңгеден басталады

Гараж меңгерушісі. Қойлатын талаптар: жоғары білім, мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, мемлекеттік тілді, электронды құжат айналымын білуі, қалалық тіркелімінің болуы, ұқыптылық, жаман әдеттерінің болмауы.

Еңбекақысының жылдық қоры: 2 207 585 теңгеден басталады

Гараж жүргізушісі. Қойлатын талаптар: еңбек тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы, B, C, D, Е санатының болуы, қалалық тіркелімінің болуы, ұқыптылық, жаман әдеттерінің болмауы.

Еңбекақысының жылдық қоры: 1 655 683 теңгеден басталады

Ескерту: Барлық үміткерлер үшін міндетті: құжаттар қоржыны (жеке куәлік, зейнетақы шарты). Әлеуметтік қоржын, қызметтік көлік, 2-жылдан бастап «ХБК» АҚ үздіксіз еңбек өтілі үшін, жұмыс сапасы үшін, тілдерді білуі (мемлекеттік тіл, ағылшын тілі) және жұмыста қолданғаны үшін қосымша төлем.

 Түйіндеме факс бойынша жіберілсін: 309 63 03

050043, Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28 (Мустафин көшесінің қиылысы, Орбита ықшамауданынан төмен),

ҚазБСҚА Кадрлар департаменті

 

Анықтама үшін телефон: 309 63 03