ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

17

қар

2018-жылы ақпан айының 24-де (сенбі күні) сағ.10-00-14-00 дейін, 559-ші дәрісханада (5-ші қабат) Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының «Сәулет» факультетінде орта мектептер мен арнайы орта оқу орындарының оқушыларына арналған

толық >>

16

қар

ХБК кітапханасы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және рухани қайта өрлеу» атты қоғам қайраткері, атақты қазақстандық мәдениеттанушы және дипломат М.М.Әуезовпен кездесу өткізеді.

толық >>

қараша

19

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Сұрақ - жауап

Сұрақ - жауап

Сұрақ қойыңық

Оқу қазақ тілінде өтіледі ме? Мен 9 сыныпты биыл ауылдық жердегі мектепте бітіремін.

Берик 20 мамыр 2015

Оқу блогы

ҚазБСҚА жанындағы колледжде оқыту қазақ және орыс тілді топтарында жүргізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін 8/727/ 3800666 немесе 3097733 телефондары арқылы хабарлассаңыз болады.

дизайнер мамандығына шығармашылық емтихан тапсырмай ҰБТ балымен грантқа түсуге болама

Әсел 30 наурыз 2015

Разное

5В042100-Дизайн мамандығына түсу үшін ҰБТ жалпы баллы есепке алынбайды және кез келген таңдау пәнің таңдай аласыз. ҰБТ сертификатынан есепке алынатын пәндер: Оқыту тілі, Қазақстан тарихы. Қосымша екі шығармашылық емтихан тапсырылады: Сурет, Сызу. Осы жоғарыда аталған 4 пәннің қосындысы есептеледі. Ақылы түрде оқуға түсу үшін 50 балдан кем жинамауыңыз тиіс, оның ішінде кемінде 10 балл шығармашылық емтихан бойынша, ал қалған пәндерден кемінде 4 балл болуы қажет. Мемлекеттік грантқа түсу байқауын Білім және Ғылым министрілігі өткізеді, құжаттарды біздің оқу орнына тапсыру керек.

Толық мәлімет алу үшін 8/727/3800666 және 3097733 телефондар арқылы хабарлассаңыз болады.

Бакалавриатта және магистратурада оқудың ұзақтылығы қандай?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Бакалавриатта оқу ұзақтылығы – 4 жыл (Сәулет және Дизайн Факультеттерінде – 5 жыл).

Магистратурада профильдік бағыт бойынша оқу ұзақтылығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша - 2 жыл.

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарына түсу кезінде қандай шығармашылық емтихандар тапсырылады?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарына түсу кезінде сурет және сызудан шығармашылық емтихандар тапсырылады

ҚазБСҚА өз студенттерін шетелге оқуға жібере ме? Студенттер үшін қандай басқа сапарлар ұйымдастырылады?

05 наурыз 2013

Иә. Жыл сайын алмасу бағдарламалары бойынша байқау негізінде ҚазБСҚА 2 студенті Қолданбалы зерттеулер Университетіне (Германия, Эрфурт қ.) және 2 студент Сеул Университетіне (Оңтүстік Корея) жіберіледі.

Сонымен қатар, жыл сайын ҚазБСҚА 30-40 үздік студенттері жазғы танысу тәжірибесіне шет елдерге шығады (Египет, БАЭ, Италия, Қытай, Испания). Тағы да жылына екі реет (қысқа және жазғы демалыстарда) студенттер үшін шетел тіл мектептерінде ағылшын тілін оқыту (Ұлыбритания, Малайзия) ұйымдастырылады.

ҚазБСҚА халықаралық мойындалды ма? ҚазБСҚА шетел серіктестері кім?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

2007 жылы ЮНЕСКО және Сәулетшілердің Халықаралық Одағы (СХО) тексеріс нәтижесінде ҚазБСҚА «Сәулет» (бакалавриат) оқыту бағдрламасын халықаралық стандарттарға сай деп таныды және ҚазБСҚА-ға халықаралық аккредитация туралы сертификат тапсырды. 2011 жылы ҚазБСҚА «Сәулет» (бакалавриат) білім беру бағдарламасының халықаралық аккредитациясын ұзартты

Қол қойылған келісімдер негізінде ҚазБСҚА 44 шетел серіктестермен қызметтеседі, олардың ішінде – АҚШ, Ұлыбритания, Германия; Франция; Швеция; Италия; Швейцария; Бельгия; Болгария; польша; Оңтүстік Корея, Қытай, Турция, Үндістан, Балтия елдері, ТМД және басқа елдердің университеттері, кәсіби одақтары, қауымдастықтар, қорлар, компаниялар.

ҚазБСҚА-да ЖОО гранттары бар ма?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Иә. ҚазБСҚА-да байқау негізінде демеушілердің білім беру гранттарының және академияның «Scholarships» арнайы стипендиясының иегері болуға болады.

Аталған гранттарға ие болу құқығына орташа жалпы және орташа кәсіптік білімі бар, ҚазБСҚА-ға түсу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеуді сәтті тапсырған, бірақ мемлекеттік білім грантын немесе кредитін алу байқауынан өтпеген, келесі шарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының азаматтары ие болады:

• білім аттестатындағы немесе дипломдағы орташа балл 4.0 төмен емес;
• Сәулет және Дизаун факультеттеріне түсушілерге шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл алу.
Грантты тағайындау кезінде басымдылық құқыққа ие болады:

• жетім балалар;
• жағдайы нашар жанұялардан шыққан тұлғалар;
• көп балалы жанұядан шыққан тұлғалар (4 және одан да көп кәмелетке жетпеген бала бар болса).
«Scholarships» арнайы стипендиясы (мәтін бойынша әрі қарай – арнайы стипендия) ҚазБСҚА ақылы негізде оқитын, бірақ түрлі себептермен (жанұя жағдайы, денсаулық жағдайы, қаржылық мәселелер және т.б.) оқу ақысын төлеу мүмкіндігі жоқ ең дарынды магистранттарға тағайындалады.

ҚазБСҚА студенттері тәжірибеден қайдан өтеді?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Қол қойылған келесімдер негізінде ҚазБСҚА студенттері 144 тәжірибелер базаларында және 38 факультеттер филиалардарында өтеді. Бұл негізінен танымал ұйымдар – Қазақстандағы және шетелдегі ірі кәсіпорындар, жеке компаниялар.

ҚазБСҚА кітапханасы қазіргі заман талаптарына сай келе ма?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Иә. Кітапхана қоры қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі 500 мыңнан астам кітаптан және периодикалық басылымдардан тұрады. Кітапхана төрт қабатта орналасқан, 6 оқу залдары, 2 электрондық залы бар. Кітапхана Қазақстан Республикасының Кітапхана қауымдастығының мүшесі, жоғары оқу орындарының Кітапхана қауымдастығының мүшесі боып табылады, бұл студенттерге және оқытушыларға ҚР басқа ЖОО кітапханаларына қатынауға мүмкіндік береді.
Бет 1   1