ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

    Меню

Негізгі бет →  → Факультет өмірі

ЖЖҒДФ ФАКУЛЬТЕТ ӨМІРІ

Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз

 

Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыру ҚазБСҚА ұжымы үшін салт-дәстүрге айналған. 31 наурызда өткен мерекелік жиынға оқу ордасының барлық факультеті профессор оқытушылары мен қызметкерлері  және арнайы шақыртылған қонақтар қатысты. Көктемнің осы бір шуақты күні жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультеті ұжымы ынтымақ пен татулықты ту етіп, Қазақстан Республикасында тұратын 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің наурызды қарсы алу дәстүрінен үзінділер көрсетті.

 Факультет деканы Светлана Николаевна Ұлыстың ұлы күніне ерекше тоқталып, өзінің құттықтау сөздерін ерекше сезімде қазақ тілінде жеткізді.  Факультеттің профессор оқытушылары өз қойылымдарында қазағымыздың ерекше салт-дәстүрлерінің бірі – Құда күту салтын  көрсетті.

  

Жарқын жүзді қонақтарымыз  Наурыз мейрамы елімізге құт-береке берсін деп бата беріп, жақсы тілектерін айтып

тарқасты.  

            

 

Ұлыстың Ұлы куні Наурыз мерекесімен академия ұжымын құттықтай отырып, баршаға шығармашылық табыс тілейміз

 

 

ЖАЛПЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ  ӨМІРІ

 

                 

 САНДАР ӘЛЕМДІ БАСҚАРАДЫ

 

      Жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультетінде адам ойының, ғылымның жетістігі шығармашылық мерекесі өтті. Биылғы жылдан бастап біздің академиямызда p күнін  (14 наурыз) атап өту қабылданды.

   Жалпы жаратылыстаны ғылыми дайындық факультеті оқытушылары мен ҚазБСҚА жанындағы лицей мұғалімдерінің қатысуымен «Пи алақанда»-атты физика-математикалық интеллектуалды ойыны өтті.

       «Пи алақанда»- ойыны өте жоғарғы дәрежеде қатысушылардың қызығушылықтарымен өтті.  Топ мүшелері және жеке қатысушылар логикалық есептерді шешуде, анаграмма, крассворд шешуде, күрделі есептерді шешуде өз дәрежелерін ойдағыдай көрсете білді. Әрбі топ өздерін тек интеллектуалдық жағынан ғана емес, топтағы бірліктерін үй тапсырмасын орындауда өздероінің ұрандарын, эмблемаларын ұтымды таныстырды   Әрбір қатысушы физика, математика және информатика бойынша өздерін алдыға шығарды. Жанкүерлер қолдауы қатысушыларға күш берді.        Әділқазылардың қорытындылары бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

    Бірінші орынды  «Радар» тобы иеленді.  Жетекшісі – ЖЖҒДФ проф. ассистенті Секенова А.У. Назарбековтың басшылығымен «Фиксики» тобы Ең әдемі және жақсы дайындалған топ II-орынға ие болды. ҚазБСҚА жанындағы лицейдің «Архимед» екінші орын алды. Жетекшісі –Шарипжанова Ж.Б. «Тесла» тобы, жетекшісі – ЖЖҒДФ проф. ассистенті Ибраева Ж.Б. және  «ХХI ғасыр жастары» тобы, жетекшісі –Оспанова С.С.  (ҚазБСҚА колледж) III-орынды бөлісті. Жеңімпаздап бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар «p алақанда»-ойынының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды және барлық қатысушыларға өз алғыстарын білдіреді. Біз оқып жүріп демала білетін жастарымызбен мақтанамыз!

Факультет оқытушылары мен студенттер республикалық, халықаралық  конференцияларға,  қалалық семинарларға, конкурстарға белсене қатысады. 

 

 

http://www.kazgasa.kz/upload/userfiles/images/23.JPG

 

                                 

Жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультеті профессор-оқытушылар құрамы  ғылыми-зерттеу  институты және өндіріс қызметкерлерімен белсенді шығармашылық байланыста жұмыс жасайды.

 

 

                              

 

 

Факультет жыл сайын "Қолданбалы ғылымдардың өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Факультет оқытушылары жарық фестивалін өткізеді (2014 жыл сәуір айы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

   

Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті:

ғылыми «Жайлылық. Жобалау. Жарықтандыру»;

шығармашылық  «Контраст: жарық және көлеңке. Ынтымақтастық және қарама-қайшылық»;

техникалық «Үнемділік. Экологиялық тазалық. Әдемілік».

 

Перспективалық ынтымақтастық

Ғимараттарда жайлылық туғызатын құрылыс материалдарын өнідірушілермен   ынтымақтастықта жұмыс жүргізу оқыту үрдісінде өте қажетті. Тиімді акустикалық жағдайлармен қамтамасыз ету  құрылыс физикасының  ең өзекті мәселерінің бірі.

Алматы  қаласында бірнеше жылдардан бері Москвалық «ACOUSTIC GROUP»  компаниясы жұмыс жасайды. Компания тұрғынүй, қоғамдық, өндірістік ғимараттардығы шудыоқшаулау, дыбыстардыоқшаулау, вибраоқшаулау акустикалық жайлылық туғызу мәселелерімен айналысады.  Оқытушылар мен студенттер 2014 жылы өткен Қазақстандағы Акустика күніне қатысып, компания жетекшілерімен кездесті.

 «Аcoustic Group»  компаниясының  бас  директоры  А.Я. Лившиц пен Жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультетінің оқытушылары.

Компания өкілдері біздің  факультетпен ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп, Акустикалық жобалау мәселелері бойынша семинарлар өткізді.

Оқытушылар 2014 жылдың қазан айында Инсбрук (Австрия) қаласында өткен «Құрылыстың энергиятиімділігі және  жаңартылатын жарық көздері» атты  магистрлік бағдарламаны дамыту мақсатындағы құрылтайға қатысып қайтты. 

Құрылыстық  физика оқытушылары шетелдердегі құрылыс мамандарын даярлайтын жоғарғы оқу орындары оқытушыларымен біріге жұмыс жасауда.