ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

ЖЖҒДФ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ЖҰМЫСЫ

Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз

 

Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыру ҚазБСҚА ұжымы үшін салт-дәстүрге айналған. 31 наурызда өткен мерекелік жиынға оқу ордасының барлық факультеті профессор оқытушылары мен қызметкерлері  және арнайы шақыртылған қонақтар қатысты. Көктемнің осы бір шуақты күні жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультеті ұжымы ынтымақ пен татулықты ту етіп, Қазақстан Республикасында тұратын 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің наурызды қарсы алу дәстүрінен үзінділер көрсетті.

 Факультет деканы Светлана Николаевна Ұлыстың ұлы күніне ерекше тоқталып, өзінің құттықтау сөздерін ерекше сезімде қазақ тілінде жеткізді.  Факультеттің профессор оқытушылары өз қойылымдарында қазағымыздың ерекше салт-дәстүрлерінің бірі – Құда күту салтын  көрсетті.

  

Жарқын жүзді қонақтарымыз  Наурыз мейрамы елімізге құт-береке берсін деп бата беріп, жақсы тілектерін айтып тарқасты.              

 

 

Ұлыстың Ұлы куні Наурыз мерекесімен академия ұжымын құттықтай отырып, баршаға шығармашылық табыс тілейміз

 

 

ЖАЛПЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ ДАЙЫНДЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ

 

          

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы аудиториядан тыс жұмыстар жоспары шеңберінде :

·         Кураторлық топтарында тәрбие жұмыстарын;

·         Қала және қала маңындағы мектептерде үгіт насихат жұмыстарын;

·         Халықаралық қатнастар және имидждік жұмыстарды;

·         Жастардың патриоттық, адалдық және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру мен студенттердің белсенді өмір сүру салтын  қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.

 

Факультет оқытушылары кураторлық топтарына жастардың патриоттық, адалдық және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру мен студенттердің белсенді өмір сүру салтын  қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттарын жиі жүргізеді.

Бірінші Президент күні

 

    Қазахстан тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Осы кезең аралығында еліміз көптеген табыстарға және өз дамуының өркендеуіне қол жеткізіп келеді. Дара және дана Елбасымыз арқасында 25 жыл ішінде елдің жағдайы қарқынды өсіп, оның тура бағытта бара жатқаны айқын байқалады. Осы тарихи мерзім ішінде Қазахстан Орта Азия елдері арасында күшті мемлекетке айналды. Осы 25 жыл тарих шежіресіне алтын әріптермен жазылады. Болашақта еліміз белсенді дамуды жалғастырады, біз бұған нық сенеміз.

 

Оқушыларда патриоттық, бейбітшілік сезімді, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды және өз елі үшін мақтанышты қалытастыра дамыту мақсатында  ҚазБСҚА жанындағы колледж, КАрх 16-6  тобы білім алушылары Бірінші Президент күніне арналған сыныптан тыс іш-шара өткізді. Білім алушылар Елбасымыздың өмір жолы мен оның еңбектеріне шолу жасады. Патриоттық ән мен күй шырқалды, көрікті биді тамаша өлең шумақтары жалғады. Мереке көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

 

 

  

Ұлағатты ұстаздар күні кұтты болсын!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазанның 1-і күні ҚазБСҚА жанындағы колледжде Ұстаздар күні ерекше аталып өтті. кАрх 16-6 тобы студенттері қолдарына гүл алып, құрметті жандарды – Ұлағатты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күймен жүректеріндегі ыстық ықыласты сыйға тарту етті. Бұл «Нақты 100 қадам» бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті іс-шараларының бірі. Себебі Ұстаз – келер күннің ұстасы. Білім алушының қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні - мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.

«Ұлттың ұлағаты – мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты – оқу мен әдебиетте», – деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Білімнің күші құдіретті, ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады.

Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім - тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер  жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. 

 

 СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ мәңгі есімізде

Жеңіс күнінің қарсаңында жалпы жаратылыстану ғылыми-дайындық факультетінің оқытушылары студенттермен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін: Аверин Виктор Ефремовичті,  Аляев Александр Яковлевичті, Бойцов Алексей Васильевичті, Дядчук Петр Андреевичті,  Пеева Валентина Гавриловнаны, Савенков Евгений Павловичті, Таякина Анна Петровнаны құттықтады. Оларға сыйлықтар және азық-түлік, дәрі-дәрмек түрінде материалдық көмек көрсетілді.

 

Соғыс ардагері Бойцов А.В. және ҚазБСҚА оқытушылары - Ибраева Ж.Б., Жексембинова А.Б., Рысбаева А.К., Сабитова А.С.

Соғыс ардагері Савенков Е.П. және ҚазБСҚА оқытушылары - Оспанова С.С., Кобенкулова Ж.Т., Закирова Л.З,   Сейткулова Н.Б.

 

Соғыс ардагері Пеева В.Г. және ҚазБСҚА оқытушылары - Сыдыкова Д.К., Аймагамбетова З.Т., 1 курс СТР-15-4*тобы студенттері: Ибраим А., Смагулов Ж., Анарбай Р., Максим С.

Соғыс ардагері Аверин В.Е. және ҚазБСҚА оқытушылары - Кушкаров Е.Ш., Калиакпарова С.К., Токтаркожа Г.Т. және колледж оқушылары.

                Соғыс дүйім жұртты шошытып, 16-18 жастағы жас ұл-қыздар Отанын қорғауға соғысқа аттанды. Өздерінің жастығына қарамастан, бүгінгі ардагерлердің әрбірі фашизммен күресте орны толмас көмек жасады. Олардың кейбіреулері майданда соғысып, кейбіреулері тылда өз өмірлеріне қауіп төнсе де, бағалы ақпарат жинады. Енді бүгін сол АРДАГЕРЛЕР азайып баруда.

Ғылыми жұмыс

Сілтеме: «Жарық күші» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Көктемгі түлектер жәрмеңкесіне қатысқан жұмыс беруші компаниялардың өкілдері «Жарық күші» конкурсының жеңімпаздарын құттықтады. Конкурс «Микроклиматты жақсарту инновациялық тұжырымдамалары мен энергия тұтынуды төмендету технологиялары» қалалық конкурс аясында өткізілді.

Барлық ұсынылған жұмыстар орындау шеберлігінің жоғары деңгейін: функционалдық, әмбебаптық, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау ыңғайлылығы, тиімділігі, энергия тиімділігі, т.б. көрсетті.

 

Нәтижелері:

Номинация «Түрлі мақсаттар үшін имарат интерьері»:

I- орын «Эко Шам,» авторлары Burbekova Жансая, Қожахмет Ақбөпе, Каматаева Дана

II- орын «Көгілдір көктем», авторы Нусупалі Мадина

ІІІ- орын ««Шаршы» шамы», авторы Тлеугазы Медина;

Номинация «Сыртқы жарықтандыру»;

I- орын «Энергия үнемдеу шамдары -экономикалық пайда әлде денсаулыққа қатер» -Глызно Евгения;

II- орын «Litra Con» («Жарық өткізгіш бетон»), авторлары Нұрманова Найля, Лұқпан Данагүл;

III - орын «Тольятти қаласының спорттық-жаяу аймағы көшелерін жарықтандыру,» авторы Лидия Князева;

III - орын  «Саябақ кеңістіктерін жарықтандыру», авторы Бабичева Анастасия;

Номинация «Жарықтарды орнату»:

I- орын «Үміт ойлар», авторлары Ирина Киселева, Мугавеева Альсина, Красина Юстина, Даминова Камила;

ІІ-орын «ҚазБСҚА фойесінде», Авторлар Амангелді Анара, Ельтаева Акбота, Блинова Анастасия;

ІІІ орын «Жан қырлары», автор Багиров Азиз;

Жүлделер келесідей ұсынылды:

SAINT-GOBAIN компаниясының арнайы жүлдесі «Эко Шам» жұмысына берілді.

YESSET компаниясының арнайы жүлдесі «Шаршы» жұмысына берілді.

ACOUSTIC GROUP компаниясының арнайы жүлдесі «:Жан қырлары» жұмысына берілді.

URSA компаниясының арнайы жүлдесі «ҚазБСҚА фойесіндегі инсталляция» жұмысына берілді.

 

 

 

   1    2 бет