ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

ЖЖҒДФ ДЕКАНЫНЫҢ БЛОГЫ

 

Аймагамбетова Зауре Туленовна

Жалпы Жаратылыстану-ғылыми дайындық факультетінің Деканы

 

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

 

Бүгінгі таңда білім алу - ол тек қана бақылау және курстық жұмыстарды орындаумен шектелмейді, сонымен қатар белгілі ғылым бойынша ЖОО-да қалаған мамандықты игеру білімнің іргетасы  дейтін болсақ,  ғимаратқа  мықты қабырға және әдемі көрініс, сонымен қатар ішкі жайлылық та басты назарды талап етеді.

Біз түрлі білімді: заттардың қасиеттерін, технологиялық процестерді, материалдарды, есептеу, өлшей білуді, ресурстарды үнемді пайдалануды меңгеруіміз қажет.

Білім бізге өмір жолындағы көптеген есіктерді ашып, ішкі әлемімізді байытып, дамытады. Білім ала отырып дамимыз, ақылды да тәжірибелі боламыз.

Осының барлығына қол жеткізу үшін процеске қатысушылардың барлығының кәсіби біліктілігімен бірге оларды жеткілікті деңгейде қолдап,  жеке потенциалын ашатын орта құра білуіміз қажет.

Студент атанған күннен бастап сіз ғылымға қол жеткізуге,  оның бір бөлігі  болуға үлкен мүмкіндік аласыз. Студенттік өмірдің қайталанбас маңызды бөлігі - бұл ғылыми қоғамның қоғамдық өміріне араласу және келесі мүмкіндіктеріне ие болу:

·         ақылды және қызықты адамдармен араласу;

·         жеке және топтық зерттеу жұмыстарын жүргізу, сөз сөйлеу мен жарияланымдар, іс-сапарлар және жаңа адамдармен танысу;

·         семинарларға, конкурстарға, воркошоптарға қатысу, онда сіз теориялық білім мен практикалық тәжірибе аласыз;

·         тұлға ретінде шығармашылық даму үшін өз құқығын пайдалану;

·         жеке әлеуетін дамыту, өзінің тапқырлығын шыңдау,  іздену кезіндегі өз күшін сынау;

·         жобаларды жүргізу және оларды коммерциялау.

 

Студенттік өмірді қызықты өткізе отырып, пікірлес достар тауып қана қоймай, өзіңіздің келешекте кәсіби өсуіңізді және өмірлік жетістіктерге жетуіңізді қамтамасыз ете аласыз.

 

Барлық жағдайлар мен кездесулерді өткеннен емес келешектен бағыт алатын, сіздің жеке потенциалыңызды ашуға берілген тағы бір мүмкіндік деп қарауыңызды тілеймін, сіздің кім болғаныңыз емес, кім болатыныңыз маңызды.

Оқушы, талапкер, студент, магистрант, сіз - біздің потенциал, біздің капитал...

Өз тәжірибеніңізге жаңа дағдылар мен модельдерді қосу қабілетіңіз бен ниетіңіз болса, 3-ші мыңжылдықтың  мамандығын игеруге дайын болсаңыз

 

ЕШ  КЕДЕРГІСІЗ  ТАБЫСҚА  ЖЕТЕСІЗ!