ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

15

Жел

Қазақ-Америка университеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

толық >>

12

Жел

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сандық Қазақстан» және «Қоғамдық сананы жаңғырту» (Рухани жаңғыру) Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау үшін 2018 жылдың 10 қыркүйегінен 15 қыркүйегіне дейін Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының базасында «BIM технологиясы: ғимараттарды ақпараттық модельдеуді енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында мамандандырылған дәрістер топтамасы ұйымдастырылды. Лектор - СГУГИТ доценті, BIM технологиясы бойынша жетекші сарапшы, қазіргі заманғы дизайн және құрылыс практикасында BIM-ді енгізу бойынша белгілі сарапшы, көптеген (200-ден астам) басылымдардың авторы Владимир Васильевич Талапов.

толық >>
Негізгі бет → Студенттік өмір → "Жүзден жүйрік" клубы

Жүзден жүйрік

«ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» СТУДЕНТТЕР КЛУБЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 

««Жүзден жүйрік» студенттер клубы жастардың бірлесе отырып қоғамдық маңызы бар іс-шараларға ат салысу әрі студенттердің аудиториядан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, ҚазБСҚА колледжінің қазақ тілі профессор-оқытушыларының ұйымдастырылуымен құрылған.

Өткізілетін іс-шаралар аудиториядан тыс уақытта, кездесу, дөңгелек үстел, семинар, конференция, әдеби-сазды кеш, танымдық сабақтар және т.б. түрінде өткізіледі.

Клуб әр оқу жылының басында колледж директорымен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес әрекет етеді.

 

КЛУБ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:

 

  • болашақ маманның кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту, жаңа заман маманын даярлау;
  • студент бойында қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;
  • ұлт болашағына жауапты, рухани-адамгершілігі жоғары азаматты тәрбиелеу;
  • ізденімпаздыққа, өзіне шығармашылық қасиет, қабілет іздеу, бойындағы дарынды шыңдау, жеке шығармашылық қабілетін дамыту;
  • білім деңгейін тереңдетуге, ғылыми, мәдени сауаттылығын арттыру;
  • шығармашылық идеялық-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.

 

  

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

 

  • әртүрлі іс-   шаралар өткізу арқылы талапкер жастардың бойына танымдық қөзқарасты қалыптастыру;
  • ғылымның ғажайып сырларын тереңірек білуге қызығушылығын ояту;
  • жастарды мәдениеттілікке баулу, рухани дүниесінің баюына, іскерлік дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;
  • еркін ойлауды, өз ойын ашық жеткізе отырып, өзгенің көзқарасын сыйлауды, көркем әдеби тілде сөйлеуді дамытуға ықпал ету.

 

 

 Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша жүргізілетін

«Жүзден жүйрік» клубының

жұмыс бағдарламасы

 

р/с

 

Іс-шара атауы

 

Өткізу түрі

 

Орындалатын

уақыты

 

жауапты адам

1

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Ана тілің арың бұл, ұятың болып тұр бетте»

конкурс

қыркүйек

Бөрібай Б.І.

 

2

«Қазақстан ұлы дала баласы!» 

тәрбие сағаты

қазан

Б.І.Бөрібай

А.Нукеева

3

«Тіл деп соққан - жүрегім»

дөңгелек үстел

қараша

Бөрібай Б.І.

 

4

«Тұңғыш Президент күні»

шығармашылық көрме

желтоқсан

Бөрібай Б.І.

М.Қ.Абдильдаева

 

5

«Армысың, ару – нұр көктем!»

тәрбие сабағы

наурыз

Бөрібай Б.І.

А.Нукеева

 

6

Наурыз мерекесіне арналған «Бірлігі жарасқан –қазақ елі!» атты іс-шара

мерекелік шара

наурыз

Бөрібай Б.І.

М.Қ.Абдильдаева

А.Нукеева

.

7

«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» атты махаббат күніне арналған іс-шара

танымдық

сабақ

сәуір

Б.І. Бөрібай 

 

8

1-мамыр ынтымақ күні «Ынтымағы жарасқан, көпұлтты Қазақстан!»

 

дөңгелек үстел

мамыр

Бөрібай Б.І.

М.Қ.Абдильдаева

А.Нукеева

 

9

Ұлы жеңіс күні «Ер намысы - ел намысы»

тәрбие сағаты

мамыр

Бөрібай Б.І.

 

10

«Бір ел-бір тағдыр»  

дөңгелек үстел

мамыр

Бөрібай Б.І.

М.Қ.Абдильдаева

А.Нукеева

 

 

 Клуб жетекшісі                                                                                                           Б.І.Бөрібай