ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

    Меню

Негізгі бет →  → Ғылыми-зерттеу жұмысы

ЖГДФ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Авторлық семинар

 

2017 жылдың 30 наурызында авторлық әдістемелік семинар өтті. Баяндама жасағандар ҚазБСҚА ЖГДФ ассоц. профессорлары Л.Н. Ақбаева («Заманауи қоғамдағы еңбек әлеуметтануы мәселелері») мен Ә.Қ. Бөгенбаева («Қазақ зиялыларының совет өкіметімен күресі: жаңа деректер мен интерпретация»). Семинарға декан, декан орынбасары, ӘК төрайымы және Жалпы гуманитарлық даындық факультетінің оқытушылары қатысты.

 

ЖГДФ декан орынбасары Б.А. Абилова,

 

әлеуметтік-гум. секцияның әдістемелік жұмысына  жауапты Л.Н. Ақбаева

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

               

                2016 жылдың 24 қарашасында Жалпы гуманитарлық дайындық факультетінде Л.Н. Ақбаева, А.К. Бөгенбаева және Ы.Қ. Омарбаевтардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел: Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер» тақырыбында ғылыми-тәжрибелік конференция болып өтті. Іс-шараны факультеттің Конференция жұмысына Франция, Польша, Түркия, Чехия, Өзбекістан шет мемлекеттерінен, Астана, Тараз, Көкшетау қалаларынан, сонымен бірге, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Абылай хан атындағы  ҚазХҚжӘТУ, Сүлеймен Демирел атындағы университетінен, Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы Менеджмент университеттерінен өкілдер қатысты.

                Пленарлық жиында баяндама жасаған қонақтар Сорбонна Университетінің постдокторанты Этьен Пейрат (Франция), Еуразия Академиясының ректорының кеңесшісі, профессор Э.Э. Дүйсенов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев, ЖГДФ деканының м.а. А.Қ. Жұмаділ. Конференцияда баяндама жасағандар тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық қоғамда болып өткен барлық маңызды өзгерістерді атап өтті. Олар: саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани сонымен қатар, Қазақстанның постиндустриалдық мемлекеттер дамуы деңгейіне жетуіндегі республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше рөлі талқыланды. Сондай-ақ, еліміздегі білімнің алға жылжуының өзекті мәселелері мен үштілділіктің даму бағыттары ортаға салынды.

 

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мүшелері,

 

ҚазБСҚА ЖГДФ ПОҚ Л.Н. Ақбаева, А.К. Бөгенбаева, Ы.Қ. Омарбаев

Факультетте жыл сайын тек Қазақстанның ғалымдары ғана емес, сонымен бірге шетелдік әріптестер және жас ғалымдар да қатысып отыратын «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері: ізденіс және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Факультеттің ғылыми жұмысының негізгі мақсаттарының бірі – студенттерді ғылыми жұмысқа тарту. Осы мақсатта ПОҚ жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі, оның нәтижесі - «Студент және ғылым: болашаққа көзқарас» конференциясына қатысу және үздік жұмыстарды жинақта жариялау.

 

Бірқатар оқытушы диссертациялық зерттеулермен айналысады:

1. Акбаева Л. Н. «ҚР жоғары оқу орындарында этноэстетиканы зерттеудің теориялық негіздері» (докторлық диссертация);

2. Абилова Б. А. «Мамандық тілі бойынша оқулықтардың лингводидактикалық негізі және әдістемелік жүйесі» (докторлық диссертация);

3. Гайипова Г. А. «Әртүрлі жүйелі тілдердің фразеологиялық бірліктерін салыстырмалық-типологиялық зерттеу (М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының материалы бойынша)».

 

 

Осы жылы (11.04.2014 ж.) факультетте «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері: ізденіс және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Түркия  оқытушыларының қатысуымен өтті (Фатих университеті, СДУ).

 

 

Энес Куртай British Council координаторы «Mobile assisted language learning» атты баяндама жасады (Түркия).