ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

ЖГДФ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

 

Жалпы гуманитарлық  дайындық факультеті мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес академияның барлық мамандықтарына арналған жалпы білім беру пәндерін оқытады:

•              Қазақстан тарихы

•              Философия

•              Дінтану

•              Шетел тілі

•              Қазақ (орыс) тілі

•              Әлеуметтану

•              Саясаттану

•              Құқық негіздері және базалық пәндер:

•              Кәсіби қазақ (орыс) тілі

•              Кәсіби-бағдарлы шет тілі.

 

Оқу үдерісінде заманауи   аудио және видеоматериалдар,  оқу құралдары, оқулықтар, сондай-ақ ақпараттық-қатынас технологиялары және бағдарламалық өнімдер қолданылады. Оқытушылар өздерінің қызметінде инновациялық оқыту технологияларын қолданады: іскерлік ойындар, дебаттар, сase study және басқа интерактивті оқыту әдістер. Факультетте арнайы  заманауи техникамен жабдықталған кабинеттер мен дәрісханалар, мультимедиялық кабинет бар.

Факультеттің тілдік пәндерінің ПОҚ ҚазБСҚА президенті А.А.Құсайыновтың жетекшілігімен 3 тіл бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) лингвокешен дайындады және сабақта қолданылуда. Әзірленген оқу басылымы ҚР үш тілділікті дамытуда қосқан үлестің бірі болып табылады. Онда тілдік білімнің заманауи халықаралық және қазақстандық тұжырымдамасы қамтылған, тілдік емес жоғары оқу орындарында тілдерді деңгейлік оқытудың соны технологиясы жасалды, тілдерді меңгеру деңгейін анықтау әдісі ұсынылады. Лингвокешенде тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критериі, практикалық сабақтарға арналған активті үлестірмелі материалдар жинағы, құрамдастырылған емтиханға (теория, практика) және өздік жұмысқа арналған материалды қамтиды. 

 

Ағылшын тілінде оқитын топтарда әлеуметтік пәндердің ПОҚ сабақтарды ағылшын тілінде жүргізеді.