ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

    Меню

Негізгі бет →  → Аудиториядан тыс жұмыс

ЖГДФ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ЖҰМЫСЫ

2017 жылы 20 қыркүйек күні Орыс тілі секциясының оқытушылары ҚР Тілдер мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Іс-шара жүргізушілері Омирбекова Сымбат (Стр-16-1*),  Какимжанов Бекзат  (Арх-16-1*), Қайдаров Аңсар  (Арх-16-2*) үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізді.

Іс-шарада студенттер тілдің маңызы туралы: қатынас құралы, танымдық құралы,  ой мен сезімді жеткізетін құрал екені туралы айтты. Әсіресе туған тілді білудің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Қазақ тілі» (Асанхан Бакберген), «Мен Қазақпын»  (Омирбекова Сымбат), «Үш бақытым» (Орынбасарова Нуриллә), «Ана тілі» (Қумарғазы Улан), «Туған елім» (Тұрысбек Алижан) өлеңдері оқылып, «Балбрауын» (Мақулбай Ляззат),  «Қарасай» (Усманова Лаура, Кыдырхан Толеген) күйлері тартылды.

Студенттер орыс тілінің әлемдік мәдениетті таратушы ретінде Қазақстандағы рөлі туралы айтты. Арх-17-4* тобының студенттері Москва – звенят колокола» әнін шырқаса, «Бородино» (Ким Андрей), «Не жалею, не зову, не плачу...» (Халык Сакыпжамал), «Два языка» Кайдарова Айдана) өлеңдері жатқа оқылды.

 

Асылбек Харунрашид ерекше жанр – сиқыр өнерін көрсетіп, Ар-17-5 * тобының студенттері «Подмсковные вечера» әнін орыс және ағылшын тілдерінде шырқады.

 

 

Викторина How well do you know Great Britain and America

24.04.2017 жалпы гуманитарлық дайындық факультетінде English Club шеңберінде How well do you know Great Britain and America?” атты қызықтыратын викторина өтті. Ұйымдастырушылары – ЖГДФ оқытушылары Нургалиева А.Ж., Минаева А.Ж. Ісшараға сәулет және дизайн факультеттерінің 1-курс студенттері (ДИЗ-16-2 и АРХ-16-8**) қатысты. Студенттер тек елдерді тану ғана емес, сонымен қатар өз ой-өрісін көрсетуге мүмкіндік алды. Қатысушылар ісшарада бұл елдің тілін, танымал адамдарын, ғылымы мен әдебиетіне байланысты сұрақтарға жауап берді. Студенттер шығармашылық өнерлерін көрсетті, яғни танымал америка және ағылшын әншілерінің өлеңдерін айтумен жарысқа түсті. Викторинаның қорытындысы бойынша ДИЗ-16-2 командасы үздік шығып дипломмен марапатталды. Шығармашылық байқаудың нәтижесі бойынша: Айткали Касиет СТР-16-7* «Үздік орындаушы»,  Юн Станислав, Цой Евгения АРХ-15-4 «Үздік және техникалық шеберлігі», Бисалиева Карина ДИЗ-16-2 «Үздік көркем орындаушы», Югай Катя ДИЗ-16-2 «Сүйкімділік пен артістік қабілеті үшін».

 

 

 

13.04.17 Арх16-2  студенттері Ергеш Т., Магзумова А., Кайдаров А. «Номад» командасы ЖҒДФ ассоц.профессоры К.К. Сулейменованың  жетекшілігімен Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен Алматы қаласы ЖОО арасындағы зияткерлік олимпиадаға қатысып III орынды иеленді.

 

 

«Жас толқын» республикалық олимпиадасынан «Сәулет» командасы

3-орын алды 

2017 жылдың 11-12 сәуір аралығында Тұңғыш Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Тірегі сендер елімнің»  атты республикалық студенттер фестивалі аясында «Жас толқын» олимпиадасы өтті. Республикалық ауқымды шараға Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Өскемен қалаларынан тоғыз студенттер командасы арасында ҚазБСҚА «Сәулет»  тобы (Роллан Анарбай, Сандалхан Максим, Бердиар Сұлтанбаев, Алина Тұрақбаева, Ақбота Шаймұратова, команда жетекшісі Ж.М. Жампейсова) қатысып, 3-орынды иеленді.

«Жас толқын» республикалық олимпиадасы бірнеше кезеңнен тұрды.

Екі күн бойы әр аймақтан келген жоғары оқу орындарының студенттік топтары өздерінің спорттық жетістіктерін, теориялық білімдерін, шешендік сөйлеу қабілеттерін және «Студенттік өмір» туралы өздері түсірген бейнероликтерін көрсетіп шығармашылықтарын танытты. Соңғы кезеңде инновациялық  ғылыми  жобаны қорғау болды. Инновациялық ғылыми жобаға Сандалхан Максимнің «Электр энергиясын шығаратын аяқ киім» атты ғылыми жобасы ұсынылды. Әр кезең бойы «Сәулет» командасы өздерінің алғырлығымен, білімділігімен әрі жылдамдығымен көзге түсті.

 

 

 

07.04.2017ж. ЖГДФ ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы қазақтың қолөнер шебері Мусаев Рыскелді және Диз(АД)-15 тобының студенттерінің қатысуымен «Әшекей бұйымдар дизайны» атты тақырыпта дуальды-ашық сабақ өткізді. Сабақта шебер өз қолымен жасаған зергерлік бұйымдардың шығу және жасалу тарихы туралы 15 мин. лекция оқыды. Студенттер қазақ халқының зергерлік бұйымдары туралы мәліметті ортаға салды. Ашық сабаққа декан орынбасары мен факультет оқытушылары қатысты.

 

2017 жылы 7 сәуірінде ЭКСПО бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу шеңберінде  бірінші және екінші курс студенттері арасында тәрбиелік сипаттағы шара өткізілді. Оған ТДО16-1*, СТР16-7*, СТР15-4*, СТР15-5*, ТДО15-1*, СТР 16-4*, ТДО15-2*, ПСМИК15-1* (Манатов Н., Кенжалиева А., Бексұлтанова Н., Аккадыр. А., Темірхан. А., М. Тынышбай, Қыдырбек Б., Адильакын Ө., Кожахмет А., Өнербек Н., Өтемурат Ж., Алдаберген М. Берікбаев Н.) топтарының студенттері қатысты. Бұл іс-шара орыс тілі профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен өтті.

         Студенттер Қазақстандағы ЭКСПО-ға  дайындық және оны өткізу туралы түрлі-түсті слайдтар түрінде өте қызықты мәліметтер баяндады. Олар басқа елдерде көрменің шығу тарихы мен өткізу туралы баяндамалар жасап, сондай-ақ Қазақстан өкілдерінің жеңісі туралы жаңалық бейнеролигін көрсетті, содан кейін,  Отан туралы өлең оқып, патриоттық әндер шырқады, домбырада ойнады, би биледі.

 

 

 

 

ЖГДФ оқытушылары – әрі тәрбиешілер, әрі «адам рухтарының инженерлері». Олар әрдайым студенттік өмірдің ортасында жүреді, аудиторияны қызықтырып, өзінің артынан ерте алады, қиын жағдайларда оңтайлы шешім ұсына алады. Факультеттің 25 оқытушысының ішінде 22 оқытушы академия мен колледж топтарының эдвайзерлері болып табылатындығы да кездейсоқ емес.

ЖГДФ ПОҚ күшімен академиялық және республикалық деңгейлерде түрлі шаралар, конкурстар, олимпиадалар (Тілдер күні, Ұстаз күні, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні,  Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Мәнерлеп оқу конкурсы және т.б.) өткізіледі; «Еnglish Сlub», «Жүзден жүйрік» және дебат клубы тіл үйірмелері қызмет етеді, студенттер оларға бар ынтасымен және үлкен ықыласпен қатысады.

 

 

«Желтоқсан Рухы» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылдың 8 қарашасында Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімдігімен 1986 жылдың желтоқсан оқиғасына қатысушылары қазіргі АҚ «Ұлы Желтоқсан – 1986 жылғы көтерілісі» төрайымы Лепесбаева Гүлнұр Сабырғалиқызы және Қайрат Рысқұлбековтің інісі АҚ «Желтоқсан Рухының» төрағасы Талғат Ноғайбайұлы Рысқұлбековпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуының қарсаңында өтті. Біздің мақсатымыз – адамдардың құрбандығымен жеткен Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау. Біздің қасиетті борышымыз  - ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған шексіз  жерін және Қазақстанның рухани байлығын келесі ұрпаққа жеткізу. Біз 1986 жылдың желтоқсанында өз Отанының тәуелсіздігі үшін күрескендерді жадымызда сақтаймыз.

 

Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

Мұхтар Шаханов  «Желтоқсан  алаңы»

 

 

Кездесудің модераторлары: ЖГДФ деканының м.а. А.К.Жұмаділ, ассоц. профессоры К.К.Сулейменова, Н.С.Шынтаева, Е.Ж.Масанов

2016 жылдың 1  мамырында  өткен XVI  Халықаралық Іле-Балқаш регатасына ҚазБСҚА Арх-15-3* тобының студенттері мен ЖГДФ ассоц. профессорлары К.К. Сулейменова, С.К.  Ташимбай және проф. ассистентері Ж.Р. Мангазина, А.А. Нурканов қатысты.

 

2016 жылдың 3  мамырында ҚазБСҚА, ЖГДФ-де СФ, ЖҚФ, ДФ, ҚТжМФ-нің студенттері мен Алматы қаласының Ауған соғысына қатысқан «Абырой» Ардагерлер Одағының жауынгер-интернационалисттерімен кездесу өткізілді. Кездесуді К.К. Сулейменова, А.А.Нурканов,  Ж,Р. Мангазина Л.Б. Нагиятова,  С.К.Ташимбай, С.К.Джаныкулова және ҚазБСҚА жанындағы лицейдің тарих пәні мұғалімі А.С Тайменова ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олимпиада қорытындысы

        2016 жылы 8 сәуірде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында Қазақстан тарихы, қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндері бойынша оқушылар арасында олимпиада өткізілді. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша жалпы білім беретін мектептерден барлығы 141 оқушы қатысты.

    Мектеп пәндік олимпиада туралы ережеге сәйкес, пәндік олимпиада дегеніміз нақты материал бойынша білімдерін анықтаумен қатар, шығармашылық ойлауды талап ететін жаңа стандарттан тыс жағдайларда сол білімдерін қолдана алуын анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір салада оқушылардың зияткерлік жарысының формасы.

      Қазақстанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кеңінен қолдану мақсатында, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу қажеттілігі үшін осы олимпиаданы өткізу жақсы дәстүрге айналды. Оқушыларды интеллектуалдық дамуына және қарым-қатынас жасау қабілетін, оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерінің мәдениетің дамуын көрсету, қазіргі әлемдегі тілдік және мәдени аспектілерді зерттеуге оқушылардың назарын аудару алдымызға қойылған мақсаттар болып табылады.

«Қазақстан тарихы» бойынша Олимпиада өткізудің мақсаты: Қазақстан тарихы мәселелеріне қызығушылық танытып отырған оқушылар қатарын білу; тарихи мәтіндермен жұмыс істей алу дағдыларын дамыту;  алынған ақпаратты талдай білу; зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін және оқушылар шығармашылығын дамыту.

 

 

     Бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған жеңімпаздар ҚазБСҚА тағайындаған «Scholarships» гранты дипломдарымен марапатталды.

1-ші орын - 100%, 2-ші орын - 50% және 3 орын - ҚазБСҚА оқуға 25% жеңілдік.

Олимпиада жеңімпаздары:

қазақ тілі бойынша:

2 - орын ТұрсыновҰлан, 9 сынып, №149 мектеп

3 - орын Тұрсынбаева Фариза, 9 сынып. Үшқоңыр мектеп гимназиясы

орыс тілі бойынша:

1-ші орын - Боярова Элизавета, 11-сынып, №134 лицей, Алматы қаласы

2-ші орын - Сәкенова Мадина, 11-сынып, Көкшетау қаласы

3 орын - Александр Бондарь, 11- сынып, №3 орта мектеп, Талғар қаласы

ағылшын тілі бойынша:

1-ші орын - Таштемирова Таңсұлу, 12- сынып, Назарбаев зияткерлік мектебі, Талдықорған қаласы

2-ші орын - Салахова Карина, 11-сынып, №153, Алматы қаласы

3 орын - Кұлжан Айжан, 11- сынып, Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп, Алматы қаласы

Қазақстан тарихы бойынша:

1-ші орын - Асубаева Аружан, 11-сынып, №97, Алматы қаласы

2-ші орын – Әбдіхалық Бексұлтан, 11- сынып, Ақсай қазақ түрік лицейі, Алматы қаласы

3 орын - Нәлібаев Назарбек, 11- сынып, №24 физика-математика лицейі, Алматы қаласы.

Олимпиадада жүлделі орын алмағандар 7% жеңілдік алды.

 

 

Академия деңгейінде «Жүзден жүйрік» клубының жұмысы аясында келесі айрықша шаралар өткізіледі:

• «Мемлкеттік тіл – менің тілім»;

• ҚР тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай – «Тәуелсіздік таңы»;

• қазақстандық ғашықтар күніне орай – «Махаббатсыз дүние бос».

 

«English Club» жұмысының жоспары бойынша келесі шаралар ұйымдастырылады:

• «Traditions and customs of Kazakhstan, Great Britain and the USA» (ҚР тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай);

• «I love English language» ағылшын тілін жетік білу викторинасы, жеңімпаздарға мақтау қағаздары табысталады;

• «What do you know about the USA»;

• «Generation gap»;

• «Mother’s Day».

ҚР тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау аясында дебат клубында бірнеше шаралар өткізілді, оның ішінде студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесін (ассист. проф. Зулкарнаева С. С.), Семей ядролық полигоны жабылуының 20-жылдығына орай дөңгелек үстелді (ассоц. проф. Богенбаева А. К.), 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары шақырылған естелік кешін ерекше атап өту қажет.

 

Сонымен қатар келесі шараларды атап өту қажет:

• ҚазБСҚА-да ислам қағидаларын ұстанатын студент қыздармен «Студент жастар арасында діни экстремизм қаупі»;

• ҚР коррупцияға қарсы күрес заңнамасының негізгі ережелерін талқылау;

• «Отанның арыстай ұлдары – тәуелсіздік үшін күрескерлер» тақырыбында дөңгелек үстел;

• «ҚР-да адам құқықтарын қорғау механизмі» тақырыбында семинар – талқылау;

• «ҚР тәуелсіздігі туралы декларацияға қол қою» тақырыбында диспут;

• «Терроризм – қазіргі заман жауы» диспуты;

• «Сайлау комиссиясының қызметіндегі жариялылық» тақырыбында пікірталастар.

Факультеттің ПОҚ жыл сайын оқуға абитуриенттерді тарту арқылы академияның кәсіптік бейімделу жұмысына белсенді қатысады. Оқу жылы бойы біздің жоғары оқу орнына түлектерді тарту мақсатында факультет Ашық есіктер аптасын ұйымдастыруға, мерекелік жарнама акцияларына үнемі қатысып отырады.

Жыл сайын факультетте мектеп түлектері арасында орыс тілінен олимпиада өткізіледі, жеңімпаздарға академиядағы оқудың алғашқы төлеміне 7% жеңілдік беріледі.

Сонымен қатар біз беделді арттыру жұмысымен айналысамыз. Оқытушылар әрдайым бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеп, академияда «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының» жүзеге асырылуы, студент жастарды патриоттық тәрбиелеу шараларының өткізілуі туралы баяндап отырады.