ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

2016-2017 оқу жылының күзгі семестріне  келесі шетел университеттеріне оқуға конкурс жарияланады:

 

Қабылдаушы университет

Оқу мерзімі

Бағдарламалар

Тіл білу деңгейі

 

Қаржыландыру

Келесі курстын студенттері конкурсқа қатысуға шақырылады

1

La Sapienza” Университеті (Италия)

01.10.2016

05.03.2017

Өндірістік дизайн

ағылшынша

Грант ЕС  покроет: авиаперелет, ежемесячную стипендию -   850евро

 

ЕО Эразмус  + гранты ай сайын стипендия және студенттің

ұшу  билетін қамтыйды.

2,3 – курс

2

Каунас Технологиялық Университеті (Литва)

 

01.09.2016

25.01.2017

Сәулет

Құрылыс

ағылшынша

Білім алу тегін,

ұшу  билеті және жатақхана студенттер есебінен (айына 120 еуро).

 

2,3 – курс

3

Хитит Университеті (Түркия)

01.09.2016

25.01.2017

Құрылыстағы экономика және менеджмент

түркше, ағылшынша

 

 

Білім алу тегін,

ұшу  билеті және жатақхана студенттер есебінен, студенттер айына 560 түрк лира стипендиясын алады.

2,3 – курс

4

Томск мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті (РФ)

 

01.09.2016

25.01.2017

Архитектура

Строительство

орысша

Білім алу тегін,

ұшу билеті және жатақхана студенттер есебінен (бір семестр 3300 ресей рублі).

 

2,3 – курс

5

Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті (РФ)

01.09.2016

25.01.2017

Архитектура

Строительство

орысша

Білім алу тегін,

ұшу  билеті және жатақхана студенттер есебінен.

2,3 – курс

6

Самара мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті (РФ)

01.09.2016

25.01.2017

Сәулет

Дизайн

Құрылыс

Геодезия

Ағаш өңдеу технологиясы

орысша

Білім алу тегін,

ұшу  билеті және жатақхана студенттер есебінен.

2,3 – курс

7

Брест мемлекеттік техникалық университеті (Белоруссия)

01.09.2016

25.01.2017

Бакалавриат:

Сәулет

Құрылыс

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру


Магистратура:
Құрылыс

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

орысша

Білім алу тегін,

ұшу  билеті және жатақхана студенттер есебінен  (айына 35-40$).

2,3 – курс

 

 

 

 

 

 

Магистратура

1-курс

8

Волгоград мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті (РФ)

01.09.2016

25.01.2017

Бакалавриат:

Сәулет

Құрылыс

Магистратура:

Құрылыс

Қала құрылысы

орысша

Білім алу тегін,

ұшу  билеті және жатақхана студенттер есебінен  ( айына 7500тг.).

 

 

2,3 – курс

 

Магистратура

1-курс

 

Құжаттар  2016 жылдың  05 Сәуіріне дейін қабылданады. Конкурсқа қатысушы үміткерлер ХБ-ға анкетаны толтырып тапсыруға болады.

Барлық сұрақтар бойынша ХБ, ӘҒ, А16 каб., тел: 309 6273 қайрылыңыздар.

 

 

 Конкурсқа қатысушы үшін өтініш 

 

Академиялық ұткырлық істе

2015 жылдың көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсттың нәтижесіне сәйкес серіктес ЖОО-нда келесі студенттер оқып жатыр:

1. Байгужин Дархан Талгатович – ЖҚФ 3 курс студенті, Қолданбалы зерттеулер университеті (Эрфурт қаласы, Германия).

2. Нурманов Бинур Нургалиевич  – ЖҚФ 3 курс студенті, Самара мемлекеттік сәулет құрылыс университеті (Ресей)

3. Гаврилов Богдан Алексеевич – ЖҚФ 3 курс студенті, Самара мемлекеттік сәулет құрылыс университеті (Ресей)

4. Захарова Александра Олеговна – ДФ 2 курс студенті, Поволжск мемлекеттік қызмет көрсету университеті (Тольятти қаласы, Ресей).

5. Киричкова Валентина Андреевна – ДФ 2 курс студенті, Поволжск мемлекеттік қызмет көрсету университеті (Тольятти қаласы, Ресей).

 

 Болашақ маман көзімен...

Мақсатқа жетер жолдағы алғашқы қадамдар

Жат жерде білім мен спортты бағындыру

      Өмір деген  қызық қой... Кеше ғана  Алатау баурайында шапқылап жүр едік. Бүгін, міне ойламаған жерден орыстың отанынан бір-ақ шықтық. Кім біледі, бұл да бір бұйырған бақ шығар?! Мен Шаяхмет Бауыржан Батыржанұлы -   Жалпы құрылыс факультетінің стр/3-11 тобының студенті, 2015 жылдың күздік семестрінде Орыс елінің Томск қаласында оқып келдім. Ең бірінші айтатын ерекшелік ол – Сібір суығы. Алматымен салыстырғанда әлде қайда суық. Ол қаланы көргенде, өз жұртымның қаласымен жайшылықтағы жолаушы немесе саяхатшы көзімен емес, құрлысшы көзімен салыстырып бағаладым. Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа дегендей, табалдырықтан атай сала көзге ілінген ғимараттардың өзіндік ерекше өрнегі  орыс елінің туындысы екенін бірден аңғартады. Байқағаным, мұндағы барлық заттардың атауы қаламен байланысты, атап айтсақ: Томск авто, Томск банкі, т.б және төл заттары да жетерлік. Маған барлық заттарды қаламен байланыстыру патриоттықтың белгісіндей көрінді. Және осы қасиет бізге артық етпес. Болашақ құрылысшы ретінде менің ойыма  қойнына сыйдырған көрінісі қазақтың қалпын танытатын ғимараттар мен құрылыстар елестеп, қызыға қарадым. Ойларымды міндетті түрде жүзеге асырам деген ниетпен білім жинауға барымды салдым десе де болады. Бұл қалаға аяқ басуымыздың да басты себебі осы, елге білім жинаған дорба арқалап қайту. Біздің ел мен орыс елінің білім беру жүйесінде өзгешеліктер көп. Бізде кредиттік жүйе болса, оларда бұрын бізде болған дәстүрлі эмтихан. Барлық сабақ жақсы деңгейде жүргізілді. Менің сыни көзқарасымның жоғарға деңгейіне жеткен бір сабақ бар, ол железо-бетонные конструкции. Неге десеңіз теория бойынша жинаған     білімімізді практикада жүзеге асырдық, СНГ бойынша қалған железо-бетон лабараториясында жұмыс істеп көзбен көрдік. Әрине бұл  құрылыс материалын алғаш қолданғандардың қатарында, сондықтанда жақсы оқытылады және кең қолданыста. «Білімді біреуден біреуге ыдыстан ыдысқа құйғандай құюға болмайды» деген Платонның сөзі бар, әркім өз ыдысына өзі жетерлік білім жинап соны қорыта, қолдана білуі тиіс. Мұндағы басты айырмашылық сол, ұстаздармен практикалық сағаттар жиі өтіледі. Бұл дегеніміз жинаған біліміңнің нендей іске жарайтындығын көзбен көру. Ал біздегі  кейбір студенттер өз ыдысының қажетін түсінбей қалуы немесе игере алмауы мүмкін.

      Әдетімше  біліммен қатар спортты да жетелей жүрдім. Ең бірінші Ресей елінің төл спорты Самбо күресі және соған қосымша кикбоксингпен шұғылдандым. Самбо күресінен жарысқа қатысу үшін алдын ала төленетін төлемнің жоғарылығы таңқалдырды. Сөйтіп не керек, екі бірдей жарысты көзбен шығарып салдым. Бірақ қатысқанымда күмәнсіз чемпион болар едім, неге десеңіз залда  бірге жаттығу жасап жүрген бала менің салмағымда чемпион болды, ал мен  жаттығу барысында ол баланы айқын басымдылықпен жеңіп жүрген болатынмын. Самбода «қап» деп қапы қалғаныммен, кикбокстан қазақ елін және өзімді жақсы жағынан көрсете алдым. Бұл спорт түріннің жаттықтырушылары небәрі 1-ай ішінде мені танып, өнерімді бағалап үлгерді. Сөйтіп, 3 ай ішінде үш жарысқа шықтым, нәтижесінде екеуінде жеңіс туын ұстап, біреуінде теңбе-тең болдым. Соңғы жарыста арқасы жерге тимеген Байзын Кундянов деген спорт шеберін жеңіп, өз елімнің және жаттықтырушымның даңқын бір асқақтаттым.

  Ол жақта жан-жақтан келген студенттер көп екен, көрші қырғыз бауырларымыз да бар. Әлбетте қазақ елін жақсы таниды, бізге сый құрметтерін көрсетіп өздерінің «Бай қазан» деген тамақтанатын орындарына шақырды, орыс елінде жүріп бір дастархан басында дәмдес болдық. Жалпы қорыта айтқанда, басқа да көптеген қызықтар болды. Жат жердегі бастан кешкен уақыт, бойға жинаған білім, жеткен жетістік қуантады, бірақ елді сағыну бір бөлек. Бұл сапар өмірлік тәжірибемде қоржыныма еншілеген зор олжам болды, жақсысын үйреніп, жаманын жиреніп дегендей. Қанаты қатайып қайтып келген қырандар, қазақ еліннің шынайы қасиетін, жақсы жақтарын танытып, өлкеміздің өнегесі биік болмысын көрсете білді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Шаяхмет Бауыржан Батыржанұлы

Жалпы құрылыс факультетінің СТР/3-11 тобының студенті 

 

 

 

Студенттер, магистранттар, университет оқытушылары мен зерттеушілерін қолдау үшін  Словакия Республикасы 2016-2017 оқу жылында алмасу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық стипендиялық  бағдарламаны жариялайт.

2016-2017 оқу жылына арналған  құжаттар 2016ж.  30 сәуіріне дейін онлайн қабылданады.

Қосымша ақпарат келесі веб-сайттардан табасыз -  www.scholarships.sk www.stipendia.sk қол жетімді.

 

Stipendium Hungaricum бағдарламасына  студенттер, магистранттар және докторанттар  2016-2017 оқу жылына венгр және ағылшын тілінде оқыту үшін арналған гранттарға  құжат қабылдау басталды.   Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарлама 2013 жылы іске қосылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты Венгрияда шетелдік студенттердің санын көбейту және шетелдік студенттерді Венгрия жоғары оқу орындарына тарту болып табылады. Бағдарламаның қазіргі уақытта 41 серіктесі бар.Келесі оқу жылында бағдарлама 3000 студент  қабылдауды жоспарлауда. Қосымша ақпаратты келесі веб-сайттан қараңыз: http://tka.hu/international-programmes/2966/stipendium-hungaricum

 

2016-2017 оқу жылының күзгі семестріне Sapienza Университетіне (Италия)  бакалавриат студенттері үшін академиялық ұтқырлық.

Факультет:  Дизайн (Өнеркәсіптік дизайн)

Курс: 2, 3

Конкурсқа қатысу шарттары:  студенттің академиялық үлгерімі жақсы болу керек, университеттің қоғамдық өміріне қатысу, ағылшын тілін  жоғары деңгейде білуі тиіс.

Артықшылықтары: ұшак, тұрғынжай, виза,  медициналық сақтандыру  ЕО Эразмус + грантынан қамтылады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1. Өтініш

2.  Факультет деканы берген мінездемесі (эдвайзердің қолымен)

3. Оқу барысында алған дипломдар, сертификаттар немесе грамоталар көшірмесі

Сәулет және Жалпы Құрылыс  Факультеттерінің студенттері итальян тілі білімі бар  болса конкурсқа қатысу үшін шақырылады (B1 деңгейі)

Құжаттар 5 сәуірдін 2016 ж. дейін қабылданады. 

 

Конкурсқа қатысушы үшін өтініш