ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

ҚТИМФ СЕМИНАРЛАРЫ, КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ, КОНКУРСТАРЫ

12 қазанынның 2017 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы - «НИИСтромпроект» ЖШС, техника ғылымдарының докторы, бас директоры Ахметов Данияр Ақболатұлы «Құрылыс материалдары, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру » мамандығы бойынша 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

 

Студенттер белсенді түрде аттестациялау комиссиясының төрағасына диплом жоба тақырыбы бойынша сұрақтар қойды. Өзекті мәселелердің бірі тақырыпты қалай таңдауға, қандай нақты материалды таңдауға, қандай компьютерлік бағдарламаларды пайдалануға болатынына байланысты сұрақтар қойды. МАК төрағасы мен мүшелері студенттерге қызығушылық танытқан барлық сұрақтарға жауап берді.

 

 

«HERE Kazakhstan» компаниясымен жұмыс жалғасуда

 12 қазан 2017 жылы Нуртазина Ажар,  халықаралық «HERE» компаниясының региональдық «HERE Kazakhstan» филиалының бөлім бастығы, Халықаралық білім беру корпорациясымен пилоттық проект аясында  5В071100-«Геодезия и картография» мамандығының 2 және 3 курс студенттеріне Web-картографиялау туралы дәріс өткізді. «HERE» компаниясының 55 елде офистері және 6000-нан астам жұмысшылары бар және олар 200 мемлеккетттердің навигациялық автомобильдік карталарын жасайды. Дәрісте «Map Creator» картографиялық инструментінің жалпы жұмыс істеу, жол тораптарын wego.here.com мәліметтер базасында ғарыштық суреттер бойынша жаңарту принциптері таныстырылды. Негізгі үйрету курсы 2018 жылдың ақпан айында болады.

Бұл жоба барысында студенттер сандық автомобильдік жолдарды онлайн тәртібінде бейнелейді, және де Алматы қаласының ғарыштық суреттеріне далалық дешифлеу жүргізеді. Жүргізілген жұмыс нәтижесі өндірістік практика ретінде саналады. Сонымен, бұл шара негізінде студенттерге өте тамаша мүмкіндік ұсынылған, біріншіден, олар ГАЖ бағдарламасында жұмыс істеуге машықтанады және олар жасаған карталар әртүрлі автомобилдік гаджеттер, калталық GPS т.б. құрылғыларға жүктеледі, екіншіден, олар өндірістік практиканы ерте жауып, жаздық демалыстарын созады.

Аталған шара екінші рет жүргізілуде, былтыр ГиК-14-1,2 тобының 13 студенттері жобаға қатысып, HERE Maps картасының сапасы нашар  көрші ел Туркменистанның ГАЖ картасында 63326 байланысты бейнелеген болатын. Соның арқасында Туркменистан қалаларының карталары дұрыс геометриялық бейнелермен толықтырылған. Өндірістік практика нәтижесінде барлық студенттерге халықаралық үлгідегі сертификаттар берілген және ең үздік карта сызған ГиК-14-1 тобының студенті Қабылбек Ерасылға жаңа смартфон жеңіп алған.

Описание: C:UsersUser2014ХИЭ Казахстан�7-08-2017_14-37-03IMG_3715.JPG

/upload/userfiles/images/2(105).jpg

 

 

Конференциялар:

 

ҚҰРЫЛЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІнде студенттік ғылыми зерттеу конференциясы болды. Қатысушылар саны 10 студенттен астам, оның ішінде 4 жұмыс   27 ақпан 2017 жылы болатын «Студент және ғылым: болашаққа деген көзқарас» атты  XVII Жылдық Республикалық ғылыми студенттік конференциясына жіберілді.

 

 

 

 

16 мамыр 2017 жылы «Құрылыс индустриясындағы инновациялық және ғылымисыйыымдылық технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция секциялары:

«Ағашөңдеудегі озық технологиялар», «ҚМ дайындауда тиімді технологиялар»

Модераторлар – акад.профессор Колесникова Инна Владимирқызы,  ассоц.професоор Құрманбекова Эльмира Базарбайқызы

«Геодезия саласындағы жаңалық», «Құрылыстағы экономика және менеджмент»

Модератор - акад. проф. Өміржнова Жанат Токтарбайқызы

Хатшы – проф ассист.. Қартбаева Құралай

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

Модератор - ассоц. проф. Тажиғұлова Бибінұр Күшанқызы

Хатшы – ассоц. проф. Жұмағұлова Роза Ермаханбетқызы

 

 

Байқаулар

Құрметті мектеп оқушылары!

Сіздерді 18 наурыз 2017 жылы сағат 14.00 Халақаралық білім беру корпорацисында (ҚазБСҚA кампусында) өтетін олимпиадаларға қатысуға шақырамыз. Олимпиада тақырыптары:

1. «Менің қиялымдағы заманауи материалдармен салынатын үй»

(5В073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру)

2. «Құрылыстағы менің бизнесім»

(5В050600-Экономика)

3. «Менің елімнің картасы»

(5В071100-Геодезия және картография)

4. «Қолдан жасалған ағаш бұйымдары»

(5В0725000-Ағаш өңдеу технологиясы)

Олимпиада мақсаты –талантты КазБСҚА талапкерін таңдау.

Олимпиада жеңімпазы (1 - орын) 1 курстың  1 семестрінде оқу ақысы бойынша 100% жеңілдік, 2-ші орын 50%жеңілдік, 3-ші орын 25% жеңілдік алуға құқысы бар. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Олимпиадаға алматылықтармен қатар басқа қаладағы оқушылар да қатыса алады.

Мағлұматты мына телефондардан ала аласыз: 309-62-80, 87078015511 Өмірбаева Алия Батуханқызы

 

18 наурыз 2017 жылы факультетімізде мектеп Олимпиадасы мынадай бағыттар бойынша өтті. 5В072500 Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша), 5В071100-«Геодезия және картография», 5В072900 - «Құрылыс» мамандырылуы бойынша:  Құрылыстағы экономика және менеджмент; 5В073000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру».

 

 

 

    

1 – орын   Мұрат Дамир Мұратұлы     2 – орын    Есенов Арман       3 - орын Оман Нұрбол Тлеужанұлы

 

 

Олимпиада қорытындысы

 

1)                   5В071100-«Геодезия және картография»:

                1 орын -  Шакирзанова Ангелина

                2 орын – Беркина Кристина

                3 орын – Попельных Елена

 

2)                   5В072500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)

                1 орынМұрат Дамир Мұратұлы

                2 орын – Есенов Арман

                3 орын – Оман Нұрбол Тлеужанұлы 

 

3)                  5В072900  - «Құрылыс» мамандырылуы бойынша:  Құрылыстағы экономика және менеджмент

                1 орын – Куанышбеков Алишер 

                2 орын – Санникова Мария

                3 орын – Бупежанов Сагадат

 

4)                   5В073000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру».

                1 орын – Айтбаева Назира

                2 орын – Еримбетов Алибек

                3 орын – Темирхан Арман

 

 

 

Бакалавриаттың оқу бағдарламалары 

Код

Атауы

Оқу түрі

Оқу мерзімі

5В050600

Экономика

 

 

 

 

 

күндізгі/сырттай

 

орта білім негізінде күндізгі оқу түрінде 4 жыл;

кәсіптік орта білім негізінде күндізгі оқу түрінде 3 жыл;

жоғары білім негізінде күндізгі оқу түрінде 2 жыл.

орта білім негізінде сырттай оқу түрінде 5 жыл;

5В050800

Есеп және аудит

5В071100

Геодезия және картография

5В072500

Ағаш өңдеу технологиясы

5В072900

Құрылыс. Маманданымдар:

Құрылыстағы экономика және менеджмент;

5В073000

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

 

5В050600 - «Экономика» мамандығы.

Экономика бакалаврларының кәсіби қызмет салалары: экономиканың шынайы секторы, қаржылық-банктік жүйе, бизнес және кәсіпкерлік.

Экономика бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік мекемелер органдары, қызмет түріне, өлшеміне және меншік формасына тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар және фирмалар, оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттары.

 

5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы.

«Есеп және аудит» мамандығының түлектерінің кәсіби қызмет салалары: мемлекеттік органдар, барлық меншік формалы мекемелер мен ұйымдар, нарық инфрақұрылымы буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелер.

«Есеп және аудит» мамандығының түлектерінің кәсіби қызмет нысандары: кәсіпорындардың мүлігі, оның міндеттемелері, капиталы және құрамын, активтерді және оны қалыптастыру көздерін орналастыруында өзгерістерге әкелетін шаруашылық операциялары, сонымен қатар сала ерекшелігін ескеріп, экономиканың түрлі салалы ұйымдарының қызметі: басқарудың мемлекеттік органдары (Министрліктер мен мекемелер, Салық комитеті, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі); ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелсіз ғылыми-зерттеу мекемелері, ұйымдары және фирмалары.

 

5В071100 – «Геодезия және картография» мамандығы

5В071100 – Геодезия және картография бакалаврының кәсіби қызмет саласы: экономиканың барлық салалары, оның ішінде әскери-өнеркәсіптік кешен, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, жер қорларын басқару саласындағы мемлекеттік органдар, жобалық-іздестіру институттары, бюро, түрлі меншік формалы фирмалар және т.б.

5В071100 – Геодезия және картография мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

• ұйымдастырушылық-басқару – карталар мен жоспарларды, геодезиялық желілерді құру мақсатында геодезиялық және картографиялық жұмыстарды; ғимараттар мен үймереттерді салу кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды; карта басып шығару және карта жасау үдерістерін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

• өндірістік-технологиялық – мемлекеттік және ведомстволық желілерде бұрыштық және сызықтық өлшеулер жүргізу; барлық классты нивелирлік жұмыстар; түрлі масштабты топографиялық және арнайы түсірілімдердің барлық түрлері; аумақтық жоспарлауға және өндірісті орналастыруды басқаруға, елді қорғауға, табиғат қорларын күзетуге және оңтайлы пайдалануға, экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу; геодезиялық өлшеулер нәтижелерін өңдеу; карталарды редактрлеу, басып шығару.

• есептік-жобалық – геодезиялық, картографиялық, фотограмметриялық және топографиялық жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамасын және тура есептеулерін жасау, ғылыми ұйымдастыру және еңбекті нормалау;

• ғылыми-зерттеу – картография, геодезия, аэрофотогеодезия саласында.

 

5В072500 – «Ағаш өңдеу технологиясы» мамандығы

5В072500 мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін жүргізе алады:

• өндірістік-технологиялық – кесілген материалдарды, тақта материалдарын, сіріңкелерді, жиһазды, ағаш өңдеу-құрылыс бұйымдарын, шпалдарды өндірудің; ағаш және ағаш материалдарынан әрлеу технологиялық үдерісін жүргізу; негізгі және қосалқы ағаш өңдеу жабдығын тиімді пайдалануды ұйымдастыру; кесілген материалдарды, ағаштан жасалған бұйымдарды метрологиялық тексеруді, сертификациялық сынамаларды өткізу;

• ұйымдастырушылық-басқару – орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру; өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру; стандартты емес жағдайларда жұмыстарды жоспарлау кезінде оңтайлы шешімдер таңдау; шығарылатын өнімнің сапасын бақылау жүргізу; өндірістік қызметтің экономикалық тиімділігін бағалауға қатысу; өндірістік телімде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету;

• құрылымдық – ағаш тілетін, ағащ өғдейтін және жиһаз өндірісінің өндірістік телімінде жобаланатын бұйымдар мен технологиялық үдерістер үшін құрылымдық құжаттама әзірлеу.

 

5В072900 «Құрылыстағы экономика және менеджмент» мамандығы

5В072900 мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін жүргізе алады:

• өндірістік-технологиялық – темір бетоннан, металлдан, тастан, ағаштан және пластмассадан жасалған құрылыс материалдарын және конструкцияларын өндіру технологиялық үдерісін ұйымдастыру және жүргізу. Бірқабатты және көпқабатты өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар салу, құрастырмалы және монолиттік ғимараттар салу, металл құрылымдарын дайындау және құрастыру, биік ғимаратта, инженерлік үймереттер салу, қайта салу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және т.б.;

• ұйымдастырушылық-басқару – құрылыс кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру.

 

5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру» мамандығы

5В073000 – Геодезия және картография бакалаврының кәсіптік қызмет салалары: құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру; құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндірудің технологиялық желісін жобалау; құрылыс материалдары мен құрылымдарының технологиясы саласындағы орташа кәсіби білім; сертификаттау, құрылыс материалдары мен құрылымдарының сапасын бақылау.

 

Магистратураның оқу бағдарламалары

 

Код

Атауы

Оқу түрі

Оқу мерзімі

6М050600

Экономика

 

 

 

 

 

Күндізгі

  

 

 

 

 

 

 

 

1 жыл профилдік бағыт;

2 жылғылыми-педагогикалық бағыт.

6М050700

Менеджмент

6М071000

Материалтану жəне жаңа материалдар технологиясы

6М071100

Геодезия және картография

6М072500

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы

6М073100

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау