ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

ҚТИМФ ДЕКАНЫНЫҢ БЛОГЫ

Өміржанова Жанат Тоқтарбайқызы 1992 жылы «Картография» мамандығы бойынша Моәскеу инженерлер, геодезия, аэрофототүсірілім және картография институтын бітіріп, БКЭ -102 инженер картограф болып істеді. 1993 жылдан бастап ҚазБСҚА жұмыс жасап келеді. ҒжМЖ бойынша проректордың көмекшісі, ҚТИМФ ассорцирленген профессоры және  2010 жылдан бастап «Геодезия и картография» мамандығы бойынша кафедру меңгерушісі болып істеді.

Өміржанова Ж.Т  2005 жылы 25.00.32-«Геодезия» мамндығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

Жұмыс барысында 45 ғылыми мақалалар, 6 оқулық, соның ішінде 1 электронды оқулық, 15 ке жуық методикалық сілтемелер жарияланды. Сонымен қатар Скопус базасына кіретін бір мақала, 3 авторлық куәлік иегері.

«Қазақстанның тұрақты дамуына арналған ГАЖ» атты «Темпус» Еуропалық жобасының координатры болды. Нәтижесінде қымбат заманауи геодезиялық құралдармен жабдықталған «ГАЖ-орталығы», «Геоақпараттандырылған картография зертханасы» атты арнайы дәрісханалар ашылды. Жанат Тоқтарбайқызының жетекшілігімен «Алматы облысы, Кокжазык, Тау-Турген, Акший ауылында GPS түсірілімдері» атты шаруашылық шарттық жұмыстар жургізілді.

«Халықаралық картограф-геодезиялық фонд» атты РМҚК-да қазақ тілінде БӨН (кенсіз және камералы жұмыстар) және ҮСНА (кенсіз және камералы жұмыстар) өңдеуде өз үлесін қосты.

2016 жылы «Қазақстан агенттігі ГАЖ және ҚЗ» ЖШС тапсырыс бойынша ГАЖ картасына толықтырулар енгізіп, ArcGIS-ке өзгертілді.

Соңғы 5 жылда «Modern Surveying techniques», Ыстамбул, Туркия,  2016, Академия КОНКОРД ЮНЕСКО Париж шетелдік ғылыми іс сапарларға барды.

 2015 жылы Joint International Geoinformation Conference in Kuala Lumpur, Malaysia халықаралық конференциясында Scopus базасына кіретін «The International Archives of the Photogrammetry, Remote Sensing and Spatial Information Sciences» журналында мақаласы жарияланды.

2017 жылы Scientific Geoconference and Expo SGEM атты халықаралық конференциясында «Geodetic measurements of Modern Movements of the Earth Surface on Almaty geodynamic Polygon» атақырыбында мақала баяндады.

2014 жылдан бастап Қ.И. Сатбаев атындағы ҚазҒЗТУ-інде  6D071100- «Геодезия» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежелік атағын беретін Диссертациялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалған.

2016 жылдан бастап ҚР ақпараттандыратын Халықаралық академиясының академигі болып табылады. 2013-2014 жылдары Қытайдағы Цифрлы Жер халықаралық қоғамының мүшесі болды (Individual Member of the International Society for Digital Earth (ISDE). 2015 жылдан бастап «Academic  Star Publishing Company» компаниясының «Modern Environmental Science and Engineering» журналында рецензент болып тағайындалған.

2016 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО-ның үздік мұғалімі» гранының, сонымен қатар бірнеше сыйлы мадақтамалар (Алматы қаласының әкімі, 2012) мен алғыс хаттар, «Сыйлы геодезист» ҚР жер ресурстары бойынша басқару Агенттігі; «Үздік методист ҚазБСҚА», 2014; «Үздік педагог ҚазБСҚА», 2015 және т.б.

Академияда 20 жылдан астам уақыт ішінде 100 ге жуық студенттер мен магистранттардың дипломдық жобалар мен магистрлік диссертациялардың жетекшісі болды.

 

Құрметті қонақтар!

Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультетінің өмірі жан жақты. Осы блогтың мақсаты – біздің факультетіміздің қызметі туралы айту. Факультеттің жетістіктері туралы айта келе, біз отандық қана емес, шетелдік білімі мен жұмыс өтілі бар жоғары санатты профессорлар-оқытушылық құрамның бар екендігін атап кетуді жөн көрдік, олар өздерінің тәжірибелерін ғана емес, тілдерді де сәтті қолдануда. Сонымен қатар, қазіргі заманға сай ДК мен жаңа аспаптармен жабдықталған зертханалар ең сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітеді. Осының нәтижесі - студенттеріміздің Республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлардағы жүлделі орындардың иегері атануы.

Егер Сіз сапалы білім алып, үш тілді жетік білетін, талап етілген кәсіпқой болғыңыз келсе, ҚазБСҚА студенті атануға шақырамыз. Нақты ақпарат алу үшін ҚазБСҚА-ға келуіңізге немесе біздің электрондық мекен-жайға хабарласуыңызға болады. Біз әрдайым білгенімізбен бөлісуге және кез келген қызықты әрі үдемелі идеяларды қолдауға дайынбыз. 

 

Құрметпен Өміржанова Жанат

 

 

omirzhanova@inbox.ru