ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

15

Жел

Қазақ-Америка университеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

толық >>

12

Жел

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сандық Қазақстан» және «Қоғамдық сананы жаңғырту» (Рухани жаңғыру) Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау үшін 2018 жылдың 10 қыркүйегінен 15 қыркүйегіне дейін Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының базасында «BIM технологиясы: ғимараттарды ақпараттық модельдеуді енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында мамандандырылған дәрістер топтамасы ұйымдастырылды. Лектор - СГУГИТ доценті, BIM технологиясы бойынша жетекші сарапшы, қазіргі заманғы дизайн және құрылыс практикасында BIM-ді енгізу бойынша белгілі сарапшы, көптеген (200-ден астам) басылымдардың авторы Владимир Васильевич Талапов.

толық >>

желтоқсан

19

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Тарихы

Тарихы

Еуразия мектептерінің VIII халықаралық сәулет, құрылыс  және дизайн фестивалі

 

                2018 жылдың 16-17 қарашасында Молдова техникалық университетінің, Қала Құрылысы және Сәулет факультетінде Еуразия мектептерінің VIII халықаралық сәулет, құрылыс  және дизайн фестивалі өтті.

                Еуразия мектептерінің халықаралық сәулет, құрылыс  және дизайн фестивалі жыл сайын өтеді. Кездесу орны жыл сайын  сәулет және құрылыс университеттері немесе факультеттері бар әртүрлі елдерде ұйымдастырылады.

                Үздік дипломдық жұмыстың халықаралық конкурсында 2018 жылғы Еуразия университеттерінің  сәулет, дизайн және құрылыс бойынша дипломдық қорытынды жұмыстары қатысты.

         2018 жылдың 16 қарашасында Еуразия мектептерінің VIII халықаралық сәулет, құрылыс  және дизайн фестиваліның салтанатты ашылуы FUA көрме залында өтті. Оған Азия мен Еуропаның 17 елінен келген 63 жоғары оқу орнының ректорларымен профессорлары қатысты.

Ашылу барысында Қазақстан Республикасының, Молдова Республикасының және Түркия Республикасының әнұраны естілді. Халықаралық фестивальдің ашылуында құттықтау сөздері келесі қонақтарға берілді:

 

ü  Молдова Республикасының білім, ғылым және мәдениет министрі Моника Бабук ханым;

ü  Молдова техникалық университетінің ректоры Виорел Бостан мырза;

ü  Қазақ бас сәулет және құрылыс академиясының президенті, Халықаралық фестивальді ұйымдастырушы Құсаиынов Әмірлан Айдарбекұлы мырза;

ü   Түркі әлемі инженерлері мен сәулетшілері одағының Бас хатшысы Ильяс Демирчи мырза;

ü  Новосибирск мемлекеттік сәулет және құрылыс университетінің ректоры Юрий Леонид Сколубович мырза;

ü  Одесса мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясының ректоры, Ковров Анатолий Владимирович мырза;

ü  Сәулет және қала құрылысы университетінің, академиялық және студенттік мәселелер жөніндегі проректоры Тиберий Флореску мырза.

 

Фестиваль бағдарламасы бойынша ашылу салтанатынан кейін үздік дипломдық жұмыстың халықаралық байқау қазылар алқасының мүшелері өз жұмыстарын бастады. Конкурсқа Сәулет, Дизайн, Құрылыс, Құрылыс Материалдарын, Бұйымдарын және Конструкцияларын Өндіру, сондай-ақ Ағаш өңдеу Технологиясы және Ағаштан Жасалған Бұйымдар  мамндықтарының 383  финалдық дипломдық жұмыстары қатысты. Қазылар алқасы әртүрлі жоғары оқу орындарының 40-тан астам жетекші профессорлары әртүрлі номинациялар бойынша жұмыс істеді.

                2018 жылдың 17 қарашасында Фестиваль қонақтары үшін 1949 жылы шығарылған сирек трамвай бойынша экскурсия ұйымдастырылды, ол Кишинев  қаласы үшін маңызды болып табылады. Фестиваль қатысушылары Молдова Республикасының Ұлттық Көркемсурет мұражайында болды. Орта ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын жинақта шамамен 33 мың қойма бар. Мұражайда тұрақты орыс, еуропалық және шығыс бейнелеу өнері экспозициялары бар. Молдова бейнелеу өнері (мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме) кеңінен қамтылған. Орыс кескіндемедесінде Орест Кипренский, Иван Иванов, Василий Перов, Алексей Саврасов, Иван Айвазовский, Иван Шишкин, Илья Репин және басқа да суретшілердің шығармалары ұсынылған.

                Фестиваль қатысушыларына арналған гала кеші «MoldExpo» көрме кешені, «Casa sárbatorii» мерекелік залында өтті. Салтанатты рәсімде Шымкенттен келген профессор домбыра күйі музыкалық номермен шықты, бұл домбыра ТУМ ректоры В.Бостан мырзаға естелік ретінде сыйлық етілді. Халықтық ансамбль мен Кишиневтің балалар хоры гала кешін керемет ұлттық, әсем ноталармен  қызықты өткізді. Сондай-ақ, гала кешінде  2018 жылдың ең жақсы  дипломдық қорытынды жұмыстарының халықаралық байқау конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

                Фестивальдің жабылу салтанатына қатысушылары: «Көптеген елдер біздің фестивалді біледі, әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады, бізде  диплом  жұмыстарының байқауы адал  өтеді» деген пікірлер білдірді. 

                 Қатысушылар  Еуразия мектептерінің халықаралық сәулет, құрылыс  және дизайн фестивалінің бастамашысы және ұйымдастырушысы ҚазБСҚА президенті Әмірлан Құсаинов мырзаға  осы шараны ұйымдастыру және кездесу  мүмкіндігі  үшін ерекше алғысын білдірді.

                Ал енді біз Молдова техникалық университетінің ректоры Виорел Бостан мырзаға, Қала Құрылысы және Сәулет Факультетінің деканы Сержио Бижан мырзаға және осы факультетінің қызметкерлеріне жылы қарсы алғаны және  әдемі қалаға, университетке тамаша саяхатқа барғанымыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

                Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар мен одан да жоғары жетістіктер тілейміз! Келесі фестивальде кездескенше!

 

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт1.jpg

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт2.1.jpg

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт2.jpg

 

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт2.3.jpg

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт4.jpg

Описание: C:Users�1Desktop8сайт5.1.jpg

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт6.1.jpg

Описание: C:Users�1Desktop8сайт5.jpg

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт6.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт8.jpg

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт7.jpg

 

Описание: C:Users�1Desktop8сайт9.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт10.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт12.1.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт12.3.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт12.4.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт12.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт13.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт14.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт15.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт16.1.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт16.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт17.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт18.1.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт18.jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт19 (2).jpgОписание: C:Users�1Desktop8сайт20.jpg