ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Сәулет факультеті → Факультет тарихы

СӘУЛЕТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАРИХЫ

Сәулет факультетінің тарихы

Сәулет Факультеті (СФ) 1966 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты қабырғасында  «Қалақұрылысы» және «Сызба геометриясы» кафедраларының базасында құрылды, алғаш рет сәулет мамандығына 1961 жылы студенттер қабылданды. Факультет өзегі 1964 ж. құрылған «Қалақұрылысы» деген кафедра болды. Отандық сәулет мектебінің негізін қалаушы тұңғыш қазақстандық сәулетші-ғалым, - Ленинград сәулет мектебінің түлегі, профессор Гофман мен академик Щусевтің шәкірті, 1936 жылы құрылған Қазақстан сәулетшілер одағының тұңғыш төрағасы, КСРО Сәулет және құрылыс академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КРО еңбек сіңірген құрылысшысы Т.К.Басенов ҚазПТИ сәулет кадрларын дайындау орталығын құру үшін үлкен күш жұмсады.

Сәулетші мамандардың алғашқы түлектері республиканың атақты сәулетшілері Н.И.Рипинский мен А.К.Капановтың төрағалығымен 5,5 жылдықтан 5 жылдық оқуға көшуге байланысты 1966-1967 жылдары қыста және жазда жүзеге асырылды. Ол кезде факультетте Т.К.Басенов, Р.А.Сейдалин, М.С.Кенбаев, И.И.Белоцерковский, Х.Н.Наурызбаев, Ю.Б. Туманян, Б.А. Глаудинов, П.Д.Усачев, С.А.Мамбеев, М.Р.Ізбасар, С.Ю.Алтайбаева, А.А.Ухоботов және басқа оқытушылар еңбек етті. Көбінесе олар мәскеулік және ленинградтық жоғары оқу орындарының түлектері болатын. Кафедраның саны үнемі өсіп отырды: 1967 жылы «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті» кафедрасы ашылды (кафедра меңгерушісі Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетші, доцент Р.А.Сейдалин болып табылды); 1972 жылы "Сәулет тарихы және сәулеттік конструкциялар" кафедрасы (кафедраны еңбек сіңірген сәулетші М.М.Мендикулов басқарды.); 1977ж. "Сурет" (кафедра меңгерушісі халық суретшісі М.С.Кенбаев болды) кафедрасы құрылды және 1980ж. ҚазКСР халық суретшісі Х.Н. Наурызбаевтың жетекшілігімен "Кескіндеме және мүсін" кафедрасы құрылды.

ҚазПТИ сәулет және құрылыс факультеттерінің базасында Алматы сәулет-құрылыс институты (АСҚИ) құрылғаннан кейін 1980ж. «Сәулеттік жобалау негіздері» (кафедра меңгерушісі доцент, сәулет кандидаты А.Ж.Әбілов болды) кафедрасы ашылды.

1992ж. АСҚИ ҚазБСҚА (Қазақ мемлекеттік сәулеттік-құрылыс академиясы) болып өзгертілген соң «Сәулеттік орта дизайны» кафедрасы (кафедраны сәулет кандидаты, доцент Ю.И.Бахмутов басқарды) ашылды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы болып өзгертілді. 2005ж. сәулет факультетінің құрамынан дизайн факультеті бөлініп шықты.

Сәулет факультетінің негізі құрылғаннан бері А.Д. Кузютин, Ю.В. Круглов, Б.А. Глаудинов, С.Р. Букейханов, М.И. Лесовиченко, Б.Х. Шакербай, Ю.И. Бахмутов, А.Ж. Әбілов, Г.К. Сәдуақасова, К.Г. Жомартовалар декан болып қызмет атқарды. Бүгінгі күні факультет деканы академиялық профессор, сәулет кандидаты, Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі Г.Р. Исходжанова болып табылады.

Факультет филиалдары

Қазіргі уақытта оқу сабақтары мен практика өткізілетін сәулет факультетінің 12 филиалы бар («Алматыгипрогор-1» ЖИ ЖШС, «KAZGOR» ПА, «Қалақұрылыстық жобалау орталығы», «Урбостиль» ЖШС, «Қала» ПФ АҚ, деген «Казгипоград-1» ЖШС және басқа). Факультет филиалдары – әйгілі сәулет-жобалау фирмалары. Жыл сайын филиалдарға 60 кредитке дейін оқу жүктемесі бөлінеді: дипломдық, курстық жобалар, оқу жобалау және диплом алды практикаларға жетекшілік.

Факультет 5В042000 – «Сәулет» мамандығы бойынша мамандар дайындайды:

 - «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттың сәулеті» - сәулет-көркемдік аспектілер, сондай-ақ инженерлік мәселелерді қамтитын ғимараттар мен имараттарды жобалау саласында кешенді дайындық.

- «Қалақұрылысы» - елді мекендерді жоспарлау, қалақұрылысын қайта құру, қалақұрылысы экологиясы саласындағы дайындық - зерттеу, жобалау, басқару, сараптама, жүзеге асыру.

- «Ландшафттық сәулет» - ұлттық саябақтар, қоныс құрылымында ландшафтық сәулет нысандарын ландшафтық жобалау: саябақтар, бақтар, тынымбақтар, гүлзарлар, жаяу жүргінші аймақтары, жағалаулар, сәулет нысандары құрылымында жергілікті ландшафтық құрылыстар.

- «Сәулет ескерткіштерін қайта құру және қалпына келтіру» - сәулетшілік, мәдениет тарихы ескерткіштерін зерттеу, қалпына келтіру, сақтау.

2007ж. қазанында сәулет факультетінде 050420-«Сәулет» бакалавриат мамандығын халықаралық аккредитациялау бойынша Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының президенті, Мәскеу сәулет институтының президенті (мемлекеттік академия), сәулет докторы, профессор А.П.Кудрявцевтің төрағалығымен Халықаралық Сәулетшілер Одағы (ХСО)-ЮНЕСКО комиссиясы жұмыс істеді.  08.11.2007ж. Барселонада (Испания) ХСО-ЮНЕСКО штаб квартирасында комиссия мәжілісінде ҚазБСҚА алғаш рет Орталық Азияда, сондай-ақ Оңтүстік-шығыс Азия аймағында «Сәулет» мамандығы бойынша халықаралық аккредитацияға ие болды. 2011ж. шілдесінде келесі 3 жылға «Сәулет» бакалавриат білім беру бағдарламасының RIBA (Британдық сәулетшілердің корольдік институты) - МСА-ЮНЕСКО реаккредитация рәсімі өткізілді.

Сәулет факультетінің оқу үрдісінде заманауи компьютерлік графикалық бағдарламалар пайдаланылады. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2011-2012 оқу жылынан бастап СФ I курсында ағылшын тілінде оқитын топ құрылды.