ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Сәулет факультеті → Оқу бағдарламалары

СӘУЛЕТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Факультет 5В042000 – «Сәулет» мамандығы бойынша келесі маманданымдар даярлайды:

 

• «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті» - сәулет-көркемдік аспектілер және инженерлік мәселелер қамтылған ғимараттар мен құрылыстарды жобалау саласындағы кешенді даярлау.

• «Қала құрылысы» - елді қоныс орындарды жобалау, қала құрылысын қайта құру, қала құрылысы экологиясы саласында даярлау – зерттеу, жобалау, басқару, сараптамалау, жүзеге асыру.

• «Ландшафтық сәулет» - қоныстар құрылымында ұлттық парктерді, ландшафтық сәулет нысандарын ландшафтық жобалау: парктер, бақтар, саябақтар, бульварлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, жағалаулар, сәулет нысандары құрылымында жергілікті ландшафтық құрылымдар.

• «Сәулет ескерткіштерін қайта құру және қалпына келтіру» -  сәулет өнерінің, мәдениет тарихының ескерткіштерін зерттеу, қалпына келтіру, сақтау.

 

2007 жылдың қазан айында сәулет факультетінде Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының президенті, Мәскеу сәулет институтының (мемлекеттік академия) президенті, сәулет докторы, профессор Кудрявцев А.П. төрағалығымен 050420-«Сәулет» бакалавриат мамандығын халықаралық аккредитациядан өткізу жөнінде Сәулетшілердің халықаралық одағы (СХО)-ЮНЕСКО комиссиясы жұмыс істеді. 08.11.2007 жылы Барселонада (Испания) СХО-ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өткен комиссия отырысында ҚазБСҚА Орталық Азияда және де барлық Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде алғашқы болып «Сәулет» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредитациядан өтті. 2011 жылдың шілде айында «Сәулет» бакалавриат білім беру бағдарламасы RIBA (Британ сәулетшілерінің Корольдық институты) - СХО-ЮНЕСКО аккредитациясын келесі 3 жылға ұзартты.

Факультетте «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша күндізгі оқу түрінде 1034 студент және сырттай-қатысу оқу түрінде 125 студент, сонымен қатар 34 адам магистратурада оқытылады.

Сәулет Факультетінің оқу үдерісінде қазіргі заманғы компьютерлік графикалық бағдарламалар қолданылады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.  2011-2012 оқу жылынан бастап СФ I курсында ағылшын тілінде оқыту тобы қалыптастырылды.