ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Студенттерге → Студенттер үлгерімін бақылау

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҮЛГЕРІМІН БАҚЫЛАУ

Барлық білім беру технологиясының тиімділігін, дұрыстығын және сапасын арттыру үшін оқыту және білімдерді бағалау үдерістері бөлінген. Білім алушылардың білім сапасын бақылауды ұйымдастыру үшін Тіркеуші Кеңсесі құрылды, ол тікелей президиумге бағынады.

ҚазБСҚА-да емтихандық сессия өткізуге екі апта бөлінеді. Емтихандар кестесін Алшақтан Білім беру және Тестілеу Департаменті және Компьютерлік-Техникалық Орталық (АБТД-КТО), Тіркеуші Кеңсесі жасайды. Кесте емтихандық сессия басталғанға дейін ең кемінде 1 ай бұрын бекітіледі. Сессия бойы барлық мамандықтар мен даярлау бағыттары үшін 2–4 кешенді естихан өткізу жоспарланады. Пәндер кешенді емтиханға біртектілік және туыстық қағидасы бойынша біріктіріледі. Білімдер үлгерімін бағалау сессия кезінде ғана емес, семестр бойы да бағаланады. Ағымды және аралық бақылауды барлық түрлері және білім алушылардың білімдерін сәйкес бағалауды (рейтингілік бақылау) оқу жылы бойы 4 рет (әрбір семестрдің 8-ші және 15-ші аптасында) сабақтан кейін оқытушы өткізеді.

Рейтингілік бақылау бір апта бойы күннің екінші жартысында өткізіледі. Рейтинг нәтижелері өткен кезең (апта) үшін 100% шкаламен бағаланады және емтихандық-рейтингілік тізімдемеге кіргізіледі.

1-ші және 2-ші рейтингтер қорытындылары және қатысу көрсеткіштеріне қарай сессияға рұқсат рәсімделеді. Емтихандық сессия академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімдерде өткізіледі. Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау – емтихан өткізіледі. Емтихан келесі түрде өтеді: компьютерлік тестілеу, жазбаша емтихан, ауызша емтихан. Студенттерге емтихан тапсыру кезінде тілді таңдау мүмкіндігі беріледі (қазақ немесе орыс). Ауызша емтихан тек вице-президенттің рұқсатымен шектеулі шамада міндетті түрде негізделіп өткізіледі. Емтихан кешенді түрде, бірден логикалық сәйкестігі бар 2–3 пән бойынша өткізіледі. Емтиханды бір немесе төрт пән бойынша өткізу рұқсат етіледі. Бірінші курс студенттері әдетте бір ағынмен өтеді. Жазбаша немесе ауызша емтихан әр пән үшін жеке билеттер бойынша жүргізіледі. Билет сұрақтары түсінікті, әрі қысқа, ал оған берілетін жауап та мазмұнды әрі қысқа болатындай етіп жасалу керек. Емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін Тіркеуші өкілі жауапты болады. Емтиханда кешенді емтиханның негізгі пәндерін жүргізетін оқытушылар болу керек. Жазбаша емтихан аяқталған соң, ТК өкілі жауаптарды шифрлап, құрамында емтихан өткізген оқытушы бар комиссияға тексеруге береді. Қорытынды емтихан бағасы қойылғанда емтиханнан алынған баға және бірінші, екінші рейтинг нәтижелері бойынша семестр бойы ағымды үлгерімнің орташа баллы ескеріледі. Емтихан бағасын қою кезінде келесі ескеріледі: 60% емтихан кезінде алынған нәтижелер, 40 % - ағымды үлгерім нәтижелері. Емтихан нәтижелері және қорытынды бағалар келесі емтихан басталғанға дейін (соңғы емтихан үшін сессия аяқталғанға дейін) деканаттардың жанында ілінеді. Білім алушылар рейтингілік бақылау өткізілген соң үш күн ішінде апелляцияға бере алады, пәндік апелляциялық комиссия құрамы факультет деканымен бекітіледі. Рейтингілік бақылауға себепті қатыспаған тұлғалар факультет деканы (Колледж директоры) берген жолдама бойынша рейтингілік бақылаудан жеке өтуге құқығы бар.

Сырттай білім алушылар үшін аралық бақылау пәннің теориялық курсы аяқталғанда бір рет өткізіледі (Р=Рорт). Білім алушылар пән бойынша барлық зертханалық жұмыстар, бақылауар, есептеу-графикалық және курстық жұмыстар тапсырылған жағдайда емтиханға жіберіледі. Ақылы негізде күндізгі және сырттай білім алушылар оқыту келісімшартына сәйкес ағымдағы оқу кезеңі үшін оқу ақысы толық төленген жағдайда емтихандық сессияға жіберіледі. Емтиханға (емтихандарға) немесе барлық емтихандық сессияға себепті ықатыспаған жағдайда (жағдайын сәйкес құжатпен растаған жағдайда) білім алушы емтихандық сессияны тапсыру мерзімдерін ұзартуға құқылы. Өтініштер президент атына жазылады. Растаушы құжат ретінде медициналық анықтама ұсынылған жағдайда өтініш ем-шара аяқталған соң үш оқу (жұмыс) күннен қалмай жазылу керек. Емтихандық сессия аяқталғанға дейін білім алушы немесе оның заңды өкілі (өзі хабарлай алмаған жағдайда ата-анасы, жұбайы)  сессиядан қалу себебі туралы ТК хабарлау керек.

Емтихандар нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады. Пән бойынша емтихан бірнеше топтан алынған болса, нәтижелерін келесі күні хабарлауға рұқсат етіледі. Үлгерімі туралы ақпаратты www.esoft.kz сайтынан білуге болады.

Апелляцияға өтінішті білім алушы өзі Тіркеуші атына келесі мерзімдерде беру керек:

• компьютерлік тестілеу немесе ауызша емтихан – емтихан өткізілген күні;

• жазбаша емтихан – емтихан өткізілген күннен кейінгі үш күн ішінде.

Апелляция апелляциялық комиссиямен ауызша түрде емтихан билеті немесе компьютерлік тестілеу нұсқасы бойынша өткізіледі. Емтиханды қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

Пәндерді қайта оқу қысқы және жазғы каникулдар кезінде  келесі білім алушылар үшін ұйымдастырылады:

• емтихандық сессия бойынша 1–2 пәннен "F" бағасы бар;

• келесі курсқа ауысу үшін жеткіліксіз GPA (СПБ) бар;

• семестр ішінде тілдік пәндер бойнша білімдерін бір деңгейге көтере алмаған;

• кәсіптік тәжірибе бағдарламасын орындамаған немесе емтихандық сессия қорытындылары бойынша тәжірибеден "F" бағасы бар;

• пән бойынша аудиторлық сағаттың 25%-дан астамына қатыспаған.