ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Хабарлама

АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ

2017 жылдың 16-20 қаңтар аралығында сағат 14:00-17:00-де Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында “Ашық есік аптасы” өткізіледі.  09.01.2017 

Жаңалықтар

Негізгі бет → Студенттерге → "Scholarships" арнайы стипендиясы

Стипендиялар

«SCHOLARSHIPS» АРНАЙЫ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

 

     1) «Scholarships» арнайы спипендиясы  (ары қарай текстте - арнайы стипендия) ақылы негізде білім алатын, бірақ әртүрлі жағдайға байланысты (отбасылық жағдайы, денсаулығы, қаржылық жағдайы және т.б.) оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ - ең дарынды ХБК/ҚазБСҚА және ҚАУ магистранттарына, студенттеріне, білім алушыларына тағайындалады.

    2) Арнайы стипендия келесідей жағдайларда тағайындалуы мүмкін:

·  магистратура, бакалавриат, колледжде білім алушыларға – әр факультетте (мамандықта) ақылы негізде білім алатындардың жалпы санының 15%-нан аспайтын, оның ішінде: 3%-ға дейін 100% стипендия, 6%-на дейін   50% стипендия, 6%-на дейін  25%;

·  ҚАУ жанындағы мектептің (5-11 сынып) оқушыларына, сонымен қатар сырттай білім алушыларға – факультет (колледж, мектеп), контингентінің  жалпы санының 10%-нан аспайтын, оның ішінде: 2%-ға дейін 100% стипендия, 4%-ға дейін 50% стипендия  және 4%-ға дейін 25%;

    3) «Scholarships» спипендиясы тағайындалады: күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға - бір оқу семестіріне; ҚАУ жанындағы мектеп оқушыларына - бір жартыжылдыққа; сырттай оқу бөлімінде білім алушыларға – бір оқу жылына беріледі.

4) ҚР азаматтармен қатар арнайы стипендия ҚР азаматтары болып табылатын білім алушыларға, сонымен қатар ҚР-ның азаматтығы жоқ* тұрғылықты тұрғын адамдарға және  ҚР-ның азаматтығы жоқ* қазақ ұлтының өкілдеріне, Басқа да шет ел азаматтарына тағайындалады (*ХБК/ҚазБСҚА/ҚАУ қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және  т.б жағдайларда). 

    5) Күндізгі бөлім білім алушыларына арнайы стипендия қатарынан 2 реттен артық тағайындалмайды. Сырттай білім алушыларға арнайы стипендия 2 рет қатарынан берілмейді.

    6) 100%-дық  арнайы стипендиясының міндетті және қажетті шарттары:

Соңғы емтихандық сессия нәтижесі бойынша оқу үлгерімі үздік («А-» бағасынан төмен емес), оқу-ғылыми-зерттеу іс-шараларына қатысу (конференцияларда баяндамалар оқу, басылымдар дайындау және т.с.с.) және акаде-мияның/университеттің қоғамдық өміріне қатысу; жоғары оқу орнының жетістіктерін насихаттау және ҚазБСҚА/ҚАУ-дың жоғары беделін қолдау; студенттер мен ұзтаздар ортасындағы еңбегі сіңген абройының болуы.

    7) 50 %–дық арнайы стипендия 100% -дық арнайы стипендияға қойылған талаптар бойынша тағайындалады, бірақ ережеге сәйкес білім алушылардың соңғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша тек 1 «В» бағасы болуы шарт.

    8) 25 %–дық арнайы стипендия 100% -дық арнайы стипендия мен 50 %–дық арнайы стипендияға қойылған талаптар бойынша тағайындалады, бірақ ережеге сәйкес білім алушылардың соңғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша тек 2 «В» бағасы болуы шарт.

    9) Ұлттық бірыңғай, кешенді тестілеулер нәтижесі бойынша немесе қабылдау емтихандарынан жоғары балл алған, магистратура, бакалавриат, колледждің күндізгі оқу бөліміне, бірінші курсқа түскен білім алушыларға 100%-дық, 50%-дық, 25%-дық арнайы стипендия алғытөлем болып тағайындалуы мүмкін.

Келісім бойынша бірінші емихандық сессия үлгерімін дәлелдеген жағдайда көрсетілген 1 кесте  бойынша жеңілдік қарастырылады. Басқаша жағдайларда білім алушы өткен семестрдің (жартыжылдық) оқу ақысын толық төлеуге міндетті. 1- семестрге (жартыжылдық) стипендияны  алғытөлеммен алып, 2 семестр (жартыжылдық) конкурсына қатысуға өтінішін тапсырмаған талапкер, емтихандық сессия нәтижесі үздік болса да, 2 семестрге (жартыжылдық) берілетін арнайы стипендия конкурсына қатыспайды.

 

Кесте 1

 

№ п/п

Талапкерге тағайындал-ған

Бағалары

I семестр

II семестр

Жылдық орташа жеңілдік

 

 

1

100% болды

Барлығы "А"

100

100

100

Бір "В"

50

50

50

Екі "В"

50

25

37,5

Үш "В" және одан да көп

-

-

-

 

 

2

50% болды

Барлығы "А"

50

100

75

Бір "В"

25

50

37,5

Екі "В"

25

25

25

Үш "В" және одан да көп

-

-

-

 

 

3

25% болды

Барлығы "А"

25

100

62,5

Бір "В"

-

50

25

Екі "В"

-

25

12,5

Үш "В" және одан да көп

-

-

-

 

    10) Шағын топтардың білім алушыларына арнайы стипендия тек ерекше жағдайда ғана тағайындалады (бекiтiлген байқау комиссиясының шешімі негізінде).

    11) Бақылаудағы шаралардың күнтізбесі бойынша бекітілген мерзімге дейін арнайы стипендия  үміткерлері Президенттың атына материалдық қиыншылық себептерін көрсетіп, бекітілген формадағы арнайы бланкідегі өтінішті толтырып өткізеді. Тағайындалатын арнайы стипендия байқауына қатысу үшін, өтініш бланкісін арнайы стипендия тағайындау байқауына қатысқысы келетіндер мен үміткерлерге арналған Ережеде анықталған критерийлерге сәйкес келетін барлық білім алушыларға Тіркеуші офисінің  жауапты маманы береді. Өтініш беру арнайы журналға тіркеледі. Байқауға қатыспайтын өтініштер осы журналға қайтару туралы белгі қойылып Тіркеуші офисімен қайтарылады. Өтініш беру байқау комиссиясының отырысы басталуына 5 күн қалғанда тоқтатылады. Өтінішке міндетті түрде сәйкес құжаттар тіркеледі.  Қажетті құжаттардың ең аз тізімі арнайы өтініш бланкісінде көрсетіледі. Сырттай білім алушыларға арнайы стипендия тағайындау барысында осы Ереженің 5 тармағындағы шарттарға қоса негізгі немесе уақытша жұмыссыздығы (жергілікті әлеуметтік қорғау және қамту органдарының растау анықтамасы қажет) немесе мүгедектік, еңбекке ұзақ жарамсыздығы т.с.с. ескеріледі. Оқу ақысы мекемелер (өндіріс) есебінен төленетін білім алушылар  арнайы стипендия тағайындау байқауына қатыса алмайды.     

     12) Студенттердің өтініштерін ҚазБСҚА/ҚАУ вице-президенттың басқаруымен конкурстық комиссия қарастырып, шешім қабылдайды. Байқау комиссиясының бекітілген құрамы туралы бұйрық әр оқу жылының басында ХБК президентінің бұйрығымен бекітіледі.     

     13) Байқау комиссиясының отырысында міндетті түрде хаттама рәсімделеді. Шешім байқау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беруімен қабылданады. Байқау комиссиясының мүшесі бір үміткер бойынша шешімге келіспеушілігі болған жағдайда, комиссия мүшесінің айырықша пікірі хаттамаға жазылады. Конкурстық комиссия шешімі, президент бұйрыққа қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

     14) Факультет декандары және директорлар (колледждер, ҚАУ жанындағы мектеп) екі күн ішінде конкурс комиссиясының шешімімен білім алушыларды қол қойдырып таныстырады.

    15) Конкурс нәтижесі бойынша арнайы стипендия тағайындалмаған білім алушыларға конкурстық комиссиядан кейін оқу ақысын төлеуге 10 күн уақыт беріледі.

    16)

 

Арнайы стипендиясының қаржыландыру – ХБК, ҚазБСҚА/ҚАУ қаражатынан жүзеге асыру.