ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

24

қыр

17.09.2019 жылы ҚазБСҚА "Қысқы бағында" Кітапхана ҚР БҒМ Web Of Science компаниясының серіктестерімен бірлесе отырып, ҚазБСҚА, ҚАУ профессорлық - оқытушылық құрамына арналған 1-ші оқу тренинг-семинарын өткізді. Тренингті компанияның дипломды маманы Инеш Кенжина жүргізді.

толық >>

қазан

19

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Ішкі тәртіп ережелері

Ішкі тәртіп ережелері

 

 

1.   Жалпы ереже

 

Осы «ҚазБСҚА» АҚ (бұдан әрі- ҚазБСҚА) ішкі тәртіп ережелері (бұдан әрі –ІТӘ) Қазақстан Республикасының қолданыста-ғы заңнамасының нормаларына, инструктивті құжаттарына және білім және еңбекті ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік органдардың нормативтік актілеріне, сонымен қатар «ҚазБСҚА» АҚ Жарғысына сәйкес дайындалған.

ҚазБСҚА жұмысшыларының: профес-сорлық-оқытушылар құрамының (бұдан әрі–ПОҚ)  және қызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушыларының (студенттердің, магистранттардың, тыңдаушылардың, докто-ранттардың)  еңбек және оқу тәртібі олардың өз міндеттерін адал орындалуына негізделеді.

 

2.  Бөлмелердегі тәртіп

 

 ҚазБСҚА ғимараттарында тыйым салынады:

 а) коридорда сырт киіммен және бас киіммен жүруге;

 б) шулап қатты сөйлеуге;

 в) компьютерлік ойындар;

 г) отырыстар мен шулы іс-шаралар  өткізуге;

 д) есірткі, темекі заттарын, сағыз қолдануға және алкогол ішімдіктерін ішуге;

 е) отпен атылатын, травматикалық, пнев-матикалық, газ қаруларын; пиротехникалық бұйымдарын; улы және жарылатын химиялық препараттарды және сұйықтықтарды; сонымен қатар суық қаруларды:  кесетін/жаралайтын, кастеттер, нунчактар, электрошокерлер, керме ағаштар және басқа да денсаулыққа, қоршаған ортаға және мүлікке зиян келтіретін бейімдемелерді және құрылымдарды өзімен алып кіруге;

 ж) сабақ жүріп жатқан кезде оқу дәрісханасына қызметкерлерге немесе бөгде тұлғаларға кіруге;

 е) қызметкерлерге немесе бөгде тұлғаларға ҚазБСҚА ғимараттарына жұмыс уақытынан тыс уақытта ҚазБСҚА Президентінің сәйкес рұқсатынсыз кіруге.

        

ҚазБСҚА ғимараттарында рұқсаттық тәртіп әрекет етеді: оқу корпустарына кіру сағат 8.00 ден 17.00 дейін: дүйсенбіден жұмаға дейін қатаң рұқсат қағаз бойынша: білім алушыларды – сәйкестендірме куәліктері бойынша (ID).

Сабаққа кешігіп келген білім алушылардың ID алынады және кешігіп келудің себептерін анықтау үшін акт бойынша деканат-қа беріледі.

Сабаққа кешігіп келген білім алушыларға және оқытушыларға қатысты қолданған шара-лар туралы мәліметтер декандармен сол күні оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға және ғылым жөніндегі проректорға және ХҚжТ жөніндегі проректорға  беріледі.

Студенттер үйіне кіру рұқсат қағаз бойынша сағат 600 ден сағат 2300 дейін жүзеге асырылады. Бөгде тұлғалар кіру үшін – қатаң түрде белгіленген уақытта жеке басын анықтайтын құжаттар беруі тиіс. Студенттер үйінде және жатақханада қонаққа келген туыстарының тұруына тыйым салынады.

           

3.    Оқу уақытының тәртібі

 

ҚазБСҚА оқу сабақтары жұмыс оқу жоспарлары және бағдарламаларына (силлабус-тар) сәйкес белгіленген тәртіпте бекітілген сабақ кестелері бойынша жүргізіледі.

Оқу кестесі, қағида бойынша бір семестрге жасалады және әр семестр басталардан 10 күн бұрын ілінеді.

Оқу сабақтарының басталу уақыты сағат 830.

Академиялық сағат ұзақтығы 50 минутты құрайды. Оқу сабағының басталуы және аяқталуы туралы оқытушылар және білім алушылар қоңырау арқылы хабарланады. Қоңыраудан кейін білім алушыларға дәрісханаға кіруге тыйым салынады.

Білім алушылар үшін сабақтар арасында ұзақтығы 10 минут  үзіліс белгіленеді.

Білім алушылар үшін үлкен үзіліс – 40 минутты құрайды, сағат 12.20 дан 13.00 дейін.

Әр оқу сабағының басталуына дейін (үзілістер кезінде) оқу дәрісханаларында, зертханаларда және шеберханаларда, сонымен қатар бөлмелерде зертханашылар және ассистенттер келесі сабақтарды жүргізуге қажет оқу құралдарын, препараттарды, құрылғыларды және жабдықтарды дайындайды.

Факультет декандарына көмекші ретінде әр факультетте студенттік деканат құрылған.

Студенттік деканатты факультеттің  студенттік белсенділерінің жалпы жиналысында өткізілген сайлау нәтижелері бойынша  лауа-зымына Президенттің бұйрығымен тағайын-далған  студенттік декан басқарады. Студенттік декан тікелей факультет деканына және студенттік жастар комитетінің төрағасына бағынады.

Студенттік деканына көмекші ретінде  факультет деканының өкімімен курс староста тағайындалады. 

Курс старостасы тікелей студенттік деканға, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, АЖжХБ жөніндегі декан орынба-сарына және студенттік жастар комитетінің құрамына кіреді.

Әр оқу тобында факультет деканының өкімімен оқу тобының старостасы тағайын-далады.

Білім алушылар дәрісханаға оқытушы және/немесе ҚазБСҚА басшылары кірген кезде, қағидаға сәйкес, тұрып салемдеседі.

Білім алушылардың сабаққа келуін оқытушы сәйкес  журналға белгілейді.

ҚазБСҚА білім алушылары міндетті:

а) таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімді әрдайым және терең меңге-руге және тәжірибелік дағдыларды меңгеруге;

б) барлық оқу түрлеріне қатысу және белгіленген уақытта оқу жоспарымен және бағдармалармен қарастырылған барлық тапсырма түрлерін орындауға ;

в)  емтихандарды уақытында тапсыруға;

г) қоғамдық-пайдалы еңбекке белсенді қатысуға;

д) Ішкі тәртіп ережелерін, білім алушы-ларды оқуға қабылдау, аттестаттау және бітіртіп шығару  және оқу үдерісінің және тәжірибе регламенттерінің шарттарын, Студенттер Үйіне орналасу және тұру Ережесін орындауға;

е) тәртіпті болуға, жоғарғы оқу орнында және қоғамдық орындарда таза киінуге;

ж) ҚазБСҚА беделін арттыруға және қамын ойлауға;

з) ҚазБСҚА мүлкіне, оқу құралдарына, кітаптарға, құрылғыларға және басқа да жабдықтарға ұқыпты және мұқият қарауға;

и) оқу дәрісханаларында (сыныптарда) зертханаларда, шеберханаларда, бөлмелерде  тазалықты сақтауға;

к) сабақ өткізу барысында тыныштықты сақтауға;

л) ҚазБСҚА ғимаратына және аумағына кіргенде өз рұқсатнамасын қолдануға және өзге тұлғаларға өз рұқсатнамасын және ID қолдануға бермеуге;

Білім алушылар сабаққа келмеген жағдайда келмеу себебі туралы факультет деканын міндетті түрде келесі күннен кешік-тірмей хабарлауы тиіс. Ауырған жағдайда білім алушылар факультет деканына, қосымша білім беру құрылымдарының басшыларына белгі-ленген үлгідегі емдеу мекемесінің (күндізгі бөлім студенттері дәрігерлік пункт немесе студенттік емхананың, немесе студенттік емханамен расталған)  анықтаманы жазылған-нан кейін және сабаққа келгеннен 3 күннен кешіктірмей ұсынады.

Барлық оқу дәрісханаларының және зертханалық бөлмелердің тазалығын және тәрті-бін қызмет көрсетуші техникалық қызметкерлер  қамтамасыз етеді.

Сабақтан кейін оқу бөлмелерін тиісті күйде ұстау үшін күнделікті бақылау мен жауапкершілік оқу кестесіне сәйкес осы бөлме-лерде  сабақ жүргізген оқытушыларға және топ жетекшісіне жүктеледі.

Білім алушыларға тыйым салынады:

а) бөлмелердің мүлкін және ішкі көрінісін (жазуға, жиһазға, бөлмелердің қабырғаларына және оқу корпустарының ғимараттарына сурет салуға), бүлдіруге;

б) зертханалардан, оқу және өзге бөлмелерден заттар мен түрлі құрылғыларды жоғарғы оқу орнының әкімшілігінің сәйкес рұқсатынсыз шығаруға;

в) есірткі заттарын, есуастандырғыш заттарын, сонымен қатар алкоголді ішімдіктерді сатып алуға, сақтауға, қолдануға, жарнамалауға, сатуға;

г) атқыштыр  және суық қару-жара-ғын,оқ-дәрі, жарылғыш заттарды және қопар-ғыш жабдықтарды сатып алуға, қолдануға, сатуға, сақтауға, тасуға жарнамалауға;

д) құмар ойындарын ойнауға;

е) сағыз резеңкелерді қолдануға, жарнамалауға, өткізуге;

ж) білім беру атмосферасын бұзуға, атап айтқанда: сабаққа дыбыс әсерлері бар заттарды (плеерлер, пейджерлер, ұялы телефондары және т.б.) кіргізуге және қолдануға;

з) оқу корпусына үй және экзотикалық жануарларды, бауырымен жорғалаушыларды әкелуге; төбелес ұйымдастыруға; өзін дөрекі және лайықсыз ұстауға; оқу үрдісі кезінде кез келген алаңдатушы заттарды қолдануға;

и)  ҚазБСҚА беделін жоғарғы оқу орнының  қызметі туралы жалған мағлұматты тарату арқылы түсіруге;

к) ҚазБСҚА оқытушыларының және қызметкерлерінің беделін төмендететін жалған және/немесе тексерілмеген  мағлұматтарды   (деректерді) ауызша немесе жазбаша түрде таратуға;

л) ҚазБСҚА оқытушыларына, қызметкер-леріне және басшылығына түрлі дөрекі әдепсіз қарым-қатынас көрсетуге, адам абыройын қорлайтын былапыт сөздерді қолдануға.

Өте жақсы және жақсы үлгерімі және ЖОО-ның қоғамдық өміріне белсенді қатыс-қаны білім алушылар үшін келесі мадақтау шаралары белгіленген:

 а) алғыс жариялау;

 б) мақтау қағазымен марапаттау;

 в) сыйлық ақы беру;

  г) «Факультеттің ең жақсы студенттері» стендіне енгізу;

 д) «ҚазБСҚА ең жақсы студенттері» құрмет тақтасына енгізу;

 е) жеңілдікпен немесе тегін қосымша білім беру және ілеспелі қызметтерін ұсыну;

 ж) Қамқоршылар Кеңесіне марапаттауға ұсыну;

  з) атаулы шәкіртақыны немесе грант тағайындауға ұсыну (мемлекеттік  тапсырыс бойынша оқитын білім алушыларға – Қазақстан Республикасының Президентінің шәкіртақысы және т.б.; ақылы негізде оқитын білім алушы-ларға-Қамқоршылар Кеңесінің демеушілік гранты).

Оқу тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін, білім алушыларды оқуға қабылдау, атестаттау және бітіртіп шығару, оқу үрдісінің және тәжі-рибе регламенттерінің шарттарын бұзғаны үшін білім алушыларға келесі жазалардың біреуі қолданылуы мүмкін:

 а) ескерту;

 б) сөгіс;

 в) сөгіс оқу карточкасына енгізу арқылы;

 г) сабақтан шеттету; 

 д) қатаң сөгіс оқудан шығаруды ескерту арқылы;

 е) жоғарғы оқу орнынан шығару.

Білім алушылардың тәртібін арттыру мақсатында бұзақылық немесе лайықсыз қылықтарының нәтижесінде келтірілген шығынды өтеу үшін әр жоғарғы оқу орнында  ақшалай жаза жүйесі қарастырылуы мүмкін. Жаза тәртібі және мөлшері ҚазБСҚА Президентімен бекітіледі.