ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

25

қыр

25-09-2017

UIA-2017

2017 жылдың 3-7 қыркүйек аралығында Сеул қаласында (Оңтүстік Корей) «UIA-2017 Seoul World Architects Congress» аталуымен XXVI Халықаралық сәулет Одағының Дүниежүзілік сәулетшілер когресі өтті. Когреске Қазақстан сәулетшілер одағының делегациясынын ішінде ҚазБСҚА Сәулет Факультеті (СФ) сәулетші-профессорлары Исходжанова Г. Р.(СФ деканы), Абдрасилова Г.С., Козбагарова Н.Ж., Туякаева А.К. қатысты.

толық >>

25

қыр

Биылғы жылы Дизайн мамандығы 25 жыл мерей тойын атап өтуде, естерінізде болса бұл мамандық Қазақстанда, алгашқы рет КазГАСАда 1992 жылы ашылган болатын.

толық >>
Негізгі бет → Халықаралық қызмет → Шетел студенттер (виза және иммиграция)

ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕР (ВИЗА ЖӘНЕ ИММИГРАЦИЯ)

ҚазБСҚА-да білім алатын шетел студенттердің визасы және тіркелу

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 22.07.2011 жылғы №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы туралы» Заңына, 22.07.2011 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына сәйкес әрбір шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға ҚР-на кірерде миграциялық карта алып, толтыруы тиіс. Миграциялық Картаны шетел азаматы өзі толтырады – түсінікті, түзетусіз, орыс тілінде. Шетел азаматы орыс тілін білмеген жағдайда өзі туралы мәліметтерді төлқұжатта немесе тұлғаны растайтын басқа құжатта көрсетілген мәліметтерге сәйкес латын алфавитінің әріптерімен толтыра алады. Миграциялық картасын әрбір шетел азаматы жасына тәуелсіз толтырады. «ҚР-ға келу мақсаты» өрісінде «оқу» деп көрсету қажет.

1. Шетел азаматы оқу визасымен ғана Қазақстанға келіп, ҚазБСҚА-да білім ала алады. Шақыруды ҚазБСҚА халықаралық бөлімі алдын ала рәсімдейді. Халықаралық бөлімге қажетті құжаттар тапсыру мерзімі – елге келу болжанған күнге дейін 45 күн бұрын. Шақыру Алматы қаласындағы ҚР СІМ рәсімделеді, шақыру рәсімдеу мерзімі – 5-15 күн.

2. ҚазБСҚА шетел студенті Қазақстан Республикасын келген күннен кейін бес күн ішінде миграциялық тіркеуге тұруы керек. Алматы қ. ІІД МПБ миграциялық есепке қоюға қабылдау күндері: сейсенбі және жұма, 10.00-нан 12.00-ге дейін.

3. Тіркеуді ұзарту үшін шетел студенті Халықаралық бөлімге тіркеу аяқталған күннен 5 күн бұрын келу керек (тіркеу 01 қыркүйекте аяқталса, студент 25 тамызда келу керек).

4. ҚР шекарасынан өткен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде шетел студенті Халықаралық бөлімге келу керек:  Алматы қ., Рысқұлбеков көш., 28, каб. А16, тел.: +7 727 3096273, e-mail: inter.rel@mail.ru). Келесі құжаттар ұсыну керек:

ҚазБСҚА жатақханасында тұратын жағдайда:

а) Ұлттық төлқұжат (түпнұсқа);
б) Ұлттық төлқұжат көшірмесі;
в) Шекарадан өту туралы белгісі бар миграциялық карта (түпнұсқа + көшірме);
г) ВИЧ-жұқпалы дертіне зертханалық зерттеуден өткені туралы анықтама (сертификат);
д) 1-курс студенттері үшін - 3х4
 фотосуреттер – 2 дана;

 

Жеке тұлғада тұрған жағдайда/пәтер жалдаған жағдайда:

а) Ұлттық төлқұжат (түпнұсқа)

б) Ұлттық төлқұжат көшірмесі

в) Шекарадан өту туралы белгісі бар миграциялық карта (түпнұсқа + көшірме);

г) ВИЧ-жұқпалы дертіне зертханалық зерттеуден өткені туралы анықтама (сертификат);

д) 1-курс студенттері үшін - 3х4 фотосуреттер – 2 дана;

е) Алмат қ. ІІД МПТ УМП ДВД г.Алматы бастығының атына тұрғын үй иесінің келісімі (шетел студенттің өзіне тиесілі тұрғын үйде тұруға және осы мекенжай бойынша миграциялық тіркеуге қоюға) бар нотариалдық расталған өтініш;

ж) тұрғын үй иесінің куәлік көшірмесі;

з) тұрғын үйді жалға алу туралы келісімарттың көшірмесі;

и) Үй кітабының көшірмесі.    

 

5. Қысқы және жазғы каникулға кетер алдында алыс шетелден келген шетел студенті кіріс-шығыс визасын рәсімдеу қажет. Жазғы каникулдан Алматыға қайтып келген кезде студент миграциялық есепке тұру процедурасын қайталап өтуі керек.

6. Тұрған жеріне, байланыс ақпаратына қатысты барлық өзгерістер туралы, статусының өзгеруі (уақытша тұруға рұсқат алу, тұру рұқсаты, ҚР азаматтығын алу) туралы студенттер уақытылы Халықаралық Бөлім қызметкерлеріне хабарлауы керек.

7. Басқа себеппен оқу жылы ішінде ҚР-дан кеткен жағдайда студент ҚазБСҚА халықаралық бөліміне оқу уақытында кету себептері көрсетілген өтінішті және декан рұқсатын ұсынуы қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Шетел студенттері ҚР аумағында еңбек етуге құқығы жоқ. Әкімшілік құқық бұзшылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес шетел азаматының миграциялық тіркеуге уақытылы тұрмауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және айыппұл салынады. Құжаттар жоғалған жағдайда дереу Халықаралық бөлім қызметкерлеріне хабарласу қажет.

 

Шетел азаматтарын оқу жылы ішінде аса қажеттіліксіз кетпеуге тырысуын өтінеміз.