ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Негізгі бет →  Колледж  → Семинарлар, іс-шаралар, конкурстар

Семинарлар, іс-шаралар, конкурстар

        «Қайырымдылықтың шегі жоқ. Ол әрқашан құнды».

    2016 жылдың   21 қарашасында ҚазБСҚА  жанындағы  колледж белсенділері мен эдвайзерлері Алматы қаласындағы «АРДИ»  мүмкіндегі шектеулі жастар мен  балаларды физикалық және  шығармашылық тұрғыдан дамыту орталығына барды. Біздің  оқушыларымыз  2016 ж.    10 мамырында болған   «Біз  тәуелсіз   Қазақстанның құрдасымыз – 25 ізгілікті іс»  атты  шараға  қатысты. Балалар  мен  ата- аналарға   колледж оқушыларының атынан 2016 ж. 23 қарашада болатын Құрманғазы оркестрінің концертіне билеттер сыйға тартылды. Кездесу  өте маңызды сөзбен аяқталды  «Қайырымдылықтың шегі жоқ. Ол әрқашан құнды».

 

 

     2016 жылдың 3  қарашасында ҚазБСҚА-ның «Қысқы бағында» танымал Ресей мәдениет қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Жұлдыздармен билеу» шоуының бірнеше рет жеңімпазы Евгений  Папунаишвили мен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу ҚазБСҚА жанындағы колледж оқушылары және студенттермен «Көрермендермен сұхбат» форматында өтті. Ресей қонақтарының бірі ФА  РОССОТРУДНИЧЕСТВА Кеңесшісі Л.С. Лазгиева біздің студенттердің шығармашылық қабілеттеріне таңданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29.10.16   Колледж     оқушылары   жалпықалалық сеңбілікке белсенді түрде қатысты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылдың 29 қазанында ҚазБСҚА жанындағы колледж оқушылары 28-панфиловшылар атындағы саzбақты өткен аты аңызға айналған  Қара Майор  Б.Т.  Керімбаевтің басшылығымен арнайы бекітілген 177 отряд ардагерлерінің шеруіне қатысты. 

 

Студент көшбасшысы Элина  Катнованың жетекшілігімен ҚазБСҚА жанындағы колледждің 1 курс оқушылары командасы Студенттер қатарына қабылдау мерекесінде қызықты қойылымдар қойды.Олар әдемі көрініс қоюдың бірегейі   болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылдың 17-18 мамыр күндері  Санкт-Петербург қаласында Ресейден, Финляндиядан және Қазақстаннан 24 қатысушы бас қосқан  «ПрофМастерОК» атты II Халықаралық құрылысшылар өнер сайысы өтті.

Сайысқа қатысу үшін «ҚазБСҚА жанындағы колледж» (Алматы қаласы, Қазақстан), Технологиялық колледж (Великий Новгород қаласы), «Колледж Метростроя» (Санкт-Петербург), профессор Н.Е. Жуковский атындағы құрылыс колледжі ( Брянск қаласы), В .А. Русанов  атындағы Технология және кәсіпкерлік колледжі (Орел қаласы), «ПетроСтройСервис» колледжі  (Санкт-Петербург), сондай-ақ TREDU (Тампере қаласы)  және  SAMPO (Лаппеенранта қаласы ) финляндиялық кәсіби колледждерінің өкілдері келді. Сайыстың бірінші күні  олар плита қалау ісінде жарысу бойынша кәсіби кезеңнен өтті. Ал келесі күні сайыскерлер өздерінің өнер жағынан таланттарын көрсетті.

Бірінші күн қорытындылары бойынша Д. Филатов (Технологиялық  колледж,  Великий Новгород қаласы) жеңімпаз атанды,  2-ші орынға  Д. Гришин  (КСИжГХ) ие болды, ал 3–ші орын  А. Михайловаға берілді («ҚазБСҚА жанындағы колледж»,  Алматы қаласы).                    

Өнер кезеңі нәтижелері бойынша  О. Алексеева (КСИжГХ) жеңімпаз аталды, 2-ші орынға  А. Жуматаева  ие болды («(«ҚазБСҚА жанындағы колледж»»), ал 3-ші орын Д. Гришинға берілді (КСИжГХ).                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кешке  «У Финляндского» концерт залында аншлагпен гала-концерт өтті, аталған концертте ең жақсы өнер көрсетілемдер және керемет флористикалық дефиле  ұсынылды.

 Әрбір кезеңнің үш жеңімпаздарына кубоктар сыйланды, ал абсолютті жеңімпаздар болып  (барлық баллдар сомасы бойынша) Д. Гришин (1-ші орын, КСИжГХ), А. Михайлова (2-ші орын, «ҚазБСҚА жанындағы колледж»)  және  О. Алексеева (3-ші орын, КСИжГХ) аталды. Оларға кубоктармен қоса құнды сыйлықтар ұсынылды. 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

26.02.2016 ж. 

Қаланың жоспары бойынша «Алматының 1000-жылдығына - 1000 қайырымды іс» атты шарасына  2016 ж. ақпанның жиырма алтысында  ҚазБСҚА жанындағы колледж оқушылары Алматының қалалық Ардагерлер үйіне арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Олар музыкалық концерт және ардагерлерге арналған шай кешін өткізіп, естелікке кәдесыйларын сыйлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

06.03.2016 ж. 

 

2015 ж. 6-шы наурызында салауатты өмір салтын насихаттау және ҚазБСҚА Студенттер үйінде тұратын студенттер арасында бос уақытың ұйымдастыру мақсатында ҚазБСҚА спорт залында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 7  команда қатысты. Бірінші орынды АС  колледжінің оқушылары иеленді, екінші орынды - Жалпы құрылыс факультетінің студенттері, үшінші орынды - Ауғанстаннан келген КазБСҚА жанындағы колледжінің оқушылары. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 1  2  бет