ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультеті → Семинарлар, конференциялар, конкурстар

Семинарлар, конференциялар, конкурстар ЖЖҒДФ

 ЖЖҒДФ СЕМИНАРЛАРЫ, КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ, КОНКУРСТАРЫ

 

2016 жылы біздің елімізде бірнеше айтулы оқиғалар өтіледі. Солардың ішінде, атап айтатын болсақ Қазақстанның тәуелсіздігіне 25-жыл. Осы тарихи оқиғаға көптеген іс- шаралар өткізіліп жатыр.

         Пәнге қызуғышылығын арттыру және дамыту, патриотизмге, моральдық және мәдени құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында 2016 жылдың 18 қарашасында ҚазБСҚА жанындағы колледждің 1-курс оқушылары арасында «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндерінен олимпиада өткізілді.

  Осы олимпиада – 1-курс оқушылары үшін өздерінің қабілеттерін, пәндер бойынша білім деңгейін тексеру, өздерінің пәнге деген қызығушылығын және кәсіби бейімділігін көрсетуге мүмкіндік береді.  

                  Іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды. Олимпиада жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.

       Жыл сайынғы өтілетін пәндік Олимпиада колледжге қабылданушы оқушыларды сапалы іріктелуіне, оқушылардың уақытында өз мамандықтарын дұрыс таңдау жасауына, қолжетімді бағада сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

                  Олимпиадаға қатысты оқушылар  өздерінің жағымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Айткелді Әсел

Құрметті олимпиаданың ұйымдастырушылары! 

Сіздерге үлкен рахмет айтқым келеді. Тапсырмалар өте қызықты өттi және  оны орындаған кезде ойланатын жерлерi болды. Тағы атмосфера үшiн үлкен алғыс. Олимпиаданын алдында мен озiмді сенімді сезідім.

  

 

Описание: МОК

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ бас сәулет-құрылыс  академиясы

Описание: КазГАСА лого

 

«ЭНЕРГИЯ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН МИКРОАХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ» атты дәстүрлі

 КОНКУРСТЫҢ КЕЗЕКТІ ЭТАПЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

 

Ең үздік ғылыми жоба

1.                   1

Өту уақыты

2016 жылдың 19 қазаннан 27 қараша аралығында

2.                   2

Өткізу орны

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

ХББК (Қазақ бас сәулет-құрылыс  академиясы (ҚазБСҚА)

3.                   3

Конкурс ұйымдастырушылары

ü              «Құрылыстық физика» секциясы  Жалпы жаратылыстану ғылыми-дайындық факультеті.

ü              URSA Евразия  Қазақстанда компаниясы өкілдері

4.                   4

Конкурқа қатысушылар

Жоғарғы оқу орындарының сәулет, құрылыс және инженерлік мамандықтары студенттері мен колледж оқушылары, жобалаушы ұйымдарының жас жобалаушылары .

5.                    

Эксперттік комиссия

Конкурс белсенділері мен жеңімпаздарын анықтау және конкурсқа қатысушылардың жобаларын бағалау үшін коллегиялық ұйым.

6.                    

Конкурс мақсаты

Біріккен жұмыс жүргізуде жоғарғы білікті инженерлер, құрылысшылар мен сәулетшілерді даярлауға үлес қосу.

Микроахуалдың тиімділік параметрлері мен  ғимараттар мен имараттардың жылулық қорғаныстық сұрақтары бойынша білімдерін тереңдету . 

Талантты студенттер мен жас жобалаушыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми жұмыстарға тарту.

7.                    

Жобаның мақсаты

Қолданыстағы құрылыс нысандарын жаңғырту мақсатында  жобалық және инженерлік  шешімдерді жақсартуға бағытталған іс-шаралар (конструкторлық шешімдер немесе компоненттер, жоспарлар, диаграммалар, сызбалар, есептеулер, топтамасын) ұсынуда жылусақтау мен энергиятиімді инновацияларды енгізу аяқталған сипаты бар ғимараттарды қайта жөндеуден өткізу.

Өндірістік кешендерде энергия шығындарын азайту бағытында жұмыс орындарын жақсарту және технологиялық процестерді жаңғырту.

 

8.                    

Жобаның міндеті

§         Ғимараттардың микроахуалын жақсартуды болжайтын жобаларды ұсыну; Ғимараттарда энергияшығынын азайтатын ыңғайлы да тиімді орта жасау.

9.                    

Жобаны іске асыру орны (қала, аймақ)

Қазақстан Республикасы.

 Конкурсқа ұсынылатын зерттеу жұмысының безендірілуіне қойылатын талаптар 

Жұмыстар планшеттерде өлшемі 120*150 см болатын ұсынылуы қажет (суреттер pdf  форматында түзетіліп сайтқа беріледі)

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

·         Түсініктеме жазбада (4 беттен аспауы қажет.) келесі пункттер болуы шарт:

1.      Жобаның өзектілігі және әлеуметтік мәні - таңдалған тақырыбтың мақсаты жобадағы аймақтың дамуындағы әлеуметтік эффект, ашылатын жұмыс орындарының саны.

2.      Жобаның жаңалығы және заманауи құраушылары -  ерекшелігі, бірегейлігі,  аналогтардың болмауы.

3.      Микроахуалды жақсартудың заманауи концепциялары  - микроахуалдың қажетті параметрлері туралы түсінік.

4.      Энергиясақтау концепциясы – ҚР энергиясақтау туралы заңдары мен концепциясы жөніндегі білімнің болуы

5.      Инженерлік бөлім -   конструкторлық және  инженерлік шешімдердің техникалық негізделуі.

6.      Есептік бөлімі – есептеу әдістерін білу.

7.      Графикалық бөлім - план, фасад, разрез дайындау. 

8.      Экономикалық эффект  - жобаның шығыны мен құны.

9       Маркетингтік бөлім нарық  потенциалы, сұраныс туралы білімнің болуы.

10.    Презентациялық бөлім -  өз жобасын елдің алдында таныстыра білу.

 Өтініштер 28 қарашаға дейін қабылданады. 21,28 қараша күндері 348 ауд. сағ.15. 00 де  семинарлар өткізіледі.

 Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен дипламдармен марапатталады.

 Контактілік мәліметтер:

8 777 702 55 22,   8(727) 309-62-43, Эл. aдрес zaure.aim@mail.ru

«Жаратылыстану және ақпараттық технологиялардың заманауи  концепциялары»- атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

 

23 қаңтар, 2015ж.

2015 жылдың 23 қаңтарында жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультетінде «Жаратылыстану және ақпараттық технологиялардың заманауи  концепциялары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.

Конференцияға    50 – ге жуық баяндамалар қабылданды. Конференцияға еліміздің  жоғары оқу орындарының оқытушы ғалымдары мен алыс және жақын шет ел ғалымдарының еңбектері қабылданды (Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы,  Туркия және Қырғыз Республикасының алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындары).

Конференция пленарлық мәжілістен басталып, одан әрі секциялық отырыстармен жалғасты.  Секциялар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:

-         «Физика және математиканың заманауи концепциялары»;

-        «Ақпараттық технологиядағы инновациялар»;

-        «Дене тәрбиесі және спорт».

 

    Конференция қатысушылары математика, физика, ақпараттық технологиялар, дене тәрбиесі және спорт салаларының өзекті мәселелерін талқылап, ғылым мен білімнің өзекті мәселелеріне жан-жақты талдау жүргізіп, ғылыми тұжырымдамалар айтты. Конференция қорытындысын «Жаратылыстану және ақпараттық технологиялардың заманауи  концепциялары»- атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция  материалдарының жинағы ретінде шығаруға шешім қабылданды.

 

 1    2  бет