ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

11

Мау

Хачинохе Технологиялық университетінің (Хачинохе қаласы, Жапония) ғалымдар делегациясын басқарған Президенті Акира Хасегаваның және Директорлар кеңесінің төрағасы Тошимичи Янагияның қатысуымен маусымның 18-де сағат 10.00-де Ғылыми кеңес залында кездесу және «Ірі қалалардағы геотехникалық құрылыс сұрақтары» атты семинар өткізілу жоспарланып отыр.

толық >>

11

Мау

ILF Consulting Engineer Recruiting 2018 жылдың түлектерін келесі лауазымдарға шақырады:

толық >>
Негізгі бет → Жалпы білім беру пәндері фаультеті  → Семинарлар, конференциялар, конкурстар

Семинарлар, конференциялар, конкурстар

«УНИВЕРСИТЕТКЕ БАСТАР ҚАДАМ»

мектеп оқушылары ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі

 

2018 жылдың 19 сәуірінде жалпы білім беру пәндері факультеті (ЖББП) базасында «УНИВЕРСИТЕТКЕ БАСТАР ҚАДАМ» ғылыми жобалар конкурсы бес секция бойынша: «Физика», «Математика және информатика», «Қазақстан тарихы», «Қазақ, орыс, ағылшын тілдері», «Жаратылыстану ғылымдары» өтті.

Аталған ғылыми жобалар конкурсына  Атырау қаласы зияткерлік мектебінен, Кентау, Байқоңыр, Тараз және Алматы қаласы мектептерінен, гимназиялардан және лицейлерден 9 және 11 сынып  оқушылары қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 214 оқушы.

Ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі бойынша 9 оқушыға 2018-2019 оқу жылына ҚазБСҚА 1 курс бакалавриатына 100 %, 50% және 25% «ScholarShips» жеңілдік дипломдары берілді, 20 оқушы жүлделі орынға ие болды.

                «Физика» секциясы:

1 орын: (100 %)

1) Муравьева Анастасия, ҚазБСҚА мектеп лицейі 11б сынып.

2 орын: (50%)

1) Абдикулова Шолпан, аль-Фараби ат.ҚазҰУ

бағдарлық мектеп, 11бсынып.

3 орын: (25%)

1)   Бешлиев Махмут, №58 орта мектеп, 11а-сынып.Тараз қаласы.

                Төмендегі қатысушыларға жүлделі орындар берілсін:

I-дәрежелі Диплом:

1) Зауытбекова Дильяра, №152 МГ, 9-сынып.

II-дәрежелі Диплом:

1) Низамова Альфия, ҚазБСҚА мектеп лицей,

8-сынып

III-дәрежелі Диплом:

1) Бакберген Жупар, ҚазБСҚА мектеп лицей, 8а-сынып

 

                «Математика және информатика» секциясы:

1 орын: (100 %)

1)   Мейрамгали Марлена, 11в-сынып, №146 мектеп лицей. 

2 орын: (50%)

1) Берстаналиева Акмарал, 11а-сынып, Зияткерлік мектебі, Атырау қ.

3 орын: (25%)

1) Нургалиева Камила, 11а-сынып, №109 орта мектебі.

                Төмендегі қатысушыларға жүлделі орындар берілсін:

I-дәрежелі Диплом:

1) Капар Дильдана №175 МГ, 9-сынып

II-дәрежелі Диплом:

1) Кульмуратова Айжан, 10а-сынып,  Г.М.Шубников ат. ОМ, Байқоңыр қ.

III-дәрежелі Диплом:

1) Калдыбек Азамат, 10а-сынып, №152 МГ.

 

                «Қазақстан тарихы» секциясы:

                Төмендегі қатысушыларға жүлделі орындар берілсін:

I-дәрежелі Диплом:

1) Бедельханова Диана, Сейлбай А. (КУПС жанындағы колледж)

IІ-дәрежелі Диплом:

1) Нұрпеис Азия, №127 орта мектеп.

2) Нағымбай Сымбат,  №152 мектеп-гимназия.

3) Дридигер Дарья, ҚазБСҚА жанындағы лицей.

IІІ-дәрежелі Диплом:

1) Сайын Ерасыл, Самат Жақсылық, №152 мектеп-гимназия.

2) Базильжанов Абылай, ҚазБСҚА жанындағы лицей.

 

                «Қазақ, орыс, ағылшын тілдері» секциясы:

1 орын: (100 %)

1) Кириллин Радион. ҚАУ жанындағы мектеп.

2 орын: (50 %)

1) Нагина Елизавета-София, ҚазБСҚА жанындағы мектеп лицей.

                Төмендегі қатысушыларға жүлделі орындар берілсін:

I-дәрежелі Диплом:

1) Дархан Рахия, Айт Нұржасын, Смағұлова Далида,  №173 мектеп-лицей.

IІ-дәрежелі Диплом:

1) Кубаисова Алима, Усенова Айгерим, №139 орта мектеп.

ІІI-дәрежелі Диплом:

1) Амирханова Аяжан, №152 мектеп-гимназия.

2) Якунин Андрей, ҚазБСҚА жанындағы лицей.

 

«Жаратылыстану ғылымдары» секциясы:

1 орын: (100 %)

1) Аскарова Камила, ҚазБСҚА жанындағы лицей.

Төмендегі қатысушыларға жүлделі орындар берілсін:

I-дәрежелі Диплом:

1) Бакберген Альмира, ҚазБСҚА жанындағы лицей.

ІI-дәрежелі Диплом:

1) Есет Ардана, ҚазБСҚА жанындағы лицей.

2) Асқарова Еңлік, Мұсабаева Жасмин, №152 мектеп-гимназия.

ІІI-дәрежелі Диплом:

1) Акимова Гульфия,  №152 мектеп-гимназия.

 

                Ғылыми жобалар конкурсы жеңімпаздарының барлық қатысушыларына 1 оқу жылының 1 семестріне 7%-дық сертификаты берілді.

 

Ғылымға бастар қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

Жалпы білім беру пәндері бойынша

 

«УНИВЕРСИТЕТТІК СТАРТ»

 

атты мектеп оқушылары жобаларының байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1.   Жалпы ережелер

«Университеттік старт» мектеп оқушыларының байқауы (бұдан әрі - Байқау) – математика, физика, информатика, география және тілдік пәндер, Қазақстан тарихы бойынша мектеп оқушыларының зерттеу, шығармашылық және тәжірибелік жобаларының ашық байқауы.

Байқауға орта білім беру мекемелерінің 9 және 11-сынып оқушылары (мектептер, лицейлер, гимназиялар) қатыса алады. Жобалар жеке немесе үш адамнан тұратын топтарда орындалуы мүмкін.

Байқаудың ұйымдастырушылары: жалпы білім беру пәндері факультеті мен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) жанындағы лицей, Халықаралық білім беру корпорациясының (ХБК) ғылыми орталығы.

 

2. Байқаудың мақсаты

·       пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылық танытатын жалпы білім беретін мектептердің дарынды оқушыларын анықтау;

·       оқушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау;

·       ҚазБСҚА оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің белсенді қатысуымен ғылыми-білім беру жобаларын орындауға тарту арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына жан-жақты қолдау көрсету;

·       оқушылардың ғылыми білім маңыздылығын түсінуін және болашақ мамандыққа практикалық дайындығын дамыту.

 

3. Ұсынылатын жұмыс түрлері

Байқауға ұсынылған жұмыстар зерттеу қызметінің элементтерін, сондай-ақ практикалық бағытты қамтуы мүмкін. Жұмыстың өз бетінше орындалу сипаты міндетті шарт болып табылады.

Байқауға қабылданатын жоба түрлері:

1. Ғылыми проблеманы өз бетінше зерттеу, түсіну және оны шешу нәтижесі болып табылатын зерттеу жобалары.

2. Негізінде эксперимент (тәжірибе) жатқан, әдістемесі ғылымға танымал немесе автордың дербес әзірлеген эксперименттік (тәжірибелік) жобалары.

3. Нәтижесі ақпараттық жүйелер, деректер қоры, интернет-ресурстар, әр түрлі бағдарламалық өнімдер жасау болып табылатын бағдарламалық-технологиялық жобалар.

4. Екі немесе үш түр элементтерін қамтитын кешенді жобалар (бірнеше заттарды біріктіру).

Байқауға қатысуға жіберілмейді:

·  тек қана сипаттау-рефераттық сипаттағы жұмыстар;

·  бір ғана әдебиет негізінде жазылған, зерттеу немесе практикалық компоненті жоқ жұмыстар;

·  плагиат анықталған жұмыстар.

Конкурсқа қатысушы тақырып пен жоба түрі өз бетінше тұжырымдауға құқылы. Әр қатысушының жетекшісі болуы тиіс (бір немесе бірнеше педагог).

 

4. Бағыттар бойынша байқау тақырыптары

Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

·  Математика: «Математикалық логика және оның жетістіктері». «Ғажайып математика әлемі», «Математика менің болашақ мамандығымда», «Қоршаған ортаны математикалық модельдеу».

·  Физика: «Қоршаған орта аңыздары мен жұмбақтары», «Құрылыстағы физика» және «Қазақстан мен Орта Азияда физика бойынша ғылыми мектептер».

·  Информатика: «Зияткерлік жүйелер құру», «Ақпараттық басқару негізі», «Ақпараттық бизнес», «Түрлі салалардағы ақпараттық технологияларды қолдану» және т. б.

·  Қазақстан тарихы: «Өлкетану және тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық тарих», «Елімнің шежірелі байлығы».

·  География: «Қазақстанның экологиялық проблемалары: оларды шешу жолдары», «Жасыл экономика» Қазақстанның болашақ дамуы».

·  Тілдер және әдебиет (қазақ, орыс, ағылшын)

·   «Земля - наш общий дом», «Моя будущая профессия» «Здоровый образ жизни»

·   «The place where I live in», «My future profession», «Healthy way of life»;

·   «Жер анаортақ үйім», «Менің болашақ мамандығым», «Салауатты өмір салты».

 

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша номинациялар екі санат бойынша жеке-жеке берілуі мүмкін: 9-сынып және 11-сынып.

 

5. Байқауды өткізу мерзімі және кезеңдері

Байқау екі кезеңде жүргізіледі:

Бірінші кезең (сырттай): 13 наурыз – 13 сәуір 2018ж.;

Екінші кезең (күндізгі, финал): сәуір 2018ж. (күні алдын ала хабарланады).

Бірінші кезеңде өтінімдер қабылданады, екінші кезеңде жобалар іріктеледі және қатысушылардың презентациялары тыңдалады.

 

6. Жұмысты ұсыну тәртібі

Байқау жұмыстары 2018 жылдың 13 сәуіріне дейін электронды мекенжайлар бойынша жіберіледі.

 

7. Жұмыстарды бағалау критерийлері, байқаудың қазылар алқасы

Байқау жұмыстарын бағалауды сарапшылар жүргізеді, бұл ретте келесі критерийлер ескеріледі:

·  тақырыпты таңдау, өзектілігін негіздеу мен міндеттерін қою;

·  жобаның құрамдас зерттеу бөлігі (ғылымилығы, сонылығы, жаңашылдығы);

·  жобаның практикалық құрамдас бөлігі (мәселелерді шешу, Қазақстандық ғылым, экономика, мәдениет және т. б. дамуына қосқан үлес);

·  жұмыс құрылымының мазмұнына сәйкестігі, ресімдеу сауаттылығы мен сапасы.

Әрбір критерий бойынша жоба 0-ден 5-ке дейін балл алады, балдар қосылады.

Байқаудың күндізгі кезеңінде аталған критерийлерге баяндаманы бағалау қосылады сәйкес (баяндау логикасы, презентация немесе өзге көзбен сүйемелдеудің болуы және сапасы) - 0-ден 5 балға дейін.

Жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар - ҚазБСҚА-ның жетекші оқытушылары мен қызметкерлері жұмылдырылады.

 

8. Сертификаттар, дипломдар

Байқауға қатысуға жіберілген барлық жобалардың авторларына, сондай-ақ, олардың ғылыми жетекшілеріне сертификат беріледі.

Күндізгі кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен сыйлықтар, оқуға жеңілдіктер алады.

 

9. Ресімдеу ережесі

Жоба келесі тармақтарға сәйкес ресімделеді:

·  жұмыстың атауы;

·  Автордың аты-жөні (авторлар);

·  автордың телефоны, e-mail;

·  оқу орнының атауы және мекенжайы;

·  автор оқитын сынып (авторлар);

·  ғылыми жетекші (аты-жөні, телефоны, e-mail, лауазымы, егер автордың оқу орнымен сәйкес келмеген жағдайда оқу орны, );

·  мәселелер туындаған жағдайда ұйымдастыру мәселелерін шешуге болатын адаммен байланыс (аты-жөні, телефон, e-mail), (автор, ғылыми жетекші, мектеп завучы).

·  Негізгі мәтін (мазмұны, суреттер, графикалар, кестелер және т.б.);

·  қорытынды;

·  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қаріп өлшемі 14, Times New Roman, аралықтары автордың қалауы бойынша.

 

10. Байланыс

Байқаудың ұйымдастыру комитетінің координаттары: ЖБПФ деканаты, ҚазБСҚА жанындағы лицейінің директордың қабылдау бөлмесі.

aimanrk@mail.ru, 8 707 354 67 07,

bakhyt.nadir@mai.ru, 8 777 611 66 70,

raisa_kulim@mail.ru,  8 778 469 96 02,

kati-81-81@mail.Ru,  8 707 635 41 30

Көрсетілген мекенжайлар бойынша кез келген сұрақтарды қоюға болады, сондай-ақ қосымша кеңес алуға болады.

 

Байқау туралы ақпарат ҚазБСҚА сайтта жарияланады. 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ бас сәулет-құрылыс  академиясы

 

«ЭНЕРГИЯ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН МИКРОКЛИМАТТЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ» атты дәстүрлі

 КОНКУРСТЫҢ

 «Инновациялық технологиялар орталығы (ИТО)» ең үздік ғылыми жоба тақырыбына

КЕЗЕКТІ ЭТАПЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

 

 

1.                   1

Өтетін уақыты

2017 жылдың 1 қарашасынан 30 қараша аралығында

ФИНАЛ - 30 қараша сағат 14.00-де

2.                   2

Өтетін орны

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

ХБК (Қазақ бас сәулет-құрылыс  академиясы (ҚазБСҚА)

3.                   3

Конкурстың ұйымдастырушылары

ü    Жалпы білім беру пәндері факультетінің «Құрылыстық физика» секциясы  

ü    Қазақстандағы URSA Еуразия  компаниясының өкілдері

4.                   4

Конкурқа қатысушылар

Жоғары оқу орындары сәулет, құрылыс және инженерлік мамандықтарының студенттері мен колледж оқушылары, жобалаушы ұйымдарының жас жобалаушылары.

5.                    

Сараптама комиссиясы

Конкурсқа қатысушылардың жобаларын бағалап, конкурс белсенділері мен жеңімпаздарын анықтайтын сарапшылар (мамандар) құрамынан қалыптасқан алқалық ұйым.

6.                    

Конкурс мақсаты

Біріккен жұмыс жүргізуде жоғары білікті инженерлер, құрылысшылар мен сәулетшілерді даярлауға үлес қосу.

·         Микроклиматтың оңтайлы параметрлерін ұстап тұру және ғимараттар мен имараттардың жылу сақтау сұрақтары бойынша білімдері мен біліктерін тереңдету.  

·         Талантты студенттер мен жас жобалаушыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми жұмыстарға тарту.

7.                    

Жобаның мақсаты

Инновациялық технологиялар орталығы (ИТО) жобасын жасау.

Орталық ғимараттың конструктивтік немесе инженерлік шешімін;

Энергия шығынын азайтуға бағытталған технологиялық процестерді сипаттау және жұмыс орындарының жайлылығын жетілдіру;

Түрлі инновацияларды немесе элементтерді (жоспарлар, сұлбалар, сызбалар, есептер) енгізу.

8.                    

Жобаның міндеттері

§ Өмір сүру ортасының қажетті параметрлері мен сапасын қамтамасыз ететін қоршау конструкцияларын жобалау;

§ Ғимараттардың микроклиматын жақсарту және жылу мен ылғал сақтау құралдарын жетілдіретін әрі болжайтын жобаларды ұсыну;

§ Ғимараттарда энергия шығынын азайтатын ыңғайлы орта құру.

9.                    

Жобаны іске асыру орны (қала, аймақ)

Қазақстан Республикасы.

 

Конкурсқа ұсынылатын зерттеу жұмысының рәсімделуіне қойылатын талаптар  

·       Жұмыстар өлшемі 120*150 см болатын планшеттерде ұсынылуы қажет;

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады;

·       Түсініктеме жазбада (4 беттен аспауы қажет) келесі пункттер болуы шарт:

1.      Жобаның өзектілігі және әлеуметтік мәні    - таңдалған тақырыптың мақсаты жобадағы аймақтың дамуындағы әлеуметтік эффект, ашылатын жұмыс орындарының саны.

2.      Жобаның жаңалығы және инновациялық құрылымы -  ерекшелігі, бірегейлігі,  аналогтардың болмауы.

3.      Микроклиматты жақсартудың инновациялық тұжырымдамалары  - микроклиматтың қажетті параметрлері мен қамтамасыз ету шаралары туралы түсінік.

4.      Энергия сақтау тұжырымдамасы  – ҚР энергия сақтау туралы заңдары мен концепциясы жөніндегі білімнің болуы, экологиялығы және үнемділігі, энергия көздерін қолдану, құрылыс материалдары жылу технологиялық параметрлері.

5.      Инженерлік бөлім -   конструкторлық және  инженерлік шешімдердің техникалық негізделуі.

6.      Есептік бөлімі – қатысушылардың жылу сақтау және энергия үнемдеу негіздері мен есептеу әдістерін білуі.

7.      Графикалық бөлім - план, қасбет, қима дайындау.  

8.      Экономикалық эффект  - жобаның шығыны мен өтелімділігі.

9       Маркетингтік бөлім нарық  потенциалы, аналогтары, тұтынушылар туралы білімнің болуы.

10.    Презентациялық бөлім -  қатысушының  өз жобасын әлеуетті инвесторлар алдында таныстыра білуі.

 

 Өтініштер 28 қарашаға дейін қабылданады.

 Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипламдармен марапатталады.

 Байланыс деректері:

 

8 777 702 55 22,   8(727) 309-62-43, Эл. aдрес zaure.aim@mail.ru

 

 

2017 ж. Қараша айының  13 жұлдызында 16.00-де, 434 дәрісханада ассоц. профессор Б.Н. Ақшалованың ұйымдастыруымен ҚазБСҚА магистранттары арасында «Кәсіби шеберлікті арттыру дағдылары» атты конференция өтті.

Мақсаты: Шет тілін оқытудың халықаралық стандарттары шеңберінде коммуникативті құзыреттілікті жүйелі тереңдету негізінде, болашақта магистранттың кәсіби қызметінде белсенді тілді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту.

 

Конференцияның құрметті қонағы – профессор Патрик Лоу.

 

 

 

 Пәндік олимпиадабілім тексеру

 

http://www.kazgasa.kz/upload/userfiles/images/1(68).jpg

 

2016 жылы біздің елімізде бірнеше айтулы оқиғалар өтіледі. Солардың ішінде, атап айтатын болсақ Қазақстанның тәуелсіздігіне 25-жыл. Осы тарихи оқиғаға көптеген іс- шаралар өткізіліп жатыр.

Пәнге қызуғышылығын арттыру және дамыту, патриотизмге, моральдық және мәдени құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында 2016 жылдың 18 қарашасында ҚазБСҚА жанындағы колледждің 1-курс оқушылары арасында «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндерінен олимпиада өткізілді.

Осы олимпиада – 1-курс оқушылары үшін өздерінің қабілеттерін, пәндер бойынша білім деңгейін тексеру, өздерінің пәнге деген қызығушылығын және кәсіби бейімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. 

Іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды. Олимпиада жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.

 Жыл сайынғы өтілетін пәндік Олимпиада колледжге қабылданушы оқушыларды сапалы іріктелуіне, оқушылардың уақытында өз мамандықтарын дұрыс таңдау жасауына, қолжетімді бағада сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Олимпиадаға қатысты оқушылар  өздерінің жағымды ой-пікірлерімен бөлісті.

 

http://www.kazgasa.kz/upload/userfiles/images/2(53).jpg

 

 

Айткелді Әсел

Құрметті олимпиаданың ұйымдастырушылары!

Сіздерге үлкен рахмет айтқым келеді. Тапсырмалар өте қызықты өттi және  оны орындаған кезде ойланатын жерлерi болды. Тағы атмосфера үшiн үлкен алғыс. Олимпиаданын алдында мен озiмді сенімді сезідім.