ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Жалпы құрылыс Факультеті  → Семинарлар, конференциялар, конкурстар

ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СЕМИНАРЛАРЫ, КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ, КОНКУРСТАРЫ

Қазақстан - бейбітшілік пен жасампаздыққа 25 жыл!

Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы мемлекет тәуелсіздігінің 25 жылдығын 2016 жылдың желтоқсанында атап өтті. Дәл 1991 жылы тура 16 желтоқсан күні Қазақстанның сол кездегі астанасы, біздің Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болған Алматы қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация жарияланды.
Қазақстан алғаш рет көп ғасырлар бойы армандаған өз мемлекеттілігінің жалауын көтерді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні қабылданды. 1993 жылы ұлттық валюта теңге енгізілді. 1995 жылы референдумда қолданыстағы Қазақстан Конституциясы қабылданды. Сол жылы жаңа Конституция бойынша қалыптастырылған Қазақстан Парламентіне алғашқы сайлау жүргізілді. Жаңа ең қысқа уақытта жаңа құрылған атқарушы, сот және муниципалдық билік вертикалі жасалды және ұлттық мемлекеттіліктің сәулеті құрылды.
Дегенмен, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұрынғы КСРО-ның республикаларының арасындағы бірыңғай экономикалық-шаруашылық байланыстардың ыдырауына қарай Қазақстанда экономикалық дағдарыс байқалды. Қазақстан үкіметіне жаңа салалар жасауға және күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге тура келді. Алайда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығы арқасында еліміз тұрақсыздықтың ауыр жылдарын және 1990 жылдардағы экономикалық дағдарысты аман-есен бастан кешті де, әлемнің қарқынды дамушы елдерінің тобында лайықты орын алуға жаңа мыңжылдыққа аттанып-ақ кеткені. Қазақстан Еуразиядағы ең күшті дамыған банк жүйелерінің біріне ие, Қазақстанда жоғары дамыған бюджет және салық жүйелері бар. Халықтың жоғары материалдық молшылығы, таңдалған экономикалық бағыттың тұрақтылығы, ғылым, білім, денсаулық сақтау және кәсіпкерліктің қарышты дамуы, қоғамдағы толеранттылық пен әлеуметтік әл-ауқат тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері болып табылады, оған көбінесе ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясатының нәтижесінде қол жеткізілді.
Бүгінгі күні Қазақстанды егеменді мемлекет ретінде ресми түрде әлемнің 120-дан астам елі таныды. Біздің республика көптеген басқа беделді халықаралық және өңірлік ұйымдардың, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып табылады. Айта кету керек, соңғы жылдары еліміздің халықаралық беделі өсті. Көптеген халықаралық мәселелерді және дағдарысты шешу үшін Қазақстан әлемдік диалог алаңына айналды. 2010 жылы біздің еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, және 2010 жылғы желтоқсанда Астанада Ұйымның Саммитін өткізді. Соңғы жылдары Астана мен Алматыда ҰҚШҰ, ШЫҰ, ИЫҰ көптеген саммиттер мен конференциялар, әлемдік көшбасшылардың дәстүрлі діндердің медиа форумдары және т.б.өткізілді. Жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумы шынында да салмақты халықаралық оқиға болды. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы алғаш рет БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің тұрақтанбаған қатарына қабылданды. Қазақстан 2017 жылдың жазында бұрынғы КСРО елдерінің ішінде алғашқысы болып жаһандық форум – "Болашақ энергиясы" атты EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізбекші.
Халықаралық қатынастарда Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигонының жабылуы кең адымды қадам болды. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында көршілес мемлекеттердің бәрімен шекаралық мәселелерді реттеу туралы келісімге қол қойды. Қазақстанда толеранттылық пен әр түрлі ұлттар арасындағы достық бос сөз емес. Қазақстанда ұлтаралық және конфессионалдық тұрақтылық қазақ халқының және басқа да ҚР-да тұратын ұлттардың жоғары мәдениетімен және дәстүрлерімен қамтамасыз етіледі. 1995 жылдан қазіргі Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттар мен этникалық топтар кіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның құрылыс саласы кеңінен алға адымдады. Құрылыстың шапшаң дамығанының көрінісі ретінде Қазақстан астанасының Астана қаласына көшірілуі айғақ болмақ. Өткен жылдар ішінде Қазақстанның жаңа елордасында мынадай бірегей объектілер – Ақ Орда, Аба Даби Плаза, Бәйтерек, академиялық театр ғимараты, үкімет ғимараттарының кешені және басқалар – бой көтерді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен Қазақстанның стратегиялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық аймақтарында мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері салынды, стратегиялық жол магистральдары іске қосылды, қалалардың инфрақұрылымдары жақсартылды. Құрылыс индустриясының дамығандығын Алматы қаласының үлгісінен-ақ көруге болады. Осы жылдар ішінде Алматыда тұрғын үй, әкімшілік, спорттық және басқа мақсаттағы объектілер салынды.
Бүгінгі қазақстандықтар – дүниежүзілік қоғамдастықта өз мүдделерін лайықты білдіретін ел азаматтары. Ең бастысы, осы 25 жыл Тәуелсіздігіміздің тарихы Қазақстан азаматтарының санасына біз өз елімізді, өз қоғамымызды, өз тағдырымызды өзіміз жасайтындығымызды сіңірді, өз тағдырымыз өз қолымызда екендігіне біржола көз жеткізді.
Осы кезеңде Республиканың жоғары мектебі де алысқа алға қадам басты. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы құрылыс саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарының көш бастаушылардың бірі болып табылады. Академия аккредитациялау мен аттестаттаудан сәтті өтті. ҚазБСҚА бірнеше дүркін халықаралық сәулет-құрылыс және Еуразияның дизайнерлік мектептерінің фестиваліне қатысты және қатысады. Сәулет-құрылыс және Еуразия халықаралық дизайнерлік мектептердің фестивалі алғаш рет Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) Президенті профессор Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов пен ТҮРКСОЙ бас хатшысы профессор Дүйсен Курабаевич Касеиновтың бастамасымен өткізіле бастады. Осылайша, ҚазБСҚА бірінші болып шетелдік ЖОО негізінде ірі деңгейдегі іс-шара өткізген қазақстандық ЖОО болды.
І Халықаралық Фестиваль 2009 жылы 2-7 қарашада Малтепе Университетінде (Стамбул қ., Түркия) өтті, оған 7 елден Евразияның 18 ЖОО-сы қатысты. Халықаралық жарыс-байқауға қатысуға 115 дипломдық жоба іріктелді.
2011 жылдың 2-5 қарашасында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының базасында II халықаралық фестиваліне (Алматы қ., Қазақстан), Еуразия халықаралық 8 елдердің өкілдері 36 университеттен қатысуға келді, оған 200 дипломдық жобалар ұсынылды.
ІІІ Халықаралық Фестиваль 2013 жылы 30 қараша - 2 желтоқсан аралығында Йылдыз техникалық Университетінде (Стамбул қ., Түркия) өтті, оған 12 елден Евразияның 38 университеті қатысты. Халықаралық жарыс-байқауға қатысуға 261 дипломдық жобалар ұсынылды.
IV Халықаралық Фестиваль 2014 жылы 4-7 қыркүйекте Ыстық көлде (Қырғызстан) өтті, оған 8 елден Евразияның 33 университеті қатысты. Халықаралық жарыс-байқауға қатысуға 241 дипломдық жобалар ұсынылды.
2015 жылы 8-10 желтоқсанда Ромуальдо дель Бианко (Флоренция қ., Италия) қорының негізінде V Халықаралық Фестиваль өтті, оған 15 елден Евразияның 37 университеті қатысты. Халықаралық жарыс-байқауға қатысуға 217 дипломдық жобалар ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 7-10 қыркүйегінде Кипрде өткен кезекті сәулет-құрылыс және Еуразия дизайнерлік мектептердің VІ Халықаралық фестивалі "Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл" аясында өткізілді және өз жұмысын аяқтады. "Құрылыс" мамандығы бойынша дипломдық жобалардың жарыс-байқауына 5 елден 17жоғары оқу орындары қатысты.
Еуразия сәулет-құрылыс мектептерінің түлектерінің дипломдық жобаларының халықаралық фестивалінің қазылар алқасының жұмысы "Құрылыс" мамандығы бойынша (бакалавриат) және "Құрылыс" мамандығы бойынша (магистратура) ҚазБСҚА жалпы құрылыс факультетінің т.ғ.д., академиялық профессоры Қ.А. Наурузбаевтың төрағалығымен өтті. Фестивалінің қорытындылары төмендегідей:
1. «Ғимараттар мен үймереттерді есептеу және жобалау» номинациясы. 4 елден 9 ЖОО қатысты: Қазақстан, Болгария, Литва және Қырғызстан. 23 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 10 жұмыс I, II және III орындардың дипломдарымен марапатталды, 13 – сертификаттар иеленді. ҚазБСҚА студенттері келесі наградаларға ие болды: Султангазина А. А. – Диплом, I орын (ғылыми жетекшісі Ажгалиева Б.А.); Забаков А.А., Зубаха Н.А., Петренко А.В.- Диплом, III орын (ғылыми жетекшісі - Хомяков В.А., Наурузбаев К.А., Гуменюк В.В.) және студенттер Касабаев Е.О. және Жардемгали А.Б – сертификаттар.
2. «Азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс технологиясы» номинациясы. 3 елден 9 ЖОО қатысты: Қазақстан, Литва және Ресей. 13 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 6 жұмыс I, II және III орындардың дипломдарымен марапатталды, 7 –сертификаттар иеленді. ҚазБСҚА студенттері келесі наградаларға ие болды: Лобанов С.А. – Диплом, I орын (ғылыми жетекшісі Базаров Р.Б.), студенттер Жаулбаев И.Ж. және Утесбаева Ж.К. – сертификаттар.
3. «Инженерлік жүйелер және желілер» номинациясы. 3 елден 3 ЖОО қатысты: Қазақстан, Болгария және Қырғызстан. 5 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 1 жұмыс III орынның дипломымен, 3 – Құрылысшылар Қауымдастығының дипломдарымен марапатталды, ҚазБСҚА студенттері келесі наградаларға ие болды: Щеколдина А.А. – Диплом, III орын (ғылыми жетекшісі Джартаева Д.К.).
4. «Құрылыс (магистратура)» мамандығы бойынша. 2 елден 3 ЖОО қатысты: Қазақстан және Ресей. 6 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 2 жұмыс II және III орындардың дипломдарымен марапатталды, 4 –сертификаттар иеленді. ҚазБСҚА магистранттары келесі наградаларға ие болды: Высоцкая Е.С. – Диплом, II орын (ғылыми жетекшісі Нуршанов С.А.).
Сәулет-құрылыс және Еуразия дизайнерлік мектептердің VІ халықаралық фестивалінің жүлдегерлері мен олардың ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Олардың еңбек қызметіне одан әрі сәттілік тілейміз!


Наурузбаев К.А., ЖҚФ деканы
Джартаева Д.К., ЖҚФ ассоц.профессоры
Пяк О.Ю., ЖҚФ ассоц.профессоры

 

5В072900 - «Құрылыс» мамандығы,  маманданымдар:

• Ғимараттар мен үймереттерді есептеу және жобалау (ҒҮЕЖ) – жаңа ғимараттарды, түрлі тағайындалған үймереттерді жобалау, бар құрылыстарды тексеру, қайта құру және күшейту саласындағы мамандарды кешенді даярлау;

• Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы (ӨАҚТ)   ғимараттар мен үймереттер құрылысын ұйымдастыру және басқару, оның ішінде бар ғимараттарды жөндеу, қайта құру және күшейтуді ұйымдастыру саласындағы мамандарды даярлау;

• Металл құрылымдарды жобалау және монтаждау (МҚЖМ) – арнайы құрылыстардың металл құрылымдарын жобалау, дайындау және монтаждау саласындағы мамандарды кешенді даярлау;

• Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету (ЖГҚЖ) – түрлі тағайындалған ғимараттардың жылыту, желдету, жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау, монтаждау және пайдалану үшін мамандар даярлау;

• Сумен жабдықтау және канализация (СЖК) – тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік нысандарды сумен жабдықтау және су бұру саласында жүйелер мен үймереттерді жобалау, монтаждау және пайдалану үшін мамандар даярлау.

• Құрылысты механикаландыру, электрмен жабдықтау және автоматтандыру (ҚМЭЖА) – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы, механикаландыру, электрмен жабдықтау және автоматтандыру саласында көп салалы даярлау.

 

Республикалық Пәндік Олимпиада

Республикалық Пәндік Олимпиада 2016 жылы 7-8 сәуірде ХБК Қысқы бағында 5В072900- Құрылыс мамандығының 2, 3 курс студенттерінің арасында төмендегі пәндер бойынша өтті:

·         Құрылыс конструкциялары І (3-ші курс студенттері үшін)

·         Геотехника І (3-ші курс студенттері үшін)

·         Инженерлік механика ІІ (3-ші курс студенттері үшін)

·         Инженерлік механика І (2-ші курс студенттері үшін)

5В072900 - Құрылыс мамандығының 2, 3 курс студенттерінің арасында өткізілген Республикалық Пәндік Олимпиада бойынша ЕСЕП БЕРУ:

·         «Құрылыс конструкциялары І»

·         «Геотехника І»

·         «Инженерлік механика І,  Инженерлік механика ІІ»

 

ФОТО