ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ӨМІРІ

Халықаралық қызмет. Жалпы құрылыс факультетінің көптеген жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарымен және кәсіпорындармен байланыстары орнатылған, салалық және академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен, ұйымдармен, кәсіпорындармен белсенді шығармашылық байланысы бар, атап айтсақ: Сеул қаласының Кумох технологиялық институты, профессор Ki-Tac-Chang; Құрылыс және жол машиналарын жасау жалпыодақтық ғылыми-зерттеу институты ҒӨБ, Жер қазу машиналарын жасау жалпыодақтық ғылыми-зерттеу институты ҒӨБ, ҚКОҒЗИ, ММҚУ (бұрыңғы МИҚИ), ОМҚСА, (ҚСЗИ), (ДМҚСА), Днепропетровск құрылыс институты, Волгорад сәулет-құрылыс университеті, СібКЖУ, МКЖИ, ҚМҚКСУ, ТашПИ, Ташкент суландыру және мелиорациялау институты (кафедра меңгерушісі т.ғ.д. Салахитдинов А.Т.), Тәжік техникалық университеті, Пенза аймақтық инновациялық зерттеулер орталығының ҚМжКӨ кафедрасы, «Manual» американдық компаниясы.

Факультет ҚазБСҚА спорт өміріне белсенді қатысады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ЖОО ардагерлері арасында волейболдан жарыстар, шахмат турнирлері, ПОҚ арасында спартакиада өткізіледі. ЖҚФ ассоц.профессоры Оспанов С.О. академия басшылығының және ҚазБСҚА Спортклубының қолдауымен студенттік жатақханаларда студенттер арасында шахматтан, гирлік спорттан конкурстар мен жарыстар ұйымдастырады және өткізеді.

Факультет академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Жаңа 2010 жылды қарсы алғанда факультет ұжымы кешті ұйымдастыруға жауапты болып, академияның барлық ұжымының көңілінен шыққан сахналандырылған көрініс өткізді. Кешті өткізу кезіндегі көрсетілген бастама және белсенділік үшін ЖҚФ профессорлық-оқытушылар құрамын ХБК Президенті марапаттады.

Факультет ұжымы өзінің «отбасылық» мерекелерін жұмыла өткізеді, мерейтой иелерін және мерейгерлерді құттықтайды. Ұжым мүшелері арасындағы өзара құрметтеу және қолдау факультетте татулық пен іскер жағдай тудырады. Жалпы құрылыс факультетінің ұжымы мектеп түлектерін жыл бойы үнемі өткізіліп отыратын Ашық есіктер күніне шақырады. Бұл күндері Академия төрінде Сіздерді үздік оқытушылар қарсы алып, Құрылысшы кәсібі туралы айтып береді және барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Біздің факультетте оқу перспективалары туралы біздің оқытушылардан электрондық поштаға хат жіберу арқылы біле аласыз.

 
 

 

«Арманидан бешпет» атты КТК  командасының қойылымы, ҚазБСҚА құрамасы (ОКЛ)


Студенттікке қабылдау


«Miss КазГАСА»сұлулық байқауы


Наурыз, 2015г.


Велопробег, 2015г.