ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Жалпы құрылыс Факультеті  → Әдістемелік жұмысы

ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ

Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаттары: оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру, оны қарқындату, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау тиімділігін арттыру. Әдістемелік жұмысты факультеттің Әдістемелік Кеңесі басқарады және бағыт береді, оған биылғы оқу жылынан бастап техника ғылымдарының магистрі Сагындыккызы Динара басшылық етеді.

Сагындыккызы Динара

Тәжірибені алмасу және жас оқытушыларға көмек көрсету мақсатында ЖҚФ оқытушыларының сабақтарына өзара қатысу мәселелерін, мастер-класстардың өткізілуін факультеттің Әдістемелік Кеңесінде техника ғылымдарының магистры  Калпенова Зауре Декеновна  жетекшілік етеді.

Калпенова Зауре Декеновна

Факультеттің әдістемелік кеңесінің функциялары және ПОҚ өткізетін жұмыстар:

• факультеттің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және жалпылау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу ұсынымдарын әзірлеу, сабақтардың барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру, компьютерлік техниканы және оқытудың басқа техникалық құралдарын қолдану, олардың тиімділігін талдау;
• жас оқытушыларға оқыту әдістемесін және сабақтың уақытын үлестіруді оқыту мақсатында оқытушылардың дәрістік және тәжірибелік сабақтарына өзара қатысуды ұйымдастыру;
• оқытушылар әзірлеген оқу құралдарын және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысын жетілдіру материалдарын, белсенді-тарату материалдарын шығару бойынша ұсынымдар, сабақтар түрлері бойынша видеопрезентацияларды талқылау;
• оқу бағдарламасын, белсенді таратылатын материалдарды, әдебиетпен әдістемелік қамту картасын дайындау және бекітуді бақылау және факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамының педагогикалық қызметінің басқа әдістемелік мәселелері;
• Академияның Әдістемелік Кеңесімен байланыс.

Факультет ұжымы зор ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді:

• факультеттің жетекші оқытушылары ҚР БжҒМ ОӘС (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің оқу-әдістемелік секциясы) жұмысына қатысады, 2004 және 2006 жылдары құрылыс мамандықтары бойынша даярлайтын барлық жоғары оқу орындарына міндетті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының авторлары болып табылады. ОӘК жұмысына қатыса отырып, факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының басқа тектес жоғары оқу орындарында баспаға дайындалған оқу-әдістемелік әдебиетке рецензиялар мен пікірлер береді. Сонымен қатар факультетте «Құрылыс» мамандығының пәндері бойынша типтік және жұмыс бағдарламалары әзірленеді;
• факультет оқытушылары ҚР Білім және ғылым Министрлігімен ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары болып табылады:
• тәжірибелерді, курстық және дипломдық жобалауды әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысады;
• емтихандар, аралық рейтингілер, және де Білім және ғылым Министрлігі өткізетін жоғары оқу орындарын аттестациясы үшін құрылыс мамандықтарының барлық пәндері бойынша тестілік сұрақтар мен тапсырмалар әзірлейді;
• әрбір пән бойынша жаңа қазіргі заманғы технологиялар саласындағы ғылыми-әдістемелік әдебиетті ескеріп, әдістемелік қамтамасыздық картасын әзірлейді;
• оқу және әдістемелік әдебиетті рецензиялауға, түлектер жәрмеңкесін өткізуге, халықаралық талаптар деңгейінде инновациялық оқу бағдарламаларын құруға, тапсырыс берушілер кеңесін және ҚазБСҚА жанындағы сараптау комиссиясын (ХБК) тартып, тәжірибелердің барлық түрлерін өткізу орындарын іздеуге қатысады.
• 1960 жылдан бастап ғылыми әдістемелік жұмыс бойынша дәріс оқыған және факультетпен қызмет істеген келесі отандық және шетел ұстаздары мен ғалымдары: т.ғ.д., проф. Гвоздев А. А.; т.ғ.д., проф. Крылов С. М.; т.ғ.д., проф. Барашиков А. Я.; т.ғ.д., проф. Байков В. Н; т.ғ.д., проф. Попов Н. Н.; т.ғ.д., проф. Корф М.; т.ғ.д., проф. Данилов Н. Н.; т.ғ.д., проф. Зубков В. И.; т.ғ.д., проф. Менейлюк В. И.; т.ғ.д., проф. Жунусов Т. Ж.; т.ғ.д., проф. Волков Д. П.; Абаканов Т.Д., Беспаев А.А., Байнатов Ж.Б. және басқалары.

Әртүрлі уақытта факультет оқытушылары озық ғалымдармен тығыз ғылыми байланыс жасады: Демин В. Т. — ф-м.ғ.д., МГУ теориялық механика кафедрасының профессоры; Леонтьев Н. Н. — т. ғ.д., профессор, МИҚИ құрылыс механикасы кафедра меңгерушісі, МИҚИ профессорлары— т.ғ.д. Коренев Б. Г., т.ғ.д. Клейн Т. К., т.ғ.д., проф. Розин Л. А. – МнПТИ құрылыс механикасы кафедра меңгерушісі, ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі, ф.-м.ғ.д. профессор Сапа В. А. — ҚазМУ теориялық механика кафедра меңгерушісі.
ЖҚФ қызметкерлерінің басқа ғылыми-зерттеу және жоғары оқу орындарымен халықаралық горизонтал байланыстары бар. Мысалы, акад. проф. Байтурсунов Д. М. ғылыми бағытта Пенза Мемлекеттік Инженерлік-Құрылыс Университетінің Сәулет кафедрасының профессоры Круглов Ю. П және «ҚК» кафедра меңгерушісі Бондаренко Е. И.; Мәскеу Мемлекеттік Инженерлік-Құрылыс Университетінің «ҚК» кафедра меңгерушісі Кудишин Ю. Н. және басқаларымен жұмыс істейді.

Оқу бағдарламалар

Бакалавриат мамандығы  5В072900 - «Құрылыс»

Бакалавриат мамандығы  5В075200 - «Инженерлік жүйелер және желілер»

Магистратура  мамандығы  5М072900 - «Құрылыс»

Докtорантура PhD мамандығы  6D072900 - «Құрылыс»