ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Жалпы құрылыс Факультеті  → Аудиториядан тыс жұмыс

ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ЖҰМЫСЫ

Жалпы құрылыс факультеті өзінің түлектерін мақтан тұтады, олардың көбі қазіргі кезде әрі мемлекеттік қызметте, әрі мемлекеттік емес құрылымдарда жоғары лауазымдарға ие, ірі құрылыс компанияларының, жоба институттарының және ҒЗИ жетекшілері, Республикада және одан тыс елдерде танымал ғалымдар болып табылады. Олардың ішінде – «Сары-Арқа» АҚ президенті Кулибаев А. А., компаниялар президенттері (бас директорлары): Белович А. Я. («Базис» Корпорациясы), К. Т. Қалмурзин («Алматыстройинвест» ҚИФ), Бектемисов М. И. («Алматыпромстрой» ЖШС), Керейбаев С. Б. («Алматыкультбытстрой»), Баталов Р. А. («Райымбек»); Татыгулов А. Ш. («КазГОР» ЖА), Ашимбаев М.У. (ҚазҚСҒЗИ) және басқалары. Студенттердің оқу тәжірибесі кәсіпорындарда және ҚазБСҚА СҚО құрамында өтеді. Жоғарғы курс студенттері өндірістік тәжірибені «Алматықұрылыс», «Алматыгорстрой», «Базис-А», «Элитстрой», «KUAT» Корпорациясы, «Казстройсервис» АҚ, «Woolim Costruction» Оңтүстік Корея құрылыс компаниясының Алматы филиалы, АО «Біріктірілген құрылыс корпорациясы», «Алматыкультбытстрой», «Век», «Элеватормельстрой», «КазГОР», ҚазҚСҒЗИ, «Алматыгипрогор», «Серт» АҚ, «Имсталькон» АҚ және басқалары сияқты ірі құрылыс компанияларда, жоба институттарында және ғылыми-зерттеу институттарында өтеді. Экономикадағы әлемдік дағдарыс құрылыс саласына да әсер етті. Сондықтан қазіргі кезде көптеген құрылыс ұйымдардың белсенді қызметтері тоқтатылғандықтан, өндірістік тәжірибені құрылыс алаңдарында өткізу қиындап кетті. Бірақ бұл қиындық уақытша және жақын арада шешілетін болады. Факультетте жобалау-құрастыру жұмыстарын орындау потенциалы бар студенттік жобалау-құрастыру бюросы, сейсмикалық тұрақты құрылыстың салалық ғылыми-зерттеу зертханасы бар.

Факультет мұражай және СҚМТҚ (сәулет-құрылыс мамандықтарының түлектер қауымдастықтары) мұрағатының қорын толтыруға, бұрынғы түлектерді іздеуге және академияның олармен байланысын орнатуға белсенді қатысады.  


ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЖАҢАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН НАҚТЫ ҚАДАМДАР

 

  Жалпы құрлыс факультетіндегі «Ашық есік аптасы»

Алматы қ. №145 орта мектеп оқушыларымен кездесу. Кездесуді 18.01.2017 г.  ХББК/ҚазБСҚА-ның академиялық профессоры Мауленов Ж.К. және докторант Ходжагали И. жургізіде.

Алматы қ. , Алғабас ықшам ауданының №185 орта мектеп оқушыларымен кездесу. Кездесуді 19.01.2017 г.  ХББК/ҚазБСҚА-ның профессор асситенті  Касымова Г.Т. және  Ажгалиева Б.А. жүргізуде.

Алматы қ. №103 орта мектеп оқушыларымен кездесу. Кездесуді 17.01.2017 г.  ХББК/ҚазБСҚА-дағы ЖҚФ зертхана меңгерушісі  Еменов Ю.М. жургізіде.

 

 

ХББК/ҚазБСҚА 4 қарашада

С.С. Қарпықовтың 80 жылдық мерей тойын атап өтті

С.С. Қарпықов ҚазБСҚА президентінің ҒӘМ бойынша кеңесшісі, ЖҚФ құрметті профессоры, ғалым, ұстаз, тәлімгер.

Қазақстан республикасының БжҒМ жоғарғы және жоғарғы орныннан кейінгі білім департаментінің директор орынбасары Г.Б. Мұқтарова және  С.С. Қарпықов.

Қазақстанның білім бері жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандарды дайындаудағы инновациялық еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы алтын медальмен мараппатталды.

Достары мен қызметтестерінің алғыстары мен мараппаттаулары.

ХББК/ҚазБСҚА жалпы құрлыс факультет қызметкерлері арасында.

 

 

          Жалпы қалалық сенбілік 22.10.2016

22 қазанда ХББК/ҚазБСҚА, ЖҚФ студенттері СБ ж СМ бойынша проректоры В.В. Гуменюк және оқытушылар басқарумен жалпы қалалық сенбілікте белсенді түрде қатысты.