ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Президенттің өмірбаяны

Кусаинов Амирлан Айдарбекович 1957 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласында ғалымдар отбасында дүниеге келді. 1979 жылы МИҚИ ӨАҚ факультетін (Мәскеу) үздік бітірді. Инженер-құрылысшы. 1983 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады, ал 1994 жылы ҚҚОҒЗИ-да техникалық ғылымдар саласында докторлық диссертация қорғады.

Еңбек қызметі 1983 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында (АСҚИ) аға ғылым қызметкері, «Құрылыс механикасы» кафедра ассистенті ретінде басталды, ал кейін осы кафедраның доценті болды. 1994 жылдан бастап кафедра меңгерушісі, 1997 жылдан бастап проректор, 2000 жылдан бастап Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ректоры, ал 2002 жылдан бастап Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) президенті. ҚазБСҚА-да көпдеңгейлі білім беру жүйесі енгізілді: лицей – профмектеп – колледж – бакалавриат – магистратура – үздіксіз білім алу институты. ҚазБСҚА – республикамызда кредиттік жүйені енгізген алғашқы жоғары оқу орны. Озық өнеркәсіптерде факультеттердің филиалы ашылды. ISO 9000:2001 сапа менеджменті сертификаты алынды. 2007 жылы ҚазБСҚА «Сәулет» мамандығы ЮНЕСКО-СХО аккредитация кеңесімен Барселона қаласында аккредиттелді.

1987-88 жылдары Беркли қаласындағы Калифорния Университетінде (АҚШ) ғылыми машықтанудан өтті. 1991 жылы Киото Университетінде (Жапония) ғылыми машықтанудан өтті, ал 1992 жылы ғылыми Дзилинь университетінде (Қытай) машықтанудан өтті.

1995-97 жылдары Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінде Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді, ол жерде білім берудің барлық мәселелеріне жетекшілік етті. Республиканың білім беру саласында 43 заңнама-нормативтік құжаты шығарылды. Қазақстандағы жоғары білімді реформалаудың жаңа бағыттарының авторласы: ЖОО ірілендіру, кредиттік оқыту жүйесі, ЖОО кредиттік қаржыландырудың жаңа механизмі, Еуразиялық университет тқжырымдамасы, американдық және еуропалық білім беру бағдарламаларын Қазақстанға енгізу.

1994-98 жылдары – ЮНЕСКО сарапшысы, Еуропалық білім беру Қорындағы қосымша топтың жетекшісі. Халықаралық білім беру жүйесін зерттеу мақсатында 1987 жылдан бері ТМД елдерін есепке алмағанда, әлемнің 16 еліндегі 40 университетте болды (АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия, Бельгия, Турция, Жапония, Қытай, БАЭ және т.б.).

1997 жылдан бастап АҚШ және Еуропаның 10 Университетімен оқуды жалғастыру (Артикуляция) туралы тікелей келісімшарттары бар Қазақ-Американ Университетінің (ҚАУ) ортақ құрылтайшысы және Президенті. ҚАУ – көпдеңгейлі білім беру кешені (балабақша – мектеп - колледж - бакалавриат - магистратура), Американ колледждері мен университеттерінің қауымдастығына кірген кеңес одағы кеңістігіндегі тұңғыш университет. ҚАУ жанындағы мектеп – ЮНЕСКО мектептерінің ассоциативті мүшесі.

«Сәулет», «Құрылыс механикасы» және «Құрысы құрылымдары» мамандықтары бойынша докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы.

130-дан астам ғылыми-әдістемелік және қоғамдық-саяси жарияланымдардың, оның ішінде монографиялар мен оқулықтардың авторы.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Американ инженерлер-құрылысшылар қоғамының толық мүшесі, Халықаралық және Ұлттық инженерлік академиялардың, Халықаралық жоғары мектеп академиясының (ХЖ МА), Қазақстанның жоғары мектеп ғылымдары академиясының (ҚЖМ ҒА) академигі, Халықаралық топырақтар, табандар және іргетастар механикасы қауымдастығының толық мүшесі, Сәулет және құрылыс ғылымдарының Ресей академиясының (СҚҒРА) шетел академигі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығына орай мерейтойлық медалімен марапатталды, «Қазақстан темір жолдарының 100-жылдығына орай» мерейтойлық медалімен марапатталды, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағына ие болды, Қазақстан сәулетшілері одағының алтын медалімен марапатталды, «ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясына 15 жыл» омырау белгісімен марапатталды, республиканың құрылыс саласы үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесі және жаңа буын оқулықтары мен оқу құралдарын жазғаны үшін А.Байтұрсынов атындағы медалмен марапаттарды, ҚР сәулет-құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қырғыз Республикасының сәулетшілер Одағының алтын медалімен марапатталды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерді.