ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

шілде

20

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Оқу залдары

Оқу залдары

  Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету екі абонементте және алты оқу залында ұйымдастырылған.

 Кітахананың 1 қабатында орналасқан:

• оқу әдебиетінің абонементі, тізімдемелер залы (каб. № 129) – оқырмандарды кітапханаға тіркеу жүргізіледі, барлық студенттеріне, колледж оқушыларына, магистранттарға, ПОҚ, қызметкерлерге қызмет көрсетіледі. Қорда оқу материалдары, ҚНжЕ, БНжЕ келтірілген, пәндердің кітаптармен қамтамасыз етілу картотекасы бар. Әдебиет бір семестрге беріледі. Күзгі семестр аяқталған соң, оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімдерін ұзартуға міндетті. Көктемгі семестр аяқталған соң (1 шілдеге дейін) – қолдарындағы бар әдебиетті тапсыруға міндетті. Данасы аз әдебиеттер қысқа мерзімге беріледі. Қызметтер түрлері – жеке қызмет көрсету, топтық қызмет көрсету (семестрге оқулықтар жинағын беру).

• № 5 оқу залы – каб. № 129 – жоғарғы курс студенттеріне, магистранттарға арналған оқу залы. Залда сәулет, құрылыс, экология бойынша әдебиеттер, анықтамалық және мерзімдік басылымдар келтірілген. Қызметтер түрлері – жеке қызмет көрсету. Оқу залында чип-карточкалардың көмегімен көшірме жасауға және басып шығаруға мүмкіндік беретін «Bizhub-250» көп атқарымдық аппарат орнатылған. Студенттер бұол аппаратпен өздігінен пайдалана алады.

Кітапхананың 2 қабатында орналасқан:

• кітапхананың көрме залы – каб. № 237 – жаңа түсімдер көрмелері, «Дипломшы күндері», «Факультеттер күндері», «Бірінші курс студенттерінің күндері» өткізіледі, ПОҚ еңбектері, кең тақырыптық көрмелер экспонатталады.

• ақпараттық орталық және электрондық оқу залы № 4 – каб. № 240 – оқырмандарға 9 дербес компьютер орнатылған зал ұсынылады, компьютерлерде графикалық жұмыстар орындау үшін Auto CAD-14, Auto CAD-2000, Corel Draw бағдарламалары қойылған. Осында әдебиетті кітапхананың электрондық каталогы бойынша іздеуге болады. Залда жоғары мектеп мәселелері бойынша әдебиеттер бар, ағылшын тілінде көркем әдебиеттер бар – «Аяқталатын кезең кітапханасы» керемет топтаманың 250 томы, 22 томдық Британ энциклопедиясы және 30 томдық Американдық энциклопедия. «ҚазБСҚА ПОҚ еңбектері» үнемі әрекет ететін көрме экспонатталады.

• каталогтар залы (каб. № 241) — кітапхана барлық қорына дәстүрлі кітапханалық тізімдемелер орнатылған. Олардың көмегімен қажетті әдебиетті іздеуге және оған тапсырыс беруге болады.

• электрондық-мультимедиялық оқу залы № 3 – каб. № 243 – оқырмандар үшін залда 30 дербес компьютер орнатылды, «Заң» және «Заңгер» элктрондық базалары, сканер, принтер бар. Дербес компьютерлер оқырмандарға оқу үдерісі бойынша мәтіндер басу үшін (титулдық беттер, рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар және т.б.) тегін ұсынылады. Компьютерде жұмыс істеу уақыты шектеулі – бір сағаттан екі сағатқа дейін. Қызметтер түрлері – мәтіндерді, сызбаларды басып шығару, материалды сканерден өткізу ақылы түрде белгіленген тарифтермен жүргізіледі. Осында әдебиетті кітапхананың электрондық каталогы бойынша іздеуге болады.

• әдебиетті жинақтау және өңдеу бөлімі – каб. № 244 – кітапхана қорының жоғары оқу орынның оқу үдерісі, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі үшін қалыптасуын қамтамасыз етеді. Факультеттердің тапсырысы бойынша жаңа басылымдарға тапсырыс рәсімделеді, мерзімді басылымдарға жазулы жүргізіледі. Бөлім жаңа түсімдердің жүйеленуін, тізімделуін және техникалық өңделуін қамтамасыз етеді, негізгі оқырмандық, қызметтік және электрондық каталогтарды жүргізеді. Қызметтер түрлері – диссертацияларға, ПОҚ және студенттердің есептері мен мақалаларына ӘОЖ және КБЖ индекстерін қою.

Кітапхананың 3 қабатында орналасқан:

• № 1 оқу залы және № 2 "Қысқы бақ" оқу залы — каб. № 343 – оқу залдар кіші курс студенттеріне арналған. Залда әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша әдебиеттер және құқықтық (тарих, философия, саясаттану, социология, психология, мәдениеттану, этика, эстетика, дінтану, құқық негіздері, шаруашылық қызметтің заңнама негіздері) әдебиет, жалпы жаратылыстану-ғылыми даярлық әдебиеті (математика, физика, химия), тілдер бойынша әдебиет (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), экономикалық пәндер бойынша әдебиет, анықтамалық және мерзімдік басылымдар бар. Залда 20 күн мерзімге берілетін 1–2 данада берілетін көркем әдебиет бар.

 № 2 оқу залы экзотикалық өсімдіктері бар «Қысқа бақ» болып табылады.

Кітапхананың астыңғы қабатында орналасқан:

ғылыми әдебиет абонементі – абонементте барлық курс студенттеріне, колледж оқушыларына, магистранттарға, ПОҚ, қызметкерлерге қызмет көрсетіледі. Қорда оқу үдерісіне және ғылыми жұмысқа көмек көрсететін ғылыми кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, экнциклопедиялар, жан-жақты танымдық әдебиет, колледж оқушылары үшін оқу әдебиеті, сырттай оқу түрінің студенттері үшін оқу-әдістемелік әдебиет бар. Әдебиет бір бағыт бойынша 2–3 дана көлемінде, 20 күнге беріледі. Дана саны жеткілікті болған жағдайда кейбір кітаптар бір семестрге беріле алады. Данасы аз әдебиет қысқа мерзімге беріледі. Күзгі семестр аяқталған соң, оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімдерін ұзартуға міндетті. Көктемгі семестр аяқталған соң (1 шілдеге дейін) – қолдарындағы бар әдебиетті тапсыруға міндетті. Қызметтер түрлері – жеке қызмет көрсету.

• оқу залы № 6 – ғылыми әдебиет абонементінің жанындағы оқу залы, әдебиетке ашық қатынау қарастырылған.

• колледж оқушылар үшін абонемент – ғылыми әдебиет абонементінің жанында, мұнда колледж оқушылары оқу әдебиетін ала алады. Күзгі семестр аяқталған соң, оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімдерін ұзартуға міндетті. Көктемгі семестр аяқталған соң (1 шілдеге дейін) – қолдарындағы бар әдебиетті тапсыруға міндетті. Қызметтер түрлері – жеке қызмет көрсету, топтық қызмет көрсету (семестрге оқулықтар жинағын беру).