Оқу-әдістемелік бірлестігі
2018 жылдың 27 сәуірінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы) негізінде ҚР БжҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің сәулеттік-құрылыс және дизайнерлік бағыттағы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің көшпелі мәжілісі өткізіледі.
ОӘБ мәжілісінде «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс», «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» және «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы» мамандықтары бойынша ҚР-ның 25 ЖОО-нан 2000 астам білім алушы қатысқан 3 курс студенттері қатысқан Интернет-емтихан қорытындысы жарияланады.
Мәжілісте сондай-ақ келесі сұрақтарды қарастыру жоспарлануда:
1. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы және заманауи білім беру технологияларын ендірудегі инновациялар;
2. ҚР-ның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының жаңа талаптары тұрғысындағы жаңа білім беру бағдарламалары;
3. Білім сапасын арттыру құралы ретінде, ОӘБ мүшелері – ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы арасындағы академиялық алмасуды дамыту;
4. Кезекті бітіру жұмыстарының Республикалық байқау-конкурсына және Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің VIII-Халықаралық фестиваліне дайындық туралы;
5. ОӘБ-ің мерейтойын атап өтуге дайындық туралы (КСРО-да 30-жыл – 1988-2018 жж, ҚР-да 25 жыл – 1993-2018 жж).
6. Әр түрлі мәселелер.
ОӘБ мәжілісіне қатысушыларды тіркеу 27 сәуір 2018 ж. Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ Сенат залының фойесінде жүргізіледі
Мекен жайы: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, 29
Тіркеу уақыты сағ. 9.00-09.50