ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

шілде

26

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы Алматы сәулет-құрылыс институты ашылған 1980 жылдан бастап, Қазақ политехникалық институты мен Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институты кітапханаларының қорларының қосылуы негізінде 128 мың дана қормен басталады және жоғары оқу орнының қалыптасу мен даму тарихымен үздіксіз байланысты.

Қазіргі кезде кітапхана ең ірі оқу-тәрбие және мәдени-ағарту бөлімше болып табылады.

Кітапхананың негізгі мақсаттары: білім беру қызметтері нарығында жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне себептесу, білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістерін кітапханалық-ақпараттық қолдау, кітапхана қорын және жоғары оқу орнының ғылыми мұрасын кейінгі ұрпаққа сақтап қалу, кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық мәдениетін арттыру.

Кітапхананың бай әмбебап қорында 422000-нан астам бірлік бар, оның ішінде 36 мыңнан астамы – мемлекеттік тілде. Бұл кітаптар, диссертациялар, авторефераттар, CD-тасығыштар, аудио-видеокассеталар, мерзімдік басылымдар. Кітапхананың сәулет және құрылыс саласында зор ақпараттық әлеуеті бар. Тіптен сирек кездесетін басылымдар бар. Әрдайым жоғары оқу орынның барлық мамандықтары бойынша қор жоспарлы түрде толықтырылып отырады. Кітапхана қорына жыл сайын мерзімдік басылымдар қосылып отырады – 30-ға дейін газеттер жинағы мен 100-ден астам журналдар. Кітапхана қоры жоғары оқу орынның профилі бойынша мамандарды даярлау талаптарына сәйкес келеді.

«КАБИС» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйені енгізу кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді. Кітапхана оқырмандарына кітап туралы қажетті ақпаратты жылдам табуға, тақырып бойынша әдебиет іріктеп алуға мүмкіндік беретін электрондық тізімдеме мен электрондық картотека жасалды. Кітапханада «Заң» және «Заңгер» анықтамалық-іздеу жүйелері, нормативтік құжаттардың электрондық ақпараттық-анықтамалық базасы (ҚНжЕ және т.б.) бар. Электрондық және мультимедиялық залдардағы компьютерлерде сызбалар (AutoCAD және басқа) жасайтын бағдарламалар орнатылған. Оқырмандарға 30 компьютерден Интернетке тегін қатынау ұсынылған, сервистік қызметтер көрсетіледі. Мультимедиялық залдың қорында электрондық тасығыштарда жұмыс оқу жоспарларының оқу пәндерінің бағдарламаларында міндетті болып табылатын оқулықтардың, оқу құралдарының мәтіндері, сонымен қатар диалогтық режимде білімдерді меңгеруге арналған оқыту бағдарламалық құралдары және электрондық оқулықтар келтірілген.

Автоматтандырудың жоғары деңгейі, әрдайым өсетін компьютерлік қуаттылық және Интернет технологиялардың дамуы кітапханаға электрондық қорларды, оның ішінде өзіндік электрондық кітапханаларды жасау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мүмкіндік берді. Электрондық кітапхана 2009 жылдан бастап жасалып келеді, ал 2010 жылдан бастап электрондық тізімдеменің өзіне толық мәтінді материалдар енгізуге мүмкіндік ашылды.

Кітапхана 2440 ш.м. ауданды қамтиды. Бұл қазіргі заманға лайық жиһазбен және қажетті техникамен жабдықталған, қайта құрылған және жөнделген бөлмелер.

Оқырмандарға қызмет көрсету екі абонементе және алты оқу залында ұйымдастырылған, оқу залдарының біреуі экзотикалық өсімдіктері бар «Қысқы бақ» болып табылады. «Қысқы бақ» оқу залы ҚазБСҚА әлеуетті даму Концепциясын жүзеге асыру аясында студенттік құрылыс жасағымен (СҚЖ-2004) салынып, Сәулет және Дизайн факультеттерінің студенттерімен безендірілді. 2005 жылдың аяғында әдебиетке ашық қатынау қарастырылған оқу залы пайдалануға берілді.

Қызмет көрсетудің түрлі формалары жүйесінде анықтамалық-библиографиялық және ақараттық жұмыстың мәні ерекше. Анықтамалық-библиографиялық жұмысты кітапхана бірнеше бағыттарда жүргізеді. Библиографиялық карточкалар мен библиографиялық көрсеткіштерді жасау, библиографиялық анықтамалар беру, ақпараттық жұмыс, кітапханалық- библиографиялық білімдерді үгіттеу.

Өзінің қорларымен толығырақ таныстыру мақсатында кітапхана «Ақпарат күні», «Кафедралар күні», «Дипломшы күні», «Бірінші курс студенттерінің апталығы», әдебиетті тақырыптық шолу, әдебиет көрмелері сияқты шаралар өткізеді.

Құрылған күннен бастап 2006 жылдың мамыр айына дейін кітапхананы Айкынбаева Бакен Булантаевна басқарды. Оның жетекшілігімен кітапхана қалыптасып, оқу, ғылыми және көркемсурет қорлары жинақталып, қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жабдықпен толтыру жүргізілді.

Кітапхана ұжымы қаланың кітапханалық қоғамында беделге ие, академия студенттерінің кәсіби және рухани білім алу ісіне пайдасын тигізеді.

Кітапхана Қазақстан Республикасының Кітапханалар Қауымдастығының мүшесі, ЖОО кітапханаларының Кітапханалар Қауымдастығының мүшесі болып табылады, халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар, жиындардың жұмысына қатысады.

Академия кітапханасы Internet желісінде келтірілген, өзінің электрондық адресі бар: kazgasabib-ka @ mail.ru.

Кітапхана білімдердің, рухани және интеллектуалды қарым-қатынастың, мәдениеттің орталығы болып табылады. Кітапхана жұмысы білім алушылардың жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру міндетін шешуге, білікті және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауға бағытталған.

Кітапхана есіктері өздерінің оқырмандарына үнемі ашық!