ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

Факультет тарихы

 Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті (ЖГДФ) 2005 жылы шет тілі, қазақ және орыс тілдері кафедрасын, әлеуметтік ғылымдар кафедрасын біріктірген  жалпы дайындық факультеті (2000-2005 жж.) базасында 2005 ж. 3 мамырдағы «Академияның құрылымдық оқу бөлімшелерін қайта құрылымдау туралы» № 25 бұйрығы негізінде құрылды. ЖДФ-де А.К. Абишев (2000-2004 жж.), К.Б. Нұғмановтар (2004-2005 жж.) декандық қызмет атқарды.

ЖГДФ-ның бірінші деканы ассоц. профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Б. Әділбаева (2005-2007 жж.) болды. 2007-2016 жылдар аралығында – педагогика ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор  Н.С. Шынтаева.  2016-2017 жж. – тарих ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор А.Қ. Жұмаділ. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін ЖГДФ деканы – философия ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор                    Р.Х. Кабилова.

Факультет миссиясы – ҚазБСҚА болашақ мамандарының жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін гуманитарлық және әлеуметтік білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Жалпы гуманитарлық дайындық факультетін құрудағы мақсат – әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді жүйелі үйлестіру, біріздендіру және жалпы кәсіптік, арнайы пәндермен және жоғары оқу орнына дейінгі даярлықпен өзара тығыз байланыс орнату.  

Мол тәжірибесі бар оқытушылар белсенді әдістемелік және ғылыми қызметті жүзеге асырады. Секциялар бойынша факультеттің ішінде ай сайын әлеуметтік-гуманитарлық циклдер пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін талқылау бойынша әдістемелік семинарлар өткізіледі. 

Факультет дәстүрінің бірі – ұжымның оқу-тәрбие үдерісі мәселелерін шешудегі, жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияларды, мектеп түлектеріне арналған Қазақстан тарихы, қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша Олимпиадаларды өткізудегі ынтымақтаста жұмыс істеуі.

Факультет базасында British Council халықаралық ұйыммен бірлесіп біліктілігін арттыру бойынша семинарлар, сондай-ақ ағылшын тілі ПОҚ ҚМЭБИ, Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰИТУ, «Тұран» университеті, ҚазМемҚызПУ-дағы әріптестердің қатысуымен жоғары оқу орныаралық әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады.

Гуманитарлық білім беру орталығы ретінде факультет талапкерлерге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген әрі Қазақстандағы және шетелдегі білім беру жүйесінің жаңа даму үрдістері ескерілген оқытудың заманауи білім беру бағдарламаларын үлкен ықыласпен ұсынады.